Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас әдісі:
Құрамалау әдіске ауызша талдау, жазбаша бақылау кіреді (билеттер берілген), сонымен қатар шағын топтарда жұмыс жасау, жаттығуларды, жағдайлық есептерді орындауын тексеру кіреді.
Оқыту құралдары: Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж. – 110-132 бет; тест сұрақтары; жазбаша бақылаудың билеттері; тақырып бойынша дәріс.
-
Сабақты ұйымдастыру – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, конспектер тексеріледі. Үйге берілген жаттығулар мен жағдайлық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар айқындалады. Үйге тапсырма беріледі: «Күрделі белоктар алмасуы». Студенттерге ескерту керек: келесі сабақ үш тілдік талдау компонетімен жүргізіледі!!!
Үй тапсырмасын өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Гемоглобин - құрылысы мен маңызы.
-
Гемнің синтезі туралы түсінік (басқа тілде дайындалып келу керек – топтың оқу тілі бойынша байланысты ағылшын, қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі, тілдердің біреуінде жеке тақырып бойынша глоссарий және осы сұрағының жауабының электронды нұсқасын тапсыру).
-
Гемоглобиннің ыдырауы, реакциялардың реті.
-
Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.
-
Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.
-
Нуклеопротеиндердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеиндердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра туралы түсінік.
-
Блиц-сауалнама – тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шақырып, сұрақты ішенен оқуға ұсынады, студент бірден жауап беруге керек.
-
Ауызша талдау.
Ауызша талдауға арналған сұрақтар:
-
Жасушадағы амин қышқылдарының түзілу мен пайдалану жолдары (схема арқылы көрсету).
-
Амин қышқылдарды залалсыздану үрдістерге пайдалану – гиппур қышқылының түзілуі.
-
Креатин синтезі, оны бұлшық ет тінінде пайдалануы, креатининнің түзілуі (екі студентті тақтаға шығаруға болады).
-
Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, мысалдар келтіру, реакция өнімдерінің маңызы.
-
Аммиактың түзілу және залалсыздандыру жолдары – схема арқылы көрсету.
-
Амин қышқылдарының дезаминденуі – түрлері, реакциялар (екі студентті тақтаға шығаруға болады).
-
Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының өзгерістері.
-
Амидтену және дезамидтену, маңызы, жүретін жері.
-
Мочевина синтезі, реакциялар, жүретін жері (екі студентті тақтаға шығаруға болады).
-
Тотықсыздана аминдену – схема арқылы көрсету.
-
Аммонийгенез, маңызы.
-
Жай белоктардың соңғы өнімдері және олардың бөлінуі.
Бірінші сұрақты талдағанда келесі сызбанұсқа құрастырылады «Анаболикалық реакцияларда амин қышқылдарды пайдалану».
Сонымен қатар, келесі сызбанұсқа құрастыруға ұсынылады «Амин қышқылдарының ыдырау жолдары».
-
Шағын топтарда жұмыс жасау – топ екі топшаға бөлінеді (5 адамнан), әр топшаға 1-2 бірдей жағдайлық есептер беріледі. команданың әр студентіне жағдайлық есепті шешуге (2-3 мин), содан соң нәтижені топша ішінде талдау үшін және қорытынды шешуін жазу үшін (5 мин) уақыт беріледі. Оқытушы әр команданың қорытынды шешуін тексеріп, барлық студенттермен бірге ұсынылған есептерді талдайды.
-
Жазбаша бақылау.
-
Қорытынды жасау – жазбаша бақылаудар тексеріліп, сабаққа баға қойылады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |