Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. –136-156 б.
2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. –265-278 б.
3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Жаттығулар:
Бос май қышқылдарының синтезіндегі бірінші реакцияны реттеуші фермент ацетил-КоА-карбоксилаза катализдейді. Бұл реакцияға қандай кофермент қатысады? Оның формуласын жазыңыз.
2. Пальмитин қышқылының синтезінің қорытынды теңдеуін жазыңыз және цикл санын санаңыз.
3. Пальмитин қышқылының синтезіне қанша моль АТФ жұмсалады? АТФ жұмсалатын реакцияны жазыңыз.
4.Диоксиацетонфосфат тотықсызданатын реакцияны жазыңыз.Бұл реакция өнімі бауыр мен май тіндерінде қалай жұмсалады?
5.ТАГ алмасуының соңғы өнімдері түзілетін үрдістерді атаңыз.
6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінде түзілетін ортақ аралық өнімді атаңыз.
7. Холестерин синтезінің жылдамдығын реттейтін реакцияны жазыңыз. Коферментті, ферментті және оның класын көрсетіңіз.
8. Бауырда 7α-гидроксилаза белсенділігі тежелсе липидтер алмасуында қандай үрдіс бұзылады?
9. 1 молекула холестерин синтезіне қанша АСҚ, АТФ, НАДФН2 керек екенін санаңыз?
10. Кетон денесі тотыққанда 27 молекула АТФ түзілді. Қандай кетон денесі тотықты?
11. Ацетоацетат белсенетін реакцияны жазыңыз.Бұл фермент бауырда жоқ, сондықтан бауыр кетон денесін энергия ретінде пайдаланбайды.
12. Пальмитин қышқылының синтезінің қорытынды теңдеуінжазыңыз және оның синтезіне қанша цикл керек екенін есептеңіз.
13. -липопротеидтер / α -липопротеидтер арақатынасы 3 тен көп. Бұл неге әкелуі мүмкін?
14. Қанда кетон денелерінің мөлшері артқан. Осындай күй қалай аталады? Қандай себептер осыған әкелу мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |