5 ӨСӨЖ
-
Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмі. Ферменттердің активтілігінің реттелуі. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілетін орны және жеке өкілдерінің катализдік әсері.
-
Мақсаты:
-
Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар, ферменттердің жіктелуінің тәртібі, гидролазалардың өкілдері туралы алған білімдерді бекіту.
-
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істегенде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерді қалыптастыру.
-
Оқытудың міндеттері:
-
Оқытушының жетекшілігімен жағдайлық есептер және жаттығуларды шешіп шығару.
-
«Гидролазалар класының негізгі өкілдері» кестесін толтыру.
-
Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) ізденуге ынталандыру.
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Ферменттердің активтілігіне әсер етуші факторлар:
-
Ферменттердің әсер етуінің реттелуі. Активаторлар мен ингибиторлар. Арнайлығы бар және арнайлығы жоқ эффекторлар.
-
Гидролазалар, жалпы сипаттамасы. Негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас: оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары (кестені толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Оқыту құралдары: кафедраның әдістемелік нұсқаулары, дәрістің электрондық нұсқасы, видеофильм (кафедралдық ноутбуғының жұмыс столында бар).
-
Ұйымдастыру бөлігі –оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дың мақсаты мен оқу міндеттерімен ианыстырады, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді: «Ферменттер. Лиазалар. трансферазалар».
Келесі сабақтың өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Трансферазалар – жіктелуі, жалпы сипаттама.
-
Аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, фосфотрансферазалар ацетилтрансфераза-лар – құрылысы, катализдік әсері.
-
Лиазалар – құрылысы, жалпы сипаттама.
-
Кетоқышқылдарының және амин қышқылдарының декарбоксилазалары –құрылысы, катализдік әсері.
-
Карбангидразалар – құрылысы және катализдік әсері.
-
Тақырып және тапсырмалар бойынша видеоәдіс («Гидролазалар») арқылы кеңес беру:
оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студентке тапсырма береді.
-
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстары: студенттер шағын топтарда жағдайлық есептер мен жаттығуларды шығарады және «Гидролазалар класының негізгі өкілдері» кестесін толтырады.
Шағын топтарда жұмыс жасау үшін проблемалық жағдайлардың мысалдары
-
Ашытқыны 0С+4С температурасы тоңазытқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны глюкозаның ерітіндісіне қосты да, +37С-тағы термостатқа қойды. Глюкозаның ашуы байқала ма? Неге? Ал егер қайнатса?
-
Белгісіз ерітіндіге оптималды температурада амилаза ерітіндісі қосылды. Ерітіндіге Люголь ерітіндісін қосқанда сұйық сары түске боялды. Пробиркада қандай ерітінді болды? Қандай өнім түзілді? Дәлелдеңіз.
-
Ерітіндінің температурасы 60С. Бұл жағдайда амилазаның активтілігін тексеруге болады ма?
Кесте: «Гидролазалар класының негізгі өкілдері»
Достарыңызбен бөлісу: |