1. Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Ішекте белоктардың шіруі, ағзада белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.
Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтауды және асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
2. Мақсаты:
1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;
2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.
3. Студенттерде қалыпты және патологиялық жағдайлардағы асқазан сөлінің физико- химиялық қасиеттері мен құрамы, асқазан сөлін талдау әдісі туралы білім қалыптастыру.
4. Интернет және кәсіптік әдебиетпен жұмыс істеу кезіндегі студенттердің аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңа түсініктер мен терминдерді еңгізу.
3. Оқыту міндеттері:
1. АІЖ белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі және белоктардың тоқ ішекте шіруі үрдістерін талқылау.
2. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамын, және олардың патологиялық жағдайларда өзгеруін қарастыру.
3.Студенттердің асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамы туралы алған білімдерін патологиялық кездегі АІЖ-ң функционалдық күйін түсіну үшін қолдана білуге үйрету.
4. Студенттерге асқазан сөлінің қышқылдығын және патологиялық құрамдас бөліктерін анықтай білуге үйрету.
5. Асқазан сөлінің қышқылдығы, тұз қышқылының дебит-сағаты, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахилия, белоктардың шіруі, эфиркүкірт қышқылдары, эфирглюкурон қышқылдары
6. Интернетте мәлімет іздеу және кәсіби әдебиетті оқу үшін студенттерді ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.
Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.
Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің патологиядағы өзгерістері.
АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.
Амин қышқылдарының сіңірілуі.
Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |