Былтырғы жылы өнеркәсіптік өнім шығарылымы



жүктеу 201,53 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі201,53 Kb.
#9633

2014 жыл бойынша Өскемен қаласы жергілікті атқару органдарының жұмыс қорытындысы және 2015 жылғы жоспарлар туралы халықпен есептік кездесуінде Т.Ж. Қасымжановтың сөз сөйлеу тезистері
2014 жылы әлемдегі күрделі экономиканың жағдайы мен ақпан айындағы теңге курсының түзетілуіне қарамастан, Өскемен қаласындағы әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Атқарушы органдар жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға бағытталды.

Өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіші 9,5 пайызға, ауылшаруашылық жалпы өнім көрсеткіші – 20 пайызға, бөлшек сауда тауар айналымы – 17 пайызға, құрылыс жұмыстары – 2 пайызға, тұрғын-үйлерді қолданысқа беру – 4 пайызға өсті.

Аталмыш көрсеткіштердің өсіміне үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, «Жұмыспен қамту және бизнестің Жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020», «Терможаңғырту – 2020», «Ақ бұлақ» сынды мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндік берді.

Былтырғы жылы өнеркәсіптік өнім шығарылымы 686 млрд. теңгені құрап, 9,5 % өсім көрсетті, соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнімі 638 млрд. теңгені құрап, 9 % өсім көрсетті.

Қала кәсіпорындары өндірістің дамуы мен негізгі қорлардың жандануына қаражат бөлу жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Нәтижесінде инвестиция көлемі бюджеттік жобалармен қоса 90 млрд. теңгеге өсті.

2013 жылмен салыстырғанда, өнеркәсіптің өсуі мен инвестициялық жобалардың өсімі негізінде, мемлекеттік бюджет қор салығының түсімі 12 пайызға өсіп, 158 млрд. теңгені құрады. Жергілікті бюджетке 40 млрд. теңге көлемінде қаржы құйылып, 8 пайыздық өсім көрсетті.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде қала бойынша 243 млрд. теңге көлеміндегі 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 9 жоба жобалық қуатқа шықса, 5 жоба жүзеге асырылу үстінде. Аталмыш жобалардың оң әсері болып 3,7 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуы, соның ішінде былтырғы жылы 370 жаңа орын, 173 млрд. теңгеден аса инвестиция көлемінде.

2014 жылы пайдалануға берілген жобалар:

- Инвестициялық көлемі 8 млрд. теңгені құрап, 67 жаңа жұмыс орынын ашқан «ПОСУК Титаниум» ЖШС-ның титан құймаларын шығару зауыты;

- Құны 2 млрд. теңгеден астам қаражатты құрап, 180 жаңа жұмыс орынын ашқан техникалық жабдықтарды шығару зауыты;

- Жобалық құны 2,4 млрд. теңгені құрап, 70 жаңа жұмыс орынын ашқан Өскемен қаласының өнеркәсіптік арматура зауыты.

Жалпы құны 27 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба Индустрияландыру картасына ұсынылды

2014 жылы өзектілігі бойынша жоспарланған жоба құны 243,6 млрд. теңгені құрап, жалпы саны 18-ге жетті.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы маңыздылығын атап өтуде. Елбасының «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатында шағын және орта бизнестің дамуы жолындағы жұмыстардың жандануын және 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі оның үлесін 50 пайызға арттыру туралы атап өтті.

Облыс орталығында қала тұрғындарының іскерлік белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалған.

2014 жылы шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 3,5 пайызға өсіп, 4,5 мыңды құрады. Олардан жергілікті бюджетке 58 млрд. теңге түсім түсіп, қала бойынша салық түсімі көлемінің 37 пайызын құрады.

Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 42,7 млрд. теңгені құрайтын 215 жоба жүзеге асырылуда.

Өткен жылдың сәуір айынан бастап «Даму Өндіріс-2» бағдарламасы жүзеге асуда. Аталмыш бағдарлама аясында 1,8 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды. 2014 жылдың қараша айынан бастап аталмыш бағдарламаның екінші реттік қаржыландыруы жанданды.

2015 жылы жоғарыда аталған бағдарлама аясында «Өскемен конденсаторлық зауыты» АҚ және «Сапа» Медорталық» ЖШС-ның 2 жобасын қаржыландыру жоспарлануда.

«Өркен-КШТ» бизнесті дамыту аумағында 3 кәсіпорынның жобасын, Арматура зауыты бизнесті дамыту аумағында 5 кәсіпорын жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

2015 жылы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы аясында қосымша 1200 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда.


Еліміздің таяудағы бес жылдық болашағын қамтитын «Нұрлы жол» Жолдауында, ауылшаруашылық саласын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жалғасатыны көрсетілді.

Өскемен қаласы бойынша аталмыш сала көрсеткіші жоғарғы қарқынды көрсетуде. Ет, сүт өнімдерінің көрсеткіші өсіп, ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, құс шаруашылықтары нәтижелі дамуда. Бұл көрсеткіштер жалпы өнімнің 20 пайызға немесе 7 млрд. теңгеге өсуіне ықпал етті.

2014 жылы агроөнеркәсіп кешенінің (АПК) дамуына 163 млн. теңге бөлінсе, 2013 жылы – 86 млн. теңге бөлінді.

Қала бойынша «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында «Восток сүт» кәсіпорны мен «Эмиль» ЖШС жобалары жүзеге асуда. Бүгінгі таңда «ҚазАгроФинанс» АҚ бойынша 2 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Олар – 3 нан пісіру пештерін орнату бойынша «Каравай» нан зауыты» мен тауарлық балық өсіруге бағытталған «Өскемен тоған шаруашылығы».

«Екимбаев Т.К.» шаруа қожалығы негізінде суландыру жүйесін қайта жарақтау жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Родничок» шаруа қожалығы бойынша мал сою орны мен торайлау орнының құрылысын жүргізу, «Пасека» шаруа қожалығы бойынша балды қаптау, порциялық балды өндіру және балауызды қайта өңдеу цехтарының ашылуы жоспарлануда.

Жоғарыда аталған агроөнеркәсіп кешендерінің (АПК) капитал жұмсалымы жобаларының жүзеге асуы аясында, таяудағы 2 жылда экономикаға 736 млн. теңге түсімнің түсуі күтілуде.

Шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс жүргізу кезеңінде, жұмыспен қамту мен экономикаға мультипликативтік әсерлерді енгізе білген кәсіпкерлер мейлінше көп қолдауға ие болады.
Инфляциялық үдерістер

2014 жылы облыс бойынша инфляция көрсеткіші 107,4 пайызды көрсетіп, 2013 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті.

Бағаның негізсіз өсімін болдырмау мақсатында, қала бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қаладағы барлық ірі дүкендер мен әлеуметтік орталықтарда баға мониторингі жүргізіліп тұрады. Жүргізілген мониторинг негізінде тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп, себептері анықталынады, тиісті шаралар қабылданады.

Қала бойынша әлеуметтік-маңызды тауар бағасы тауар үстемесінен 10 пайызға аспайтын 21 дүкеннің жұмысы ұйымдастырылған. Әлеуметтік орталықтардың ашылуы жеке кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге асырылуда. Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында аталмыш орталықтардың толық мекенжайлары мен ақпараттары орналастырылған.

Тауар үстемесіне ең төменгі баға қосу туралы сауда орталықтарының басшыларымен 359 меморандумға қол қойылды. 2014 жылғы қараша айынан облыстық жеміс өнімінің тұрақтандыру қоры жұмысын жандандырды, 5,7 мың тонна сатып алынды. Барлық кезеңнің аралығында (2014 жылғы қараша мен 2015 жылғы мамыр) жемісті жүзеге асыру бағасы өзгеріссіз қалды: толайым – 65 теңге/кг, жекелей – 72 теңге/кг.

2014 жылы «Фрешмаркет» сауда орталығының ауласында 51 ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

2013 жылмен салыстырғанда тауар айналымының қолданыстағы бағасы 19 пайызға артып, 291 млрд. теңгені құрады. Қала бойынша орта айлық еңбекақы көрсеткіші 108 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсті. Нәтижесінде бір қала тұрғынына айлық сатып алу көлемі 74 мың теңгені құрады.

2015 жылы қала бойынша инфляцияны сақтау, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және рұқсатсыз саудаға жол бермеу жұмыстары жалғасатын болады.

Қала бойынша өнеркәсіп, шағын және орта бизнес өкілдерімен жұмыс және инвестицияны тарту бойынша жұмыстардың нәтижесінде бюджет көлемі 12 пайызға өсті.

Қаланың экономика өсімінің қарқыны әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындауға және облыс орталығы инфрақұрылымы бойынша жоспарлы жұмысты жүргізуге мүмкіндік берді.
«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатта 7 бағыт көрсетілген:

1. Көліктік-логистикалық;

2. Индустриалдық;

3. Энергетика инфрақұрылымы;

4. ТҮКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері

инфрақұрылымдарын жаңғырту

5. Тұрғын-үй инфрақұрылымдарын нығайту

6. Әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы;

7. Шағын және орта бизнес пен халықтың іскерлік белсенділіктігін қолдау.

Өскемен қаласы жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмыстары жаңа қарқынға ие болады. Осы мақсаттарға Ұлттық қордан бөлінетін қаражат біздің қаламызда жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

2014 жылы тұрғын үй, көлік, энергетика инфрақұрылымын және ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту және сумен қамтамасыз ету жүйелерін нығайту бойынша келесі жұмыстар атқарылды.



Тұрғын үй құрылысы

Осы есептік кезең ішінде 4 пайыздық өсіммен 102 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 2014 жыл бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстар көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 102 пайызды құрады, құрылыс мекемелері 38 млрд. теңгенің жұмысын атқарды.

Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік бағдарлама бойынша 582 пәтерлі көлемі 49,4 мың шаршы метрді құрайтын 8 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

2015 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 1446 пәтерлі аумағы 106,2 мың шаршы метрді құрайтын 14 көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

«Самрұқ-Қазына» қоры қатысатын бағдарлама аясында аумағы 40,6 мың шаршы метрді құрайтын 9 санаттан тұратын тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жоспарлануда, «ЖБК» ЖШС аумағы 45,0 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізуде.

ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының іске қосылуынан бастап 143 үй жөндеуден өтті. Соның ішінде 2014 жылы қайтарымды қаражаттар есебінен 67,7 млн. теңгеге 8 үй жөндеуден өтті.

2015 жылы тұрғындардың тапсырыстары бойынша 25 тұрғын үйге техникалық зерттеу актілері, сметалық құжаттар даярланған, республикалық бюджеттен қажетті 400 млн. теңге көлеміндегі қаржыны бөлу жөніндегі сұрақтар шешілуде.

ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту мен су-жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғасын тапты.

2014 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз ету және сумен толықтыру жүйелері нысандарын қайта қалпына келтіру бойынша 1,9 млрд. теңгеге 32 км. сумен қамтамасыз ету жүйелері салынды, насостар мен сумен толықтыру құрал-жабдықтарын ауыстыру жүргізіліп, 30 мың қалалықтардың сумен қамтамасыз етілу жағдайы жақсартылды.

2013 жылдан кәріздік тазалау қондырғыларын қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар басталды. Бұл қалалық кәріз жүйесінің жұмысын тұрақтандыруға, Ертіс өзеніне және ауаға кері әсер етуді төмендетуге мүмкіндік береді.

Былтырғы жыл бойынша Керамика зауытының насос станциясынан 3-ші ықшам ауданға дейін, Самар тас жолы бойындағы су құбырын, Сол жағалау мен Бабкина Мельница кенттеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.

Қаланың шеткі аудандары мен ауылдық елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылуды көбейту жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. 2015 жылы Южно-Аульская, Вокзальная, Айтықов, Тәуелсіздік даңғылы, (Нефтебаза ауданында), Защита, Красин, Шмелев Лог кенттері, Ново-Троицкое, Меновное, Ахмер ауылдарында жобалық сметалық құжаттама жасау және келесі екі жылда сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалардың әлеуметтік тиімділігі – қаланың 25 мың тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ету.

Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту аса маңызға ие.


"Нұрлы жол" атты Жолдауында Президент инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистральді жүйемен өзара байланыстырады деп атап өтті.

Мемлекеттің инфрақұрылымдық даму жоспары 5 жылдық кезеңге ауқымды жобаларды қарастырады, солардың 3-і біздің облыспен және оның орталығымен тікелей байланысты.

Жоспар шеңберінде бизнес пен туризмнің дамуына жаңа қарқын беретін «Астана – Өскемен» және «Алматы – Өскемен» автомагистральдарын салу қарастырылған. Өскеменде көліктер легінің артуын есепке ала отырып көліктік инфрақұрылымды жақсартуға арналған жұмыстар басталды.

Бюджеттік қаражаттар есебінен 2014 жылы көліктік инфрақұрылымды жақсартуға 3,3 млрд. теңге бөлінді.

2014 жылға 21,4 км. жалпы ұзындығымен көше мен жолдардың 16 учаскелерінде ағымдық орта жөндеуге 851 млн. теңге бөлінді. 2014 жылы шұңқырларды жөндеуге 41,0 млн. теңге қарастырылды, 71 көше жөнделді.

62 аулалық аумақтарға 106 млн. теңге сомаға жөндеу жүргізілді.

2014 жылы қиыршық жолдарды жөндеуге 30,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары ең қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда тұрған жолдарда жүргізілуде.

1,3 км. ұзындығымен К.Маркс даңғылының құрылысының жобасы жүзеге асырылды, Крылов-Солнечный көшесінің қиылысында Үлбі өзені арқылы жүргіншілер көпірі қайта жөнделді.

Қазақстан көшесінің қиылысындағы Ертіс өзені арқылы көпірді қайта қалпына келтіру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысан ауыспалы болып саналады, олар бойынша жалпы құны 6,3 млрд. теңге, 2014 жылға 1,8 млрд. теңге бөлінді.

Жібек жолы көшесінен К. Маркс даңғылына дейінгі Сәтпаев даңғылын жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Жөндеу жұмыстарын келесі жылы бастау жоспарлануда.

2015 жылы қалалық бюджеттен жолдарды жөндеу мен ұстауға 740 млн. теңге бөлінді. Таяудағы үш жылда жолдарды жөндеу мен құрылысты жалғастыру бойынша келесі жұмыстар атқарылады: Қазақстан көшесінің қиылысында Ертіс өзені арқылы көпірді, Үлбі өзені арқылы автомобиль көпірі өтпесі және көліктік түйінді, Жібек жолы көшесінен К. Маркс даңғылынан Сәтпаев даңғылын, Лопатино өзені ауданында Ахмер ауылына дейін Ертіс өзені арқылы автомобиль көпірін, Спорт сарайы ауданында Үлбі өзені арқылы автожолды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталатын болады.

Меновной ауылынан Ахмер ауылына дейін, Ертіс өзені арқылы көпірден Тәуелсіздік даңғылының жолдарын, «Өскемен-Семей» және Есенберлин даңғылы автомобиль жолын кеңейтуге жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда.

Жұмыстарды орындау құрылыс материалдарын шығаратын (қиыршық тас, құм, бетон, металлоқұрылғы) біздің кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндігін береді.

Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту

"Нұрлы жол" бағдарламасымен қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз ету нақты қарастырылған.

2014 жылы Өскеменде шағын аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету шаралары қабылданған.

Былтырғы жылы Ахмер ауылында электрмен қамтамасыз ету желілеріне ағымдық жөндеу басталды, 125 тұрғын үйлер электрмен және Жаңа Согра ауылы жылумен қамтамасыз етілді.

2015-2016 жылдары қаланың алыс аудандарының электрмен қамту мәселесін шешу үшін Ахмер ауылында электрмен қамту желілеріне ағымдық жөндеу, Әуежай ауданы және Бабкина Мельница ауылын электрмен қамту желінің құрылысын жалғастыру жоспарланған.

Үлбі ауылының 2 мың тұрғындарын орталықтанған жылумен қамтуға қосу және № 3 қазандықтан «Промбаза» тұрғын ауданға дейін жылу трасса, Жаңа Согра ауылында Менделеев көшесі бойынша жылумен қамту желіні қайта қалпына келтіру жылуменқамту құрылысы ескерілген, бұл ықшам ауданның 3 мың тұрғындарын орталықтанған жылумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндігін береді.

Барлық жасалып жатқан жұмыстардың басты мақсаты облыс орталығын және қалалық инфрақұрылымның экономикасын дамыту - бұл қалалықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.
Білім беру саласы бойынша жалпы бюджеттік қаржыландыру ұлғайтылды. 2014 жылы барлық деңгейлі бюджеттен 9,1 млрд. теңге 2013 жылға 11 % өсіммен бөлінді.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, бағдарлама шеңберінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды 100 %-ға қамтиды.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында үйге 2 балабақша: Сәтпаев даңғылы 90 орын, К.Маркс көшесі 20 орын және 120 орынды «Азамат» жеке балабақшада 4 қосымша топ ашылды. Барлығы қосымша 230 орын қуаттылықтары ашылды.

2015 жылы Тәуелсіздік даңғылы, 99/1 420 орынды жеке балабақша пайдалануға енгізіледі. 160 орынды Қазақстан көшесі, 122а бұрынғы бала бақшаның ғимаратын қайтару мәселесі қаралатын болады.

Өсіп келе жатқан контингент есебінен толық қамтылу мәселесін шешу үшін 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелердің даму жоспары құрылды, ол келесі бағыттарды қамтиды: 880 орынды 4 балабақша ғимаратын босату; 1890 орынды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 6 балабақшаның құрылысы.

Қорытындысында 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға 2770 орын дайын болады, бұл кезекті толық жабуға мүмкіндік береді.

Ыстық тамақпен оқушылар 100 % қамтамасыз етілді. Ыстық тегін тамақпен тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөліктердің барлық балалары қамтамасыз етілген, бұған 126 млн.теңге қаражат бөлінді.

Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен бал және сүтпен 2014-2015 оқу жылында 1-4 сыныптың оқушылар контингенті қамтамасыз етілген.

Оқушылардың 70 % қосымша білім беру жүйесімен қамтамасыз етілген. Мектепте 195 спорттық секция, 194 студия және клубтар, 1668 пәндік және қызығушылық бойынша үйірме жұмыс жасайды, оларға 19 мың оқушылар қатысады. Оқушылар шығармашылық сарайы, жас техниктер станциясы және 40 балалар-жасөспірімдер клубы жұмыс істеп тұр.

Ауылды аймақта тұратын балаларды тасымалдау үшін 6 автобус сатып алынды. Соңғы 5 жылда қала мектептеріне 215 млн. теңгеге жаңа буын оқулықтары сатып алынды және жеткізілді. 2014 жылы 95 млн. теңге бөлінді.


2014-15 оқу жылына дайындық аясында 16 мектепте жылу жүйесін ағымдық жөндеуден өтті, 12-сінде төбесі жөнделді, 9-ында терезе жөнделді, және де сумен қамту, құбырлар, электр жүйелері және т.б.

Қала мектептерінде жыл сайын 100 пайыздық мөлшерлі қамтамасыз ететін, оқыту-әдістемелік әдебиетін жаңарту жүргізіледі. 263 интерактивті жабдық кешені, мектептердің 100 пайызы Интернет желісі мен электронды поштаға қосылды.

Қала мектептері Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі бойынша облыс бойынша 1 орын алды. Орташа бал – 85,2, бұл өз кезегінде былтырғы жыл нәтижесімен салыстырғанда 5 балға жоғары (2013ж. - 80,57). ҰБТ 25 % 100 және одан да көп балл алды.
Қала мектептеріндегі жағдайды жақсарту бойынша бұдан әрі қажетті шаралар қабылданады.
2015 жылғы тамызда қазақ тілінде оқытылатын 1000 орындық мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда.
2014 жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нәтижелі болды.

Табиғи өсім 29,9 пайызға өсіп, 5,26 құрады, 1000 адамға 4,47 пайызға туу көрсеткіші өсіп, 16,5 құрады.

Қала бойынша 2013 жылмен салыстырғанда келесі бағыттар бойынша көрсеткіштер төмендеді:

- жалпы өлім көрсеткіші 3,74 % және 1000 адамға 11,3 құрады;

- бала өлімі 35,65 % және 1000 жаңа туған балаға 8,3 жағдай көрсеткішті құрады.

- туберкулезбен ауыру көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 20,86 % (73,2 - 100 мың.адамға) төмендеді;

- туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші 25,68 % (8,1-100 мың адамға);

- қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші 0,3 % (331,2 100 мың адамға)

Мемлекеттік медицина ұйымдары бойынша дәрігерлер тапшылығы 84 бірлікті құрады. 2014 жылы Семей қаласы Медициналық университеті жас мамандарымен 29 келісім жасалды. Қаланың медицина мекемелері қызметкерлеріне 1-ші қалалық аурухана аумағында 70 орындық жатақхана құрылысы басталды.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесін былтырғы жылы кеңейтілген 7 ауруханалық және 40 амбулаториялық-емханалық ұйымдар құрайды. Серікбаев к., 1 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы» КМҚК құрылды.

Кеңейтілгеннен кейін көз микрохирургиясы Орталығы қолданысқа берілді. Куленов кентінде «Сапа» атты жаңа медицина орталығы ашылды. 1- ші тоқсанда Тәуелсіздік д. бойынша «Олимп» емханасын ашу жоспарлануда.
Өскеменде жыл сайын салауатты өмір салтын ұстануға жағдайлар жақсартылуда.  Бұқаралық спортпен айналысатын азаматтар үлесі 30,4 % құрайды. Бұған өз кезегінде облыс орталығындағы 416 спорт нысандарының жұмысы өз септігін тигізуде. 2014 жылы жүзу бассейні, жеңіл атлектика манежі мен спорттағы дарынды балаларға арналған интернат ашылды. Тұрғын үйлері мен мектептер жанында 38 футбол мен хоккей ойындарына арналған алаңдар жұмыс істеуде. Былтырғы жылы Шығыс ауылында, Жамбыл мектеп-интернатында, 16 және 19 мектепте де алаңдар ашылды. 12 арнайы хоккей алаңдары бар.

Қала спортшылары халықаралық және республикалық турнирларда жаңа жеңістерге жетті. Солардың ең айтулысы атақты жерлесіміз Ольга Рыпакованың жеңіл атлетикадан өткен Инчхон қаласындағы (Оңтүстік Корея) Азия ойындарындағы жеңісі. ШҚО әкімінің жүлдесі үшін өткен XVIII халықтық спорт ойындарында қала спортшыларының командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді.

2015 жылы бұқаралық спортпен айналысудың жағдайларын жақсарту жұмысы жалғасын табады. Славский атындағы Ертіс жағалауындағы велосипед жолын салу жоспарлануда. Аталмыш жолды қыс маусымында шаңғы трассасына ауыстыру көзделіп отыр.
Әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша бағыттардың бірі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау болып табылады

2014 жылы әлеуметтік салаға 1,2 млрд. теңге бюджеттік қаражаттар бағытталды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыспен қамту мәселелері бойынша 6612 адам жүгінген, оның 4485 жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту 0,4 пайызға артып 77,9 пайызды құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1375 жұмыссыздар, жастар іс-тәжірибесіне – 147 жас мамандар, әлеуметтік жұмыс орындарына 162 адам, 6170 жұмыс орындары құрылды.

Өткен жылы барлық сектор бойынша 6170 жұмыс орындары құрылды.

5 жалпықалалық өткізілген бос орындар жәрмеңкесінде 238 кәсіпорын қатысып, 402 адам жұмыспен қамтылды.

2015 жылдың басына жұмыссыздар саны 215 адам және 2014 жылға қатысты 2,7 % төмендеді.

Өткен жылы 45 мың қала тұрғындары жалпы сомасы 482 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмекке ие болды.

Қабылданған шаралар өмір сүру деңгейінен төмен табыс табатын азаматтар санын 1687-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді.

2014 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 131 млн. теңге қарастырылған.

Курстық дайындыққа 339 адам, әлеуметтік жұмысқа 349 адам, жастар іс-тәжірибесіне 205 түлек дайындыққа бағытталды, олардың жұмысқа орналасқаны 128.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 27 жоба жүзеге асырылды, жұмыс орындарына 71 адам орналастырылды.

130 млн. теңге сомаға 44 адам шағын несие алды, соның ішінде 10 қатысушы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 28,0 млн. теңгеге ие болса, 34 адам «СПК Ертіс» ҰК АҚ арқылы 102,0 млн.теңгені иеленді.
Көшіруді субсидиялау бойынша төлемақылар 45 отбасына берілді. Карл Маркс даңғылы бойынша 70 пәтерлік аз отбасылық жатақхана пайдалануға берілді, аталмыш жатақханаға бағдарлама бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар орналасты.

2014 жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық меншікке 28 ықшамауданда 36 жеке меншік үй қабылданды. Баспананы әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 5 отбасы және соңғы үш-төрт жылда қала шегінде тұрып жатқан жұмыссыздар қатарында болған 31 отбасы алды.

2015 жылы жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында:

- Жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға 320 адам, жұмыспен қамту жол картасы бойынша – 262 адам;

- Қоғамдық жұмыстарға -1250 адам;

- Жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына - 140 адам, жұмыспен қамту жол картасы бойынша -150 адам;

- Жұмыспен қамту орталығы арқылы жастар іс-тәжірибесіне -120 адам, жұмыспен қамту жол картасы бойынша – 100 адам бағыттау жоспарлануда.
Әлеуметтік-тұрмыстық, тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселелерді жоспарлы түрде шешу халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға оң әсерін тигізеді. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Ерекше әлеуметтік шиеленіс ошақтары жоқ.

Атқарушы органдар халықпен тығыз жұмыс атқарады. Азаматтық қоғамдық институттары өкілдері қала әкімдігінің жұмыстарына қатысады, қаланың дамуы жөніндегі маңызды мәселерді қабылдауда олардың пікірлері ескеріледі.

Қаланың қоғамдық-саяси өміріне саяси партиялардың, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің, өзін-өзі басқару мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, «Поколение» қоғамдық ұйымының және басқа да ұйымдардың өкілдері белсене қатысады. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған 13 әлеуметтік-маңызды жобаны жүзеге асыруда. Азаматтық сектордағы көптеген ұйымдардың өкілдерін біріктіретін қалалық қоғамдық Кеңес жұмысы жандандырылуда. Сәуір айында белсенді бірлестіктер марапатталған қоғамдық құрылымдардың Бірінші қалалық Форумы өткізілді.

Қалалықтар арасында бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша қалалықтардың 94 %-нан астамы этносаралық қарым-қатынас, 85 %-нан астамы конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа оң бағасын беруде.

Былтырғы жылы 160 мың адам қатысқан қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған түрлі ауқымда 1600 шара өткізілді.

Бауырлас қалалар Барнаул (Ресей), Бурса (Түркия), Каннын (Оңтүстік Корея), Шәуешек (ҚХР) шығармашылық ұжымдары қатысқан алғашқы өнер фестивалі өткізілді.

2015 жылы еліміз үшін аса маңызды бірнеше мерейтойлық шараларды атап өту жоспарлануда. Бұл - Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы және Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы.

Бүгінгі күні осы аталмыш мерекелерді лайықты атап өту үшін тиянақты дайындықтар жүріп жатыр.

Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында былтырғы жылдың күзінде Даңқ Мемориалын абаттандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілген, аталмыш жұмыс осы жылдың сәуір айында аяқталады. Үш дәрежелі Даңқ ордені иегерлерінің Аллеясы жасалады. Ескерткіш кітабы баспаға дайындалуда.
Қалалықтардың жайлы тұрмысы үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызы зор.

Әлеуметтік саладағы жүргізілген жұмыстар қылмыстың 8,5 пайызға төмендеуіне мүмкіндік берді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыр және аса ауыр қылмысты ашу деңгейі 114,2% құрады.

Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі қалалық Кеңес өз қызметін жалғастыруда. Жыл барысында қоғамдық тәртіпті бұзған тұлғалардың 700-ден аса материалдарын қараған 200 отырыс болып өтті. Барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Құрамында үш жүзге таяу мүшесі бар 28 қоғамдық құрылымдар қызмет атқарады, соның ішінде полицияға көмек көрсетуші 11 студенттік отряд, қаланың мекемелері мен кәсіпорындары жұмыскерлерінен құрылған 5 отряд бар.


Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы оң тұрғыда сипатталады, бұл барлық өскемендіктердің ортақ еңбегінің жемісі.

Өскемен қаласы жергілікті атқарушы органдардың қызметі «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатының 7 бағытын жүзеге асыруға бағытталған, бұл стратегиялық бағдарлама таяу жылдарда біздің экономикалық өсімнің қозғалтқышы болып белгіленген. Елбасының 5 жылға есептелген «Нұрлы Жол – болашаққа жол» Жолдауын сәтті іске асырудағы алғашқы міндет азаматтар арасындағы бейбітшілік пен келісім болып табылады. Н.Ә. Назарбаев Жолдауда атап өткендей: Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол - отбасылық береке, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана болу қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.
жүктеу 201,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау