Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 2,03 Mb.
Pdf просмотр
бет14/75
Дата14.11.2018
өлшемі2,03 Mb.
#19910
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75

44 
 
3.  Түсіндіретін.  «Неге»  сөзімен  басталады  және  себеп-салдарлық 
байланыстарды көре білуді талап етеді. Алайда, егер бұл байланыстар мәтінде 
түсіндірілетін  болса,  онда  бұл  сұрақ  түсіндіретін  дәрежеден  қарапайым 
дәрежеге ауысады. 
4.  Шығармашылық  сұрақтар  болжау  элементтерін  қамтиды:  «Егер...,  не 
болар еді???». 
5. Бағалаушы – «Дұрыс істедіме???», «..., сіз қалай қарайсыз???» – қандай 
да  бір  оқиғалар,  құбылыстарды  бағалау  критерийлері  туралы  нақты 
түсініктердің болуын талап етеді. 
6. 
Практикалық  сұрақтардың  мақсаты  –  теориядық  білімдерін  іс-
әрекеттерде қолдана білуін тексеру: «Бұл қай жерде пайдаға асуы мүмкін?», «... 
жағдайда, мен қандай әрекет жасаймын???». 
Оқушылардың  оқулықтағы  мәтінді  өздігінен  игеруде  сыни  тұрғыдан 
ойлауды  дамыту  технологияларының  бірі  «Сұрақтар  түймедағы»  тәсілін 
қолдануға болады.  
Оқушылардың 
пәнге 
деген 
ынтасы, 
қызығушылығын 
және 
шығармашылық  белсенділігін  арттыруда;    өзін  тұлға  ретінде  тануда;  өз  ойын 
ашық  әрі  еркін  айтуда  және  пікір  алмаса  білуде;  өзін-өзі  және  бірін-бірі 
бағалауда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологияларының маңызы өте зор.     
Бұл  тақырыпты  оқушыларға  оқулықтағы  мәтін  бойынша  өздігінен  игеруді 
ұсына  отырып,  «Жолақшалардағы  сұрақтар»  деп  аталатын  сыни  тұрғыдан 
ойлау.  
«Нұсқа» атты сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы тәсілдерін 
қолдану үшін мұғалім барлық оқушыларға «ақ қалпақ» 
 
өрісі астында 
жұмыс  істеуді  алдын-ала  ұсынады  –  болашақта  талқылайтын  тақырып 
жайынды  ойлану,  ж  а  т  т  ы  ғ  у  д  ы  ң  мазмұнына  сәйкес  фактілерді,  барлық 
қажетті деректерді, барлық қажетті ақпараттарды жинау. 
Ж  а  т  т  ы  ғ  у  д  ы  ң  орындалу  нәтижесін  тексеру  үшін  мұғалім  төрт 
шығармашылық  топ  құрады.  Әр  топ  белгілі  бір  рөлдік  көзқараста  кезек-кезек 
жұмыс істейді: 
 
Жаңашылдар – «жасыл қалпақ» (бұл топтың мүшелері өздерінің 
орындаған тапсырмасын қалған оқушыларға таныстырады); 
 
Пессимистер  (түңілушілер)  –  «қара  қалпақ»  (бұл  топтың 
мүшелері  орындаған  тапсырманың  барлық  теріс,  мұқият  ойластырылмаған, 
ескерілмеген сәттерін атап көрсетеді); 


45 
 
 
Оптимистер  (нық  сенімділер)  –  «сары  қалпақ»  (бұл  топтың 
мүшелері  орындаған  тапсырманың  барлық  оң,  позитивті  сәттерін  атап 
көрсетеді); 
Сарапшылар  –  «көк  қалпақ»  (бұл  топтың  мүшелері  алынған 
ақпараттарды  талдайды  және  қорытады,  әрбір  шығармашылық  топтың  алға 
қойылған  іс-әрекеттік  мақсаттары  тұрғысынан  олардың  жұмысын  10  балдық 
шкала  бойынша  бағалайды,  өз  пікірін  негіздейді).  Оптимистер,  пессимистер, 
жаңашылдар топтары үшін нақты бағалау критерийлерін ойластыру қажеттілігі 
маңызды сәт болып табылады. 
Технологияның  өзі  төрт  кезеңді  қарастырады  –  төрт  раунд  (құрылған 
шығармашылық  топтар  саны  бойынша).  Кезеңдердің  әрқайсысында  жеке 
шығармашылық топтарға әр түрлі рөлдік көзқараста жұмыс істеу ұсынылады: 
алдымен жаңашылдар рөлінде, содан кейін пессимистер рөлінде, содан кейін – 
оптмистер, содан кейін – сарапшылар. Сонымен, барлық қатысушылар өздерін 
әр  түрлі  рөлдерде  байқап  көреді  және  сонымен  қатар  өзінің  жеке  идеясына 
әртүрлі көзқараста «қарауға» мүмкіндіктері болады.  
Әрбір кезең-раунд 16 минутқа созылады: 

3 минут – жаңашылдар сөз сөйлеуі; 

2 минут – басқа топтардың қатысушыларының жаңашылдарға қойлатын 
анықтаушы сұрақтары; 

3  минут  –  алынған  ақпараттарды  жинақтау  және  талдау,  ұсынылған 
идеялардың  жағымды  және  жағымсыз  сәттерін  анықтау  бойынша 
сарапшылардың, пессимистердің және оптимистердің топта жұмыс істеулері; 

4  минут  оптимистер  мен  пессимистердің  сөз  сөйлеуіне  (екі 
шығармашылық топтың әр қайсысына 2 минуттан); 

2  минут  –  топтың  алға  қойған  іс-әрекеттік  мақсаты  тұрғысынан,  әрбір 
топтың  жұмысының  тиімділігін  анықтау  бойынша  сарапшылар  тобының 
жұмысы; 

2  минут  –  сарапшылардың  сөз  сөйлеуі  (әр  топтың  жұмысы 
сарапшылармен 10 балдық шкала бойынша бағаланады; баға негізделеді). 
Хаттаманы сақтау – бұл, осы технология аясында сабақ  жүргізуші мұғалімнің 
жауапкершілігі. Осылайша, ең қиын рөлді – көк қалпақ рөлін хаттаманың қатаң 
сақталуына  жауапты  сабақ  жүргізуші  мұғалім  және  сарапшылар   бір  мезгілде 
орындайды,  сарапшылар  әр  топтың  жұмысының  тиімділігін  бағалауға  негіз 
болатын ақпараттарды талдау және қорытуға жауапты. 
Интеративті оқыту əдістері мен тəсілдері 
Ми  шабуылы  немесе  ми  қамалы  –  проблеманы  шешу  үшін  идеяларды 
ұжыммен қалыптастыру және оларды конструктивті түрде ойластыру әдісі. 
Ми  шабуылы  барысында  проблеманы  шешу  уақыт  тұрғысынан  үш 
кезеңге бөлінеді: 
–   
идеяларды кездейсоқ қалыптастыру сеансы; 


46 
 
–   
ең  үздік  идеяларды  іріктеу  мақсатында  ұсынылған  идеяларды 
конструктивті сынға алу және ойластыру сеансы; 
–   
іріктелген идеялар негізінде шешімдерді жобалау. 
Кластерлер, салыстырмалы диаграмма, пазл 
Кластерлер (ағл. Cluster - «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен 
ақпараттардың  арасындағы  байланыстарды  айқындауға  арналған  жазба 
кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) 
ортасына  шеңберге  жазылады  да,  одан  туындайтын  тақырыпшаларды 
оқушылар  оның  жан-жағына  жазып,  шеңберлеп  бір-біріне  қосады  да,  өз-ара 
байланыстары  туралы  әңгімелейді.  Кластерлер  оқушының  жеке  орындауынан 
басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады. 
Пазл  (ағл.  puzzle)  –  тең  емес  бөліктерден  сурет  құрастыратын  балалар 
ойыны.  
Бұл  әдіс  бойынша  тапсырмалардың  орындалуын  ойын  түрінде  өткізуге 
болады.  Оқыту  барысында  өтілген  материал  карточкаларға  жазылады,  бірақ 
әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс. 
Шығармашылық тапсырма беру кезінде мұғалім сабақ соңында интеллект-
карта  үлгілерін  көрсете  алады.  Мұндай  тапсырма  қазақстандық  мұғалімдер 
үшін  жеткілікті  деңгейде  таныс  және  кәсіби  лексикада  көбінесе  «кластер» 
ретінде қолданылады. Оқушылардың назарын оқулықтың тиісті параграфында 
интеллект-карталарды  құрастыру  жөніндегі  нұсқаулар  мен  графикалық 
материалдың осы түрінің шартты мысалы берілгеніне аудару қажет. 
Интерактивтi  әдістің  негiзiн  интерактивтi  жаттығулар  мен  тапсырмалар 
құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты 
айырмашылығы  олар  меңгерілген материалды  тек  бекiтуге  ғана  емес,  жаңаны 
оқып-үйренуге бағытталған. 
Кластер тәсілі кез келген сатыда қолданылуы мүмкін. 
Шақыру  кезеңінде  балалар  тақырып  бойынша  өздерінің  бойында  бар 
барлық  білімдерін  баяндайды  және  өздерінің  ұсыныстары  мен 
қауымдастықтарын  тіркейді.  Ол  оқушыларды  танымдық  әрекеттерге 
ынталандыру  үшін,  тақырыпты  оқуды  бастағанға  дейін  ойлануға 
ынталандыруда қызмет етеді. 
Ұғыну  сатысында  кластерді  қолдану  оқу  материалын  құрылымдауға 
мүмкіндік береді. 
Рефлексия  сатысында  кластер  әдісі  алған  білімдерді  жүйелеу  қызметін 
атқарады. 
Сабақтың жалпы стратегиясы түрінде сабақтың барлық кезеңдерінде, сабақ 
барысында  кластердің  қолданылуы  мүмкін.  Сондықтан,  ең  басында  балалар 
өздері  меңгерген  барлық  ақпаратарды  тіркейді.  Бірте-бірте  сабақ  барысында 
схемаға  жаңа  деректер  қосылады.  Мүмкіндігінше  оларды  басқа  түспен  бөліп 
көрсету  керек.  Бұл  тәсіл  негізгіні  бөліп  көрсете  отырып  жорамалдау  мен 
болжауды, толықтыру және талдай білуді дамытады. 
Кластер  бір  шоқ  немесе  спутниктері  бар  планетаның  моделі  түрінде 
рәсімделеді.  Ортасына  негізгі  ұғым  пікір  орналастырылады,  жан  жағына 


жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау