Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 2,03 Mb.
Pdf просмотр
бет1/75
Дата14.11.2018
өлшемі2,03 Mb.
#19910
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 
 
 
 
 
                            
 
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА (5-9 СЫНЫПТАРДА) 
 
«МАТЕМАТИКА» ОҚУ ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША  
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 
 
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИЙ 
ПО  ИЗУЧЕНИЮ УЧЕБНОГО ПРЕДМЕТА  «МАТЕМАТИКА»  
(5-
9 КЛАССЫ) В РАМКАХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ  
ОБРАЗОВАНИЯ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2017 
 



 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 18 қыркүйек № 10 хаттама).  
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 10 от 18 сентября 2017 года).  
 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (5-9  сыныптарда)  «Математика» 
оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы.Алтынсарин 
атындағы ҰБА, 2017. – 120 б.  
Разработка    методических  рекомендаций    по    изучению  учебного 
предмета  «Математика»  (5-9  классы)  в  рамках  обновления  содержания 
образования. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2017. – 120 с. 
 
Осы әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында 
негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  «Математика»,  «Алгебра»,  «Геометрия» 
пәндері  бойынша  оқу  бағдарламалары  негізінде  әзірленді.  Құралда  5-6 
сыныптарға арналған «Математика», 7-9 сыныптарға арналған «Алгебра» және 
«Геометрия»  пәндері  оқу  бағдарламаларының  ерекшеліктері  баяндалған, 
оқытуды  ұйымдастырудың  түрлері  мен  әдістері  келтірілген.  Сонымен  қатар, 
құралда  жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайында  бағалау  критерийлері, 
жиынтық  және  қалыптастырушы  бағалау  туралы  баяндалып,  практик 
мұғалімдер әзірлеген қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері берілген.  
Әдістемелік  ұсыныстар  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне, 
біліктілікті арттыру институттарының әдіскерлеріне арналған. 
 
Данные  методические  рекомендации  разработаны  на  основе  учебных 
программ  по  предметам  «Математика»,  «Алгебра»,  «Геометрия»  для  уровня 
основного среднего образования в рамках обновления содержания образования. 
В  пособии  раскрыты  особенности  учебных  программ  по  предметам 
«
Математика»  для  5-6  классов,    «Алгебра»  и  «Геометрия»  для  7-9  классов, 
приведены  формы  и  методы  организации  процесса  обучения.  Описаны 
критерий  формативного  и  суммативного  оценивания,  даны  образцы 
краткосрочных планов, подготовленных учителями-практиками.  
Пособие  предназначено  для  учителей  общеобразовательных  школ, 
методистов  институтов повышения квалификации.  
  
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2017  
 
© Национальная академия  
образования им.И.Алтынсарина, 2017.  
 
       



 
Кіріспе 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 
31  қаңтарында  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстанның  үшiншi  жаңғыруы: 
жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауында көрсетілгендей, бүгінгі күні білім 
беру саясатындағы басымды мақсат – білім беру сапасын көтеру. Жолдауда «Ең 
алдымен,  бiлiм  беру  жүйесiнiң  рөлi  өзгеруге  тиiс.  Бiздiң  мiндетiмiз —  бiлiм 
берудi  экономикалық  өсудiң  жаңа  моделiнiң  орталық  буынына  айналдыру. 
Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабiлетiн  және  өз  бетiмен  iздену 
дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап айтылған [1]. 
Жаңартылған  білім  мазмұнына  көшу  аясында  әзірленген  негізгі  білім 
беру  деңгейіндегі  оқу  бағдарламалары,  оның  ішінде  5-6  сыныптардағы 
«Математика»,  7-9  сыныптардағы  «Алгебра»,  «Геометрия»  пәндерінің  үлгілік 
оқу бағдарламаларының мазмұны аталған қасиеттерді дамытуды көздейді. 
2017-
2018  оқу  жылында  5-ші  және  7-ші  сыныптар  білім  мазмұны 
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады. 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: 

пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен 
біліктерді  тігінен,  сондай-ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейту  (дағдыларды 
тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру); 

пәндік  операциялардың  ең  маңызды  түрлері  бойынша  жіктелетін  және 
таным  заңдылығына  негізделген  оқу  мақсаттарының  Блум  таксономиясы 
бойынша иерархиясы; 

білім  беру  деңгейлері  бойынша  және  бүкіл  оқыту  курсы  бойында 
педагогикалық  мақсаттарды  тұжырымдау,  бұл  пәнішілік  байланыстарды 
барынша ескеруге мүмкіндік береді; 

білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ 
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы; 

бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару; 

оқу  процесін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспарлар 
түрінде технологияландырылуы болып табылады. 
Жаңа  оқу  бағдарламаларының  тағы  бір  ерекшелігі  –  олардың  пәндік  
білім  мен  дағдыларды  ғана  емес,  сондай-ақ,  кең  ауқымды  дағдыларды 
қалыптастыруға  бағытталуы.  Оқу  мақсаттарының  жүйесі  келесі  кең  ауқымды 
дағдыларды  дамытудың  негізі  болып  табылады:  функционалдық  және 
шығармашылық  түрінде  білімдерін  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу 
жұмыстарын 
жүргізу, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану,  қарым-қатынастың  әртүрлерін  қолдану,  жеке  және  топта  жұмыс 
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау. 
Жаңартылған  оқу  бағдарламаларының  икемділігі  мен  жан-жақтылығы 
оның  маңызды  сипаттамасы  болып  табылады.  Тиісті  тоқсанның  аясында 
тараулар  мен  тақырыптарды  игеруге  бөлінетін  сағат  санын  анықтау 
мұғалімдердің еркіне қалдырылған.  


жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау