Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 2,03 Mb.
Pdf просмотр
бет11/75
Дата14.11.2018
өлшемі2,03 Mb.
#19910
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75

35 
 
танымдық  іс-әрекетті  ынталандыру  қызметін  атқарады.  Бұл  оның 
ынталандырушы рөлін атқаруы. 
Оқытуды ұйымдастыру əдісі - білімді игеру мақсаттарына қол жеткізуге 
бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  бірліктегі  іс-әрекеттік  қимыл-тәсілдері. 
Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену 
әрекеттерінің  өзара  байланыстылығы  осы  оқу  әдісінен  көрінеді.  Қандай 
болмасын  оқыту  әдісі,  -  дейді  И.Я.Лернер,  -  оқушылардың  білім  мазмұнын 
игеруін,  сөйтіп  оқыту  мақсатына  жетуді  қамтамасыз  етерлік  олардың 
танымдық,  әрі  практикалық  әрекетін  ұйымдастыратын  белгілі  нысанға 
бағытталған мұғалім әрекетінің жүйесі болып табылады.        
Оқыту  –  жеке  адамның  қалыптасуының,  ақыл-ойы  мен  жалпы  білімін 
дамытудың  маңызды  құралы.  Ол  белгілі  бір  жүйеде  және  жоспар  бойынша, 
мұғалімнің  басшылығымен,  нақты  мақсатқа  бағытталған  процесс  болып 
табылады. Пәнді оқыған кезде білім алушылар білімнің жиынтығын меңгереді 
және сол саламен тығыз байланысты білік пен дағдыға ие болады [9].  
Осығын сәйкес оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы болашақ ұрпақтарға 
әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру,  оның 
рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін,  ойлай  білу  мүмкіндігін  жетілдіру 
қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.  
Сондықтан  да  қазіргі  мектептің  құрылымы  мен  білім  беру  мазмұнында 
болып жатқан өзгерістер оқу - тәрбие үрдісін жетілдіруге жаңа талаптар қояды. 
Сондықтан  осыған  сәйкес  жаңартылған  білім  мазмұны  мектептерде  жүзеге 
асырылуда. 
Жаңартылған оқу бағдарламасында пән мазмұнын жобалаудың күрделілік 
ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-
ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейтіліп  (білімді  тақырыптар  бойынша  және 
сыныптар бойынша  күрделендіру)  жасалынған.  Таным  заңдылығы  мен  пәндік 
операциялардың  неғұрлым  маңызды  түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының 
деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген  Блум  таксономиясы  бойынша  оқыту 
мақсаттарының иерархиясы сақталған.  
Бағдарламада  қазіргі  өмірде  қолданылатын  кең  ауқымды  дағдыларға  көп 
көңіл  бөлінеді.  Бұл  дағдылар  жалпыадамзаттық  және  этномәдени 
құндылықтарға  негізделе  отырып,  оқушыларға  оқудағы,  сондай-ақ  өмірдегі 
проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-
әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан 
ойлау;  зерттеу  жұмыстарын орындау; АКТ  қолдану;  тілдік  дағдылармен  бірге 
қарым-қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану;  топта  және  жеке 
жұмыс жасау біліктілігі.  
Білім  беру  деңгейлері  және  тұтас  оқыту  курсы  бойынша  педагогикалық 
мақсаттардың  пәнішілік  байланыстары  ескерілген.  Бөлімдер  мен  ұсынылған 
тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  сәйкес  болуы  және  әлеуметтік 
дағдылардың қалыптасуына назар аударылған. Оқу процесі ұзақ мерзімді, орта 
мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылған. 
 


36 
 
Жалпы  орта  білім  беретін  МЖМОББС  негізгі  білім  беру  бағдарламасын 
меңгеру  нәтижелеріне  қойылатын  талаптар  математика  пәні  бойынша 
оқушылардың  тұлғалық,  жүйелік-әрекеттік  және  пәндік  нәтижелерге  жетуіне 
бағытталған. 
Бағдарлама  мазмұны  оқушылардың  математикалық  ілім  жүйесінің 
негіздерін  меңгеру,  оларда  тұлғааралық  және  этносаралық  қарым-қатынастың 
жоғары  мәдениетін  қалыптастыру,  тұлғаның  өзін-өзі  таныту  және  кәсіби 
бейімделу, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, тұлғаның зияткерлік, 
адамгершілік-рухани дамуына бағытталған. 
Ұсынылған бағдарламада оқыту формалары, әдістері мен технологиялары 
әлемдік  инновациялық  оқыту  тәжірибесін  және  оқушылардың  бойында  оқуға 
деген қызығушылық тудыратын заманауи білім беру технологияларын қолдану 
есебінен жаңартылған. 
Білім  беру  нәтижелеріне  қол  жеткізу  табыстылығын  қамтамасыз  ететін 
логикалық,  сыни  және  конструктивті  ойлау  негіздерін,  алынған  білімді  оқу 
және  тәжірибелік  іс-әрекетте  пайдалану  іскерлігін  қалыптастыру  мақсатында 
тиімді оқыту формалары мен әдістері енгізілген.  
Сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан интерактивті, инновациялық, 
жобалық-зерттеу  технологиялары,  сандық  инфрақұрылымды  қолдана  отырып, 
әр оқушының жеке білім алу траекториясын жүзеге асыруға көшу қамтамасыз 
етілген. 
Жалпы  алғанда  бағдарлама  мазмұны,  оқыту  формалары  мен  әдістерінің 
жаңартылуы  мұғалім  мен  оқушылар  арасында  серіктес  және  тату  қатынастар 
қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Білім  алушылардың  қолайлы  дамуы  үшін 
достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады. 
Білім мазмұнын жаңарту аясында: 

энциклопедиялық  сипаттағы  фактологиялық  материалды  беруге 
бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру; 

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру; 

ақпаратты  өздігінен  алу,  талдау  және  тиімді  қолдану  дағдысын 
қалыптастыру; 

оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  білім  мазмұны  анықталатын  білім 
салалары бойынша және қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге 
көңіл  аударатын  оқу  процесін  дәстүрлі  ұйымдастырудан  бас  тарту  көзделеді, 
яғни оқушылар:  

«біледі»,  

«түсінеді»,  

«қолданады»,  

«талдайды»,  

«жинақтайды»,  

«бағалайды».  
 
 


37 
 
Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  орындау 
үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуде қолданатын тәсілдері. 
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту 
әдістері  танымға  қызығушылық  туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады, 
ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқыту әдістері ең анық фактілерді 
білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
 
Оқыту 
әдістерінің  басты  қызметі  –  оқыту,  ынталандыру,  дамыту,  тәрбиелеу, 
ұйымдастыру.  
Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар, 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана 
отырып,  белсенділігін  арттыру  мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдаланып 
сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар.  
Интерактивті  тақта  –  бұл  компьютердің  қосымша  құрылғыларының  бірі 
және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: 
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.  
Интерактивті  құралдарды  сабаққа  пайдаланғанда  дидактикалық  бірнеше 
мәселелерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімді меңгеру; алған 
білімді  жүйелеу;  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  қалыптастыру;  жалпы  оқуға 
деген  ынтасын  арттыру;  оқушыларға  оқу  материалдарымен  өздігінен  жұмыс 
істегенде әдістемелік көмек беру.
 
Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  және  оқушылардың 
ақпаратты  меңгеруін  ұйымдастыру  арқылы,  көзбен  көру  жадын  іске  қосқанда 
арта  түсетін  қабылдау  мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  әдіс  деп  қарауға 
болады. Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі 
орасан көп.  
Әдістер  әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• 
оқу  іс-әрекетінің  сипаты  бойынша:  репродуктивтік,  проблемалық, 
зерттеу, ізденушілік,  түсіндірме – көрнекілік, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) 
және т.б.; 
• 
педагог  пен  оқушының  белсенділік  деңгейіне  байланысты:  пассивті, 
активті, интерактивті; 
• 
 
оқу  материалының  көзі  бойынша:
 
сөз,  көрнекілік,  іс-әрекеттік 
(практика);  
• 
оқу-танымдық  қызметті  ұйымдастыру  тәсілдері  бойынша:
 
іс-тәжірибеде 
білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастыру  әдістері,  жаңа  білім  алу  тексеру  және 
бағалау әдістері. 
1. 
Пассивті 
(енжар) 
әдіс  –  бұл  оқытушы  негізгі  әрекет  етуші  және  сабақ 
барысын басқарушы тұлға болып табылатын білім алушылар мен оқытушының 
өзара әрекеттесу формасы [9]. 2.1-сызбасында «Пассивті әдіс» көрсетілген. 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау