Күні: 3-маусым
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп»
Мақсаты:
Білімдік: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Әр түрлі пішінді доптарды, ермексаз арқылы мүсіндеуге үйрету;
Дамытушылық: Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әр түрлі, әр түсті доптар, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Іс- әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз!
Қайырлы таң, балалар!
|
Балалар шеңбер жасап тұрады,өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушы-
лық- ізденістік
|
Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме? Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.
- Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін?
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды.
Мен сендерге бүгін ермексаз арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?
Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес ермексазды таңдаймыз.
2. Ермексазды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына ермексазымызды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)
|
Сұраққа жауап береді.
-Өз ойларын айтады.
-допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін
Балалар үлкен кесек ермексазды алақандарына салып, мүсіндеуге кіріседі.
|
|
Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады
Добым, добым дөңгелек,
тоқтамайсың дөңгелеп.
|
Сергіту жаттығуын қимылмен жасайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |