Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет36/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
общеобязательных стандартов образования

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      29. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары рухани және өнегелі қасиет 
иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын ескере отырып еліміздің бәсекеге қабілетті, 
жоғары білікті, өзіндік ойлау қабілетті және қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, 
әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды дамыту 
және даярлау болып табылады.
      ӘАОО-да өз бетінше ойлауға, басқаруға және елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруға қабілетті, моральдық-адамгершілік 
қасиеті жоғары, жоғары білікті кадрларды даярлау жоғары білімнен кейінгі білім берудің мақсаты 
болып табылады.
      30. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
      1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
      2) құрмет;
      3) ынтымақтастық;
      4) ашықтық.
      31. Бейіндік магистратураны бiтiрушiлердің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
      оның:


      1) мынадай:
      ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
      жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және 
философиялық өзекті проблемалары туралы;
      жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;
      әлемдік бизнес әріптестiктің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық 
ортасының қазiргi жай-күйі туралы;
      кәсiпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық 
теориялары туралы;
      кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі 
болуы тиіс;
      2) мыналарды:
      ғылыми танымның әдiснамасын;
      экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;
      инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен қағидаларын;
      ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір 
шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;
      3) мыналарды:
      кәсiптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдана білуі;
      процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен 
тәсілдерін сын-көзбен талдай білуі;
      әртүрлi пәндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа белгісіз жағдайларда
талдамалық және басқарушылық мәселелерді шешуде қолдана білуі;
      кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау жүргiзе алуы және оның 
нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдана білуі;


      маркетинг пен менеджменттi ұйымдастыруға жаңа тәсілдерді практикада қолдана алуы;
      кәсiпорынның (фирманың) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан
тыс жағдайларда шешiм қабылдай білуі;
      экономикалық қатынастарды реттеудегi Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын 
практикада қолдана білуі;
      жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
      ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық 
технологияларды қолданып жүргізуі;
      диссертация, мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу 
және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс;
      4) мынадай:
      қалыпты ғылыми және кәсiптік міндеттерді шешу;
      ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми 
талдау және практикалық проблемаларды шешу;
      менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеу және алынған нәтижелерді 
кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;
      кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
      шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресiмдеу;
      күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажет бiлiмін 
кеңейту және тереңдету;
      кәсiптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану 
дағдыларының болуы тиіс;
      5) мынадай:
      мамандық бойынша зерттеу әдіснамасы саласында;
      қазiргi әлемдiк экономика проблемалары және әлемдік шаруашылық процестердегі ұлттық 
экономикалардың қатысуы саласында;


      кәсiпорын қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;
      әртүрлi ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттiк қызмет органдарымен өндiрiстiк байланыстарды 
жүзеге асыруда;
      бiлiмнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кәсiптік дағдыны және біліктілікті тереңдету 
тәсілдерінде құзыретті болуы қажет.
      ӘАОО-да салалық магистратураны бітірушілердің басты құзыреттеріне талаптар кәсіби 
құзыреттермен (біліктілік сипаттамаларымен, біліктілік талаптарымен) анықталады.
      32. Ғылыми және педагогикалық магистратура бiтiрушiлерінің негізгі құзыреттіліктеріне 
қойылатын талаптар:
      оның:
      1) мынадай:
      қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;
      ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
      жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және 
философиялық өзекті проблемалары туралы;
      жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;
      жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы 
түсінігі болуы керек;
      2) мыналарды:
      ғылыми танымның әдiснамасын;
      ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;
      оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;
      оқыту тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс;
      3) мыналарды :


      алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн
қолдана білуі;
      процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен 
тәсілдерін сын-көзбен талдай алуы;
      әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу міндеттерін шешу
үшін интеграциялауы;
      бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде 
тұжырымдама жасап, шешiм қабылдай алуы;
      жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған бiлiмін өз педагогикалық қызметiнде 
қолдана білуі;
      оқытудың интерактивті әдiстерін қолдана білуі;
      ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық 
технологияларды қолданып жүргізуі;
      жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
      ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді
жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгеруі;
      диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу 
және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.
      4) мынадай:
      ғылыми-зерттеу әрекеттері, қалыпты ғылыми мәселелерді шешу;
      кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
      кәсiптік пәндердi оқыту әдiстемесі;
      білім беру процесінде қазiргi ақпараттық технологияларды қолдану;
      кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
      шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан ресiмдеу;


      күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін бiлiмін кеңейту 
және тереңдету дағдысының болуы қажет;
      5) мына:
      ғылыми зерттеулердің әдіснамасы саласында;
      жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
      қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде;
      кәсiптік салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;
      бiлiмдi үнемі жаңартуды, кәсiптік дағдылар мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ету 
тәсілдерінде құзыретті болуы тиіс.
      33. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
      ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
      1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;
      2) өзекті болып, ғылыми жаңалықты және практикалық маңызды қамтамасыз ету;
      3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне
негізделуі;
      4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындау;
      5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) 
бөлімдерінің болуы;
      6) тиісті білім саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге енгізу.
      34. Магистранттың экспериментті-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
      бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:
      1) магистрлік диссертация (магистрлік жоба) қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына 
сәйкес келуі;


      2) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне
негізделуі;
      3) ақпараттық технологияның қазіргі әдістерін қолдана отырып орындау;
      4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша экспериментті-зерттеу (әдістемелік, практикалық) 
бөлімдерінің болуы.
      35. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, 
кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен 
келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      магистратураны мамандандыру аясында ӘАОО-да кәсіби құзыреттерге сәйкес (біліктілік 
сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) түрлі білім беру бағдарламаларын ӘАОО дербес әзірлейді
.
      Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      36. Магистратураның білім беру бағдарламалары модульді оқудың қағидаттары негізінде 
құрылымданады.
      Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу 
және ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады.
      37. Магистратураның білім беру бағдарламасында:
      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;
      2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;
      3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік жоспардың орындалуын қамтитын 
ғылыми-зерттеу жұмысы;
      4) бейіндік магистратура үшін магистрлік жоспардың орындалуын қамтитын эксперимент-зерттеу
жұмысы;
      5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
      38. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің 
негізінде іске асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы 
және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі айқындалады.


      ӘАОО-да білім беру бағдарламаларын іске асыру пәндердің оқу-әдістемелік кешендері 
негізінде жүзеге асырылады. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу нысаны, құрылымы мен 
тәртібін ӘАОО дербес айқындалады.
      39. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі 
бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен 
оқытушылардың еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
      Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы 
кредиттік жүйе қолданылады.
      40. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу 
сабақтарын жүргізу тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін 
қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асады.
      41. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары 
мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық 
сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
      42. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге 
асырылады.
      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
      ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) жоспары болып бөлінеді.
      43. ҮОЖ осы стандарт негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және
оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ӘАОО-да ҮОЖ осы стандарттың негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша 
әзірленеді және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті орган
бекітеді.
      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу 
қызметінің түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және 
қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті 
кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
      ӘАОО-да міндетті компоненттің және оқу қызметі әрбір түрінің әрбір оқу пәнінің 
көлемділігі (практиканың, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтиханын, кредиттердегі магистрлік 
диссертацияны ресімдеу және қорғау ҮОЖ-да айқындалады, ал жоғары оқу орны компонентін оқу 
пәндерінің әрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санын көрсетеді


      44. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің 
жүйеленген, ӘАОО-ны қоспағанда аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер 
каталогын (ЭПК) жасайды.
      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК 
магистранттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      45. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ӘАОО-ны 
қоспағанда ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір магистранттың жеке білім алу траекториясын анықтайды.
      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ (
МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау 
компоненті пәндері кіреді.
      ӘАОО-да магистранттың білім беру траекториясы ЖОЖ және магистранттың жеке жұмыс 
жоспарымен анықталады.
      46. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады 
және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы 
еңбексыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу 
қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік 
диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.
      ӘАОО-да ЖОЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде оқудың жалпы мерзіміне әзірленеді және білім беру 
мекемесінің басшысы бекітеді. ЖОЖ-да пәндердің тізбесі және олардың кредиттегі еңбек көлемі
зерттеу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа 
да түрлері (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны 
ресімдеу және қорғау және т.б.) айқындалады. ЖОЖ оқытушының сабақ кестесін және оқу жұмысының 
еңбек көлемін есептеуін жүргізу үшін негіз болып табылады.
      47. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны 
өзі айқындалады.
      ӘАОО-да ЖОЖ-ны әзірлеу және бекіту нысаны, құрылымы мен тәртібін ӘАОО дербес айқындайды.
      48. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен айқындалады.
      49. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және 
оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ӘАОО-да ҮОЖ міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды тиісті мемлекеттік 
уәкілетті орган бекітеді.


      50. Жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 
әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент 
пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің 
пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың 
нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі айқындайды.
      51. Магистрант ғылыми жетекшінің басшылығымен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде 
оқиды.
      52. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай 
бөлімдерден тұрады:
      1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
      2) ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және 
есеп беру нысаны);
      3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
      4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;
      5) магистрлік диссертацияны (магистрлік жоба) орындау жоспары;
      6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.
      ӘАОО-да магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне жасалады және мынадай 
тараулардан тұрады:
      1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеудің тақырыбы, бағыты, есептілік 
мерзімі және түрі);
      2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі және түрі);
      3) негіздемесі және құрылымы бар магистрлік диссертацияның тақырыбы;
      4) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
      5) ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (
ғылыми-теориялық конференцияларға) және т.б.
      53. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті 
әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.


      54. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны білім беру бағдарламасы компоненттерін
бөлу нормаларын осы стандартқа 
 (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және  , 
6-қосымшаға
8
10
 (бейіндік магистратура үшін) сәйкес басшылыққа алады.
-қосымшаларға
      ӘАОО-да оқу процесін жоспарлау барысында ӘАОО осы Стандартқа 
 (ғылыми және 
7-қосымшаға
педагогикалық бағыт үшін) және   және 
 (бейінді магистратура үшін) сәйкес 
9
11-қосымшаға
магистратураның білім беру бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
      55. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын 
көпшілік алдында қорғаған тұлғаға нормативтік оқу мерзімі кемінде 1-2 жыл болатын тиісті 
мамандық бойынша "магистр" дәрежесі беріледі.
      ӘАОО-да магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны
көпшілік алдында қорғаған тұлғаға тиісті мамандық бойынша және/немесе нормативтік оқу мерзімі 
кемінде 1-2 жыл болатын біліктілікті бере отырып, "магистр" дәрежесі беріледі.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау