90
39. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2)
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу
жұмысы
(тақырыбы,
зерттеу бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны);
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген докторлық диссертация
тақырыбы;
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
6) ғылыми жарияланымдар жəне тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік
тағылымдамадан өту жоспары.
40. Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 1-
қосымшаға
сəйкес
докторантураның
білім
беру
бағдарламасының
компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
42. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына əрбір
пəн немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді.
43. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу
сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке
бекітілген график бойынша оқытушының білім алушылармен байланыс
жұмысының
уақытын
білдіретін
академиялық
сағаттармен
жүзеге
асырылады.
44. Студиялық жəне зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық
жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін
бір академиялық сағат 75 минутқа жəне зертханалық сабақтар үшін 100
минутқа тең.
Докторант
практикасының
барлық
түрлерінің,
ғылыми-зерттеу
(эксперименталды-зерттеу) жұмысының жəне қорытынды аттестаттаудың бір
академиялық сағаты 50 минутқа тең.
45. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы докторанттың
аудиториялық жұмысының;
2) докторанттың кəсіби практика кезіндегі жұмысының;
3) докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы
(ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми консультанттармен жұмысының;
4) докторанттың докторлық диссертацияны жазу мен қорғау бойынша
жұмысының;
5) докторанттың кешенді емтиханға дайындық жəне оны тапсыру
бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
91
46. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың
ұзақтығымен жəне оқу жұмыстарының əр түрлері үшін академиялық
сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс
сағаттары) айқындалады.
Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50, 75 немесе 100
минутқа тең болуы мүмкін. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75
немесе 100 минутқа тең болғандықтан, докторанттардың аудиториялық
жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен толығады,
осылайша докторанттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір
аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Практиканың
əр
академиялық
сағаты
докторанттың
қосымша
жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады:
педагогикалық практика үшін - 1 сағат, өндірістік практика үшін - 4 сағат
жəне зерттеу практикасы үшін - 7 сағат.
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның
əрбір академиялық сағаты 7 сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады.
Қорытынды
аттестаттаудың
əр
академиялық
сағаты
докторлық
диссертацияны жазу жəне қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық жəне
оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс жұмысының бір
сағаты болып табылады. Докторантты қорытынды аттестаттаудың əр
академиялық сағаты 6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
47. Кредиттік оқыту технологиясында докторанттардың өздігінен
орындайтын жұмыстарының көлемі артады, ол екі түрге бөлінеді:
оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы
(ОДӨЖ) жəне докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ).
48. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін докторанттың өзіндік
жұмысы докторанттың оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан
тыс жұмысының түрі болып табылады. ОДӨЖ оқу сабақтарының жалпы
кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады.
49. ДӨЖ бен ОДӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі
арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды.
50. Дəріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі докторанттың
оқытушымен байланыс сағаттары жиынтығында əр байланыс сағаты 2 сағат
ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Студиялық жəне зертханалық сабақтар, докторанттың ғылыми-зерттеу
(эксперименталды-зерттеу) жұмысы, қорытынды аттестаттау сияқты оқу
жұмыстарының түрлері үшін ОДӨЖ жоспарлау қажеттілігін жəне оның
көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді.
51. Докторантурадағы оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық
аттестаттау кезеңінен, практикалардан, демалыстардан, докторанттың
ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысынан жəне соңғы курста
қорытынды аттестаттаудан тұрады.
52. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |