Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет35/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85

83 
 
6.  Оқу  жылындағы  демалыс  ұзақтығы,  бітіруші  курсты  есептемегенде,  7  аптадан  кем  болмауы  қажет.  Оқу  жылындағы  7  аптадан 
артық демалыс уақытын жоғары оқу орны өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады. 
7.  МЭЗЖ  оқытудың  басынан  бастап  жоспарлаған  дұрыс  жəне  теориялық  оқытумен  немесе  өндірістік  практикамен  қатар  өткізген 
дұрыс. Қызметтің əр түрін қатар жоспарлаған жағдайда осы қызмет түрлері бойынша апталық жүктеме азайтылып тиісінше олардың 
апта саны артуы тиіс, бірақ магистранттың орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы қажет. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.


84 
 
2-бөлім. Докторантура 
  
1. Жалпы ережелер 
  
1.  Осы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарты  (бұдан  əрі  -  стандарт)  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңына  сəйкес  əзірленді  жəне 
PhD 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламаларының 
мазмұнына, 
докторанттардың  білім  траекториясына,  білім  беру  құрылымы  мен 
мазмұнына,  докторанттардың  дайындық  деңгейін  бағалауға  қойылатын 
талаптарды белгілейді. 
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 
1)  докторантура  -  кемінде  3  жыл  нормативті  оқу  мерзімімен  міндетті 
түрде теориялық оқудың кемінде 75 кредитін, сондай-ақ кəсіби практиканың 
кемінде  6  кредитін  жəне  докторанттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-
зерттеу)  жұмысының  (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ)  кемінде  28  кредитін  еңгерту  арқылы 
философия  докторы  (PhD),  бейіні  бойынша  доктор  ғылыми  дəрежесін  бере 
отырып, ғылыми жəне педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасы; 
2) докторант - докторантурада білім алушы тұлға; 
3)  докторлық  диссертация  -  теориялық  қағидалар  жиынтығын  жаңа 
ғылыми  жетістік  деп  тануға  болатын  немесе  маңызды  əлеуметтік-мəдени 
немесе  экономикалық  мəні  бар  ғылыми  мəселе  шешілген,  не  енгізілуі  елдің 
экономикасының  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосатын  ғылыми  дəлелденген 
техникалық,  экономикалық  немесе  технологиялық  шешімдер  берілген, 
дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс. 
2.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламаларын  ведомостволық 
бағыныстылығы  мен  меншік  нысанына  қарамастан,  докторантураның  тиісті 
мамандықтары  бойынша  білім  беру  қызметін  жүргізуге  құқық  беретін 
лицензияның  жəне  аккредиттелген  əріптес  ғылыми  ұйымдармен  бірлескен 
ғылыми жəне білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну 
бойынша  ынтымақтастық  туралы  шарттардың  негізінде  жоғары  оқу 
орындары жүзеге асырады. 
3.  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындары  философия 
докторларын (PhD) жəне бейіні бойынша докторларды даярлады: 
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім мамандықтарының жіктеуішіне; 
2)  осы  стандартқа  жəне  докторантура  мамандықтарының  үлгілік  оқу 
жоспарларына; 
3) академиялық күнтізбеге; 
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына; 
5) оқу жұмыс жоспарларына; 
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына; 
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


85 
 
4.  Ғылыми  жəне  педагогикалық  кадрларды  даярлау  докторантурада 
кемінде  үш  жыл  оқу  мерзімімен  философия  докторы  (PhD)  мен  бейіні 
бойынша доктор ғылыми дəрежесін бере отырып жүзеге асырылады. 
5.  Философия  докторын  (PhD)  даярлаудың  білім  беру  бағдарламасы 
ғылыми-педагогикалық  бағытқа  ие  жəне  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі білім  мен  ғылым салалары үшін  іргелі білім беру,  əдіснамалық  жəне 
зерттеушілік  даярлық  пен  ғылымның  сəйкес  бағыттары  бойынша  пəндерді 
терең оқытуды қарастырады. 
6.  Бейін  бойынша  доктор  даярлаудың  білім  беру  бағдарламасы  ұлттық 
экономиканың  салаларына,  əлеуметтік  салаға:  білім  беру,  медицина,  құқық, 
мəдениет, қызмет көрсету, бизнес салалары жəне т.б. үшін іргелі білім беру, 
əдіснамалық  жəне  зерттеушілік  даярлық  пен  ғылымның  сəйкес  бағыттары 
бойынша пəндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады. 
Бизнес  ортасы  үшін  мамандар  даярлау  мақсатында  жоғары  оқу  орны 
DBA  бағдарламасын  іске  асыра  алады.  DBA  кəсіптік  білім  беру 
бағдарламасы  шеңберінде  мамандар  даярлау  мазмұны  мен  деңгейіне 
қойылатын  ең  төменгі  талаптарды  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  орган 
бекітеді. 
7. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 
тек күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. 
8.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  жоғары 
оқу  орнында  докторантураның  аккредиттелген  білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыратын  шет  елдік  жоғары  оқу  орындарымен  жəне  ғылыми 
орталықтарымен  білім  мен  ғылым  саласындағы  ынтымақтастық  туралы 
келісімдер  міндетті  түрде  болуы  тиіс  («Əскери  іс  жəне  қауіпсіздік»  тобы 
мамандықтары  бойынша  мамандар  даярлайтын  жоғары  оқу  орнын 
қоспағанда). 
9.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасын  меңгерген  жəне 
докторлық  диссертациясын  қорғаған  тұлғаға  білім  беру  саласындағы 
уəкілетті  орган  бекіткен  Ғылыми  дəрежелер  мен  ғылыми  атақтар  беру 
қағидаларына  сəйкес  PhD  доктор  немесе  бейін  бойынша  доктор  ғылыми 
дəрежесі беріледі. 
10. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді: 
1) докторанттардың дайындық деңгейіне жəне жоғары оқу орындарының 
білім  беру  қызметіне  міндетті  талаптар  қою  есебінен  білім  сапасына 
кепілдікті қамтамасыз ету; 
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу; 
3)  докторанттардың  дайындығын  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру; 
4) докторанттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау; 
5)  Қазақстанның  біртұтас  білім  беру  кеңістігінің  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз ету; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау