Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет41/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85

96 
 
Докторлық  диссертацияның  тақырыбы  оның  өзектілігін  есепке  ала 
отырып  докторантураға  қабылданғаннан  кейін  екі  айдан  кешіктірілмей 
анықталады. 
Диссертациялық 
зерттеудің 
бағыты, 
əдетте, 
ұлттық 
басымдықтармен  не  мемлекеттік  бағдарламалармен  не  іргелі  немесе 
қолданбалы зерттеу бағдарламаларымен байланысты болуы тиіс. 
76.  Докторлық  диссертацияның  негізгі  нəтижелері  осы  стандарттың  27-
тармағына сəйкес жариялануы тиіс. 
77.  Докторлық  диссертацияның  мазмұны  мен  ресімделуіне,  оларды 
даярлау  мен  қорғауға  қойылатын  талаптар  білім беру  саласындағы  уəкілетті 
органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 
78.  Докторлық  диссертация  міндетті  түрде  Ұлттық  ғылыми-техникалық 
ақпарат  орталығы  жүзеге  асыратын  авторға  жəне  ақпарат  көзіне  сілтемесіз 
мəліметті  пайдалану  туралы  (диссертацияда  плагиаттың  бар-жоғына) 
тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс. 
79.  ЖОО-ның  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар  лицензиялау 
кезінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған. 
Жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу 
бағдарламаларының  талаптарын  ұстанған  жағдайда  оқу  сабақтарын 
ұйымдастыру  мен  өткізудің  əдіс-тəсілдері  мен  нысандарын,  оқытудың 
əдістерін еркін таңдауға құқылы. 
80.  Ғылыми  мектептер  ел  аумағында  немесе  халықаралық  деңгейде 
танылған болуы тиіс. 
Танымдылық  индикаторларына  жоғары  импакт-факторы  бар  ғылыми 
басылымдарда  жарық  көрген  мақалалар,  шетелдік  əріптестермен  бірге 
орындалатын халықаралық жəне отандық ғылыми жобалар жатады. 
81.  Оқытушы  кадрлар  оқытудың  заманауи  интерактивті  əдістері  мен 
технологияларын меңгеріп, оларды оқу процесінде пайдалана білуі тиіс. 
82.  Докторантқа  оқуға  қабылданғаннан  кейінгі  екі  айдың  ішінде 
докторлық  диссертацияға  жетекшілік  жасау  үшін  ғылыми  жетекші 
тағайындалады. 
Докторанттың  ғылыми  жетекшілігі  мен  зерттеу  тақырыбы  ғылыми 
кеңестің  шешімі  негізінде  жоғары  оқу  орны  ректорының  бұйрығымен 
бекітіледі. 
83.  Докторанттарға  ғылыми  жетекшілікті  ғылым  докторлары  мен 
кандидаттарының,  философия  (PhD)  докторларының  ішінен  сайланған, 
құрамы  кемінде  2  адамнан  тұратын  жəне  олардың  біреуі  шетелдік  жоғары 
оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссия атқарады 
(«Əскери іс жəне қауіпсіздік» мамандықтар тобын қоспағанда). 
Аталған  ғылым  саласында  (мамандық  бейіні  бойынша)  ғылыми 
зерттеулермен  белсенді  түрде  айналысатын  жəне  ғылыми  жетекшілік  жасау 
тəжірибесі бар тұлғалар ғылыми консультанттар бола алады. 
 
 
  
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


97 
 
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
  
84.  Оқытудың  нəтижелері  Дублин  дескрипторларының  3-деңгейі 
(докторантура)  негізінде  анықталады  жəне  құзыреттер  арқылы  көрінеді. 
Оқыту  нəтижелері  бағдарламаның  барлық  деңгейінде  де,  жеке  пəннің, 
модульдің деңгейінде де сипатталады. 
Үшінші деңгейдегі дескрипторлар: 
1)  зерттеу  саласындағы  жүйелі  түсініктерді,  осы  салада  қолданылатын 
зерттеу əдістерін қолдану шеберлігін көрсету; 
2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, əзірлеу, іске асыру 
жəне түзету; 
3)  өзінің  ұлттық  немесе  халықаралық  жариялануға  тұрарлық  ерекше 
зерттеулерімен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу; 
4)  жаңа  жəне  күрделі  идеяларды  сыни  тұрғыда  талдау,  бағалау  жəне 
жинақтау; 
5) өзінің білімін жəне жетістіктерін əріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа 
жəне қоғамға жеткізу; 
6)  білімге  негізделген  қоғамның  дамуына  септігін  тигізу  қабілеттерінің 
болуын қарастырады. 
85. Докторантураның жалпы құзыреттіліктері: 
1) мынадай: 
− ғылым  эволюциясындағы  парадигмалардың  ауысуы  мен  дамуының 
негізгі кезеңдері туралы; 
− жаратылыстану 
(əлеуметтік, 
гуманитарлық, 
экономикалық) 
ғылымдарының  пəндік,  дүниетанымдық  жəне  əдіснамалық  ерекшеліктері 
туралы; 
− білімнің  белгілі  бір  саласындағы  ғылыми  мектептер  мен  олардың 
теориялық жəне практикалық жаңалықтары туралы; 
− белгілі  бір  саладағы  əлемдік  жəне  қазақстандық  ғылымның  ғылыми 
тұжырымдамалары туралы; 
− ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; 
− ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; 
− ғалым-зерттеушінің  педагогикалық  жəне  ғылыми  этикасы  туралы 
түсінігінің болуы; 
2) мыналарды: 
− жаһандану  мен  интернациялизацияландыру  жағдайында  отандық 
ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; 
− ғылыми танымның əдіснамасын; 
− белгілі  бір  саладағы  əлемдік  жəне  қазақстандық  ғылымның 
жетістіктерін; 
− ғылым  мен  білімнің  əлеуметтік  жауапкершілігін  (сезінуі  жəне 
қабылдауы); 
− халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін кемінде бір шет тілін кəсіптік деңгейде білуі қажет; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


98 
 
3)мыналарды: 
− ғылыми  зерттеулер  үдерісін  ұйымдастыруды,  жоспарлауды  жəне  іске 
асыруды; 
− зерттеу саласындағы əртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, 
бағалауды, салыстыруды жəне қорытынды жасауды; 
− əртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды жəне өңдеуді; 
− заманауи  теориялар  мен  талдау  əдістері  негізінде  академиялық 
тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды; 
− ғылыми  танымның  шекарасын  кеңейте  отырып,  өзінің  жаңа  ғылыми 
ойларын  айтуды,  өзінің  білімі  мен  ойларын  ғылыми  қоғамдастыққа 
жеткізуді; 
− зерттеудің заманауи əдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды; 
− өзінің кəсіби дамуын жоспарлауды жəне болжауды білуі тиіс; 
4) мынадай: 
− əртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау 
жəне салыстыру; 
− ғылыми қызметте талдау жəне эксперимент жүргізу; 
− зерттеулер нəтижелерін жоспарлау жəне болжау; 
− халықаралық  ғылыми  форумдарда,  конференциялар  мен семинарларда 
шешендік өнер жəне көпшілік алдында сөйлеу; 
− ғылыми хат пен ғылыми байланыс; 
− ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру жəне іске асыру; 
− зерттеу  саласында  жүйелі  түсінік  пен  таңдап  алынған  ғылыми 
əдістердің сапалылығы мен нəтижелілігін көрсете білу; 
− ғылыми  іс-шараларда,  іргелі  ғылыми  отандық  жəне  халықаралық 
жобаларға қатысу; 
− басқарудағы көшбасшылық жəне ұжымды басқару; 
− ғылыми  жəне  ғылыми-педагогикалық  қызметке  жауапкершілікпен 
жəне шығармашылықпен қарау; 
− заманауи  ақпараттық  жəне  инновациялық  технологияларды  қолдана 
отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тəжірибесі; 
− ғылыми  жаңалықтар  мен  туындыларға  зияткерлік  меншік  құқығын 
қорғау; 
− шет тілінде еркін сөйлесу дағдысының болуы тиіс; 
5) мынадай: 
− ақпараттар  ағымының  жедел  жаңару  жəне  жедел  өсу  жағдайындағы 
ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық қызмет саласында; 
− теориялық жəне эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде; 
− ғылыми  зерттеуде  теориялық  жəне  қолданбалы  міндеттерді  қою  мен 
оларды шешуде; 
− белгілі  бір  саладағы  мəселелерге  кəсіби  жəне  жан-жақты  талдау 
жүргізуде; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау