92
53. Əр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың/қорытынды
бақылаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды.
Пəн бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
54. Оқу жылы бойындағы демалыс ұзақтығы соңғы курстан өзге
курстарда 5 аптадан кем болмауы тиіс.
55. Докторанттардың кəсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе
мен докторанттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес осы стандартпен жəне
мамандықтың ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.
56. Практикалардың ұзақтығы докторанттың практика кезіндегі 30
сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат)
нормативті жұмысын уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады.
Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті
практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына
көбейту керек жəне оны докторанттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына,
яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика
үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50
минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1
кредитке сəйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде
педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны,
зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
57. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жəне ДҒЗЖ, ДЭЗЖ
аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең докторанттардың апта бойғы жұмысының
нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде ДӨЖ-ді қоса
есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
58. ДҒЗЖ, ДЭЗЖ бір кредитіне докторант жұмысының 120 (15х8) сағаты,
яғни 2,2 апта сəйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта
сəйкес келеді. Оның ішінде 15 байланыс сағаты докторанттың оқытушымен
жұмысына, 90 сағаты ДӨЖ-ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға жəне тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта
бөлінеді.
Докторлық диссертацияны (жобаны) ресімдеуге жəне қорғауға 4 кредит,
яғни тиісінше 8 апта беріледі.
59. Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ДҒЗЖ/ДЭЗЖ
кезеңінде орындалады.
60. Докторанттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін,
оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық
қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта
есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пəндерін оқып-үйрену үшін,
үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы
семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
93
61. Білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті докторанттың
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу
жұмысынан,
ғылыми
жарияланымдарынан жəне докторлық диссертацияны жазуынан тұрады.
62. Философия докторын (PhD) немесе бейін бойынша доктор даярлау
бойынша білім білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі
докторанттың кемінде 75 кредитті, оның ішінде теориялық оқу бойынша
кемінде 36 кредитті, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін,
ДҒЗЖ/ДЭЗЖ кемінде 28 кредитін игеруі болып табылады.
Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп,
диссертацияны сəтті қорғаған докторантқа оқу мерзіміне қарамастан PhD
доктор немесе бейін бойынша доктор ғылыми дəрежесі беріледі.
63. Бейіндік докторантураны бітіруші педагогикалық мамандық пəндері
циклін меңгерген жəне педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана
ғылыми жəне педагогикалық қызметпен айналыса алады. Аталған цикл
қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі (егер оқу жоспарында
қарастырылмаған болса), оны аяқтаған соң негізгі дипломға тиісті
сертификат беріледі.
64. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын
толық
меңгерген,
бірақ
ғылыми-зерттеу
компонентін
орындамаған
докторантқа ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта
игеруге жəне диссертацияны келесі оқу жылында қорғауға мүмкіндік
беріледі.
65. Докторантураның білім беру бағдарламасының теориялық курсын
толық меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде докторлық диссертацияны
қорғамаған докторанттың докторантурада оқу мерзімі ақылы негізде
ұзартылуы мүмкін.
66. Жоғары оқу орны докторантураның оқу процесін алынған
лицензиясына
сəйкес
ұйымдастырады
жəне
білім
беру
қызметіне
лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс.
67. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен,
білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, кітапхана қорымен, Интернет
жəне басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген
докторанттарды жатақханамен жəне докторанттарды басқа да қолдау
қызметімен қамтамасыз етеді.
68. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Докторантура бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орнында
санитарлық-техникалық нормаларға сəйкес келетін жəне оқу жоспарында
көзделген теориялық жəне практикалық даярлықтың барлық түрлерін
жүргізуді,
сондай-ақ
докторанттың
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-
зерттеу жұмыстарын тиімді өткізілуін қамтамасыз ететін материалдық-
техникалық
базасы
(аудиториялық
қор,
компьютерлік
сыныптар,
зертханалар, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы
тиіс.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |