24
жəне мақсатын, оларды меңгеру үшін оқу уақытының көлемін айқындайтын
құжат;
10) кəсіптік құзіреттілік - білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кəсіптік
қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде
маманның кəсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
11) кəсіптік практика - кəсіптік білім берудің оқу процесінің
ажырамайтын бөлігі жəне білікті техникалық жəне қызмет көрсету еңбегі
жұмыскерлерін еңбек қызметіне кəсіптік даярлаудың тиімді нысаны;
12) оқу жұмыс жоспары - білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін,
оқу пəндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын жəне
оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен
шеберлігін бақылауды жəне кəсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін,
үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық жəне кəсіптік білім беру
ұйымы əзірлейтін құжат;
13) оқу жұмыс бағдарламасы - білім беру ұйымдарының басшыларымен
бекітілетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты
пəні үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары əзірлейтін құжат;
14) үлгілік оқу жоспары - техникалық жəне кəсіптік білім беру
ұйымдарында кəсіп пен мамандыққа оқыту мерзіміне қатысты оқу пəндерінің
тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде əзірленетін
құжат;
15) үлгілік оқу бағдарламасы - үлгілік оқу жоспарының нақты бір пəн
бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен дағдының мазмұны мен
көлемін айқындайтын құжат;
16) цикл - білім берудің бір бағытындағы оқу пəндерінің жиынтығы.
3. Техникалық жəне кəсіптік білімі бар кадрларды даярлау осы
стандартқа, сондай-ақ:
1) оқу-бағдарламалық құжаттамаға - оқу жоспарының моделіне, үлгілік
жəне
оқу
жұмыс
жоспарлары
мен
бағдарламаларына,
жеке
оқу
жоспарларына;
2) білім беру бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уəкілетті
органдары бекіткен нормативтік құжаттарға сəйкес жүзеге асырылады.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
4. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны:
1) жалпы білім беретін пəндер бойынша интеграцияланған курстарды
зерделеуді;
2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кəсіптік, арнайы пəндерді
зерделеуді;
3)
жоғары
оқу
орындарының
1-2
курстарының
білім
беру
бағдарламаларымен қоса техникалық жəне кəсіптік білім берудің
интеграцияланған білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
25
5. Білім беру бағдарламаларын əзірлеу мен іске асыруда техникалық жəне
кəсіптік білім беру ұйымдары:
1) кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының
жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пəндер үшін оқу уақыты
көлемін 25% дейін өзгертуге;
2) оқыту процесінің əртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру
мен бақылаудың нысандарын, əдістерін таңдауға құқылы.
6. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламалары міндетті
пəндермен қатар, білім беру ұйымы айқындайтын пəндерді, факультативтік
сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке
қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
7. Техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру
базалық жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімі бар, оқытылатын пəн
бейініне сəйкес жəне педагогикалық жəне əдістемелік қызметпен жүйелі
түрде айналысатын инженерлік-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз
етіледі.
8. Өндірістік оқыту мен кəсіптік практиканы ұйымдастыру:
1) кəсіптік дағдыларды игеру бойынша оқу-өндірістік жұмысты (оқу
практикасы мен өндірістік оқыту);
2) кəсіптік дағдыларды (жұмысшы мамандығын алуға, өндірісте оқытуға
арналған) игеру жəне бекіту бойынша оқу-өндірістік жұмысты;
3) кəсіптік практиканы (технологиялық, дипломалды) қамтиды.
Практиканың əрбір түрінің ұзақтығы маманның біліктілігіне байланысты
маманның
біліктілік
сипаттамасына
қойылатын
талаптарға
сəйкес
анықталады.
Өндірістік
оқыту
оқу-өндірістік
шеберханаларда,
оқу
шаруашылықтарында жəне оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің
басшылығымен жүзеге асырылады.
Кəсіптік
практиканың
мерзімі
жəне
мазмұны
оқу
жұмыс
бағдарламаларымен жəне оқу жұмыс жоспарларымен айқындалады.
Практикадан өту кезінде білім алушыға разряд, санат беріле отырып,
жұмысшы біліктілігінің бір немесе бірнеше жақын мамандықтарды меңгеру
көзделеді.
Кəсіптік даярлық (жалпы кəсіптік жəне арнайы пəндер бойынша
зертханалық-практикалық сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалау,
өндірістік оқыту, кəсіптік практика).
Кəсіптік практика міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің
кемінде 40%-ын құрауы тиіс.
Кəсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілермен
берілетін жұмыс орындарында өткізіледі жəне оқыту процесінде алынған
білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен кəсіптік құзыреттерді меңгеруге
бағытталған.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |