Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы


Список использованной литературы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет6/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

14
Список использованной литературы:
1. 
Якиманская И.С. Развивающее обучение – М., 1979.
2. 
Лазаренко Л.А. психологическая компетентность как детерминанта профессиональной успешности пре-
подавателя высшей школы. – Краснодар. 2013. 
3. 
Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышении качества подготовки специалистов образования. – 
М., 2001.
4. 
Щербакова Т.Н. Психологическая компетентность учителя: содержание, механизмы и условия развития. 
– Ростов н/Д., 2005.
ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ИДЕЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Абиыр Ақбота Абиырқызы
аға оқытушы, С. Демирель атындағы университет
Қазақстан егемендік алып, өз алдына мемлекет болған кезден бастап өлең өлкесіне ат ізін салған қа-
зақ поэзиясының жас буын өкілдері арасындағы қаламдастарының қалың тобынан суырылып шығып, 
алға озған бір шоғыры күні бұл жанрда өз қолтаңбаларын қалыптастырып үлгерген елеулі есімдерге 
айналды. Осы топтың қатарына кіретін ақындарды айтатын болсақ, поэзия əлеміне өлеңнің еңселі ақ 
ордасын сəн-салтанатымен, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған бір топ жас толқын М. 
Райымбекұлы, А. Темірбай, А. Исаділ, Б. Айболатұлы, Н. Бердалы сияқты ақындарымыз поэзия əлемін 
жаңа бір көкжиекке көтерді.
Əдебиеттегі  көркемдік  таным  эстетикалық  жағынан  саналы,  мəдениеті  жоғары  адам  үшін  зор 
талғамға ие болу керек. Өнер адамының шығармашылығына еркіндік беріледі. Ендеше, көркемөнерді, 
соның ішінде, көркем əдебиетте, жақсы, тамаша, тұшымды шығармалар жазулуы керек. Поэзия – киесі 
бар өнер. 
Бүгінгі  жас  ақын дар  поэзиясына  ортақ  елеулі  ерек шеліктердің  бірі – оқыр манын  оқыта  отырып, 
ойланту. Қазіргі жас ақындар «дəстүрлі», «стандартты» суреттеуден «қашады». Жас ақындарды сыды-
ртып оқып шығып тү сіне алмайсыз, кідіруге, ойланып оқуға мəжбүрсіз. Соның бірі – жаңа болмыстың 
алуан күрделі құбылыстары.
Постмодернизм бүгінгі əдебиетшілердің назарына көптен ілігіп жүрген əдеби құбылыс деп санала-
ды. Ол – қазіргі əдебиеттің басты ағымы. Ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі 
мазалайтыны рас. Мұның бəрі қазақ əдебиетінде де постмодернистік бағыттағы өкілдердің бар екенін, 
осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын жəне олардың бəрі саналы түрде 
емес,  шығарманың  ішкі  көркемдік  тұтастығынан  туындап,  ішкі  үндестігінен,  табиғи  заңдылығынан 
шығып отырғанын да көрсетеді. Олардың дені Т. Əбдікəкімов, Е. Раушан, С. Ақсұңқарұлы сияқты ар-
найы  саналы  түрде  эксперимент  жасап,  постмодернистік  стиль  қалыптастыруға,  соған  лайықты  сөз 
құрап,  ойлау  жүйесін  жасауға  талпынған  таланттардың  өзіндік  табиғи  талантынан,  суреткерлік  ше-
берліктерінен,  көркемдік  бейнелеу  құралдарын  шебер  ойната  білуінен  туындап  жатқан  даралық  си-
пат екенін ескерген жөн. Демек, қазіргі өлеңтанудағы көрініп отырған жанрлық өзгерістерге шығарма 
көркемдігін əр түрлі троптар жүйесімен тұтастырып тұрған сипатты тануға болады. Өзін-өзі тануға 
ұмтылыс жасап жатқан ақындарымыздың түрлі ізденіске баруының астарына үңілуге тырыстық. 
«Ақын біткен Абылды іздеп өксиді,
Жаратылған қара жүрек Қабылдан» [1,15] – деп Маралтай Райымбекұлы пенде болса 
да,  періштелікке  ұмтылған  əдебиеттегі  кейінгі  толқынның  көркемдік  əлемі  сан  алуан.  Қазіргі  лири-
кадағы сан тарау ізденістердің негізі – шынайы сезінуден, толғанудан туындайтын сезімдерді жеткі-
зе  білуден  бастау  алса,  бұл  тарапта  постмодернист  Маралтайдың  жаңашылдығы  «жүрегіне  жұлдыз 
шашып  ойнаған  түн», «қобыз  тартып  қаңқылдап  көшіп  бара  жатқан  жан», «даланы  бауырына  алып 
құлаған  қара  түн», «адам  тəнінен  қонарға  жер  таппаған  періште», «санаға  сарыған  сайқал  тағдыр», 
«аппақ айдың анарындағы дақ», т.б. бейнелеулерден көрінеді.
Постмодернистік  поэзияға  тəн  транслиризм,  психолиризм  сияқты  тəсілдер  Маралтай  өлеңдеріне 
жат емес:
Түн мекені түнекке
Серік таппай бойлаған.


15
Біздің ғазиз жүрекке
Жұлдыз шашып ойнаған [1,32].
Түннің мұндай қалпы мен əрекетін ақынның ақындық көзі мен түйсігі ғана аңғарса керек. Тапта-
урын баяндау мен қалыптасқан дағдыдан өзгеше өрнекке бой ұру келесі жолдарда жалғасын тапқан:
Кексе дүние тұр үнсіз,
Көкке сүйреп көңілді.
Қалатындай ғұмырсыз
Санам санға бөлінді.
Алғашқы шумақтан басталған транслиризм сарыны шумақтан шумаққа өткен сайын күшейе түседі. 
Сөйтіп  ақынның  ішкі  əлеміндегі  құбылысты,  психологиялық  ахуалды  микро-əлемнен  макро-əлемге 
көшіреді. Лирикалық кейіпкер мен кеңістік біртұтас бейнеге айналғандай. Психологиялық сарын мен 
лиризмнің тоғысуына – психолиризмге қарай бет бұрған келесі шумақтағы бейнелеулердің əсерлілігін 
пайымдап көрелік:
Құстың тынып шырылы,
Жаным аңсап, егіліп,
Қайыңдардың бұрымы
Жүрегіме төгіліп [1,30].
Артық сөз жоқ. Құс шырылын аңсаған мазасыз жан, қайыңның «бұрымына» мекен болған жүрек то-
сындығымен, шебер үйлесімділігімен санамызды селт еткізіп, жанымызды бір сазға бөлейді. Тылсым 
сырлы жалғанның ашылмаған құпиясы көп. Сол құпияны шеше алмастан фəниден бақиға көшетін рух 
тіршілігі тоқтамақ емес. Фəнидегі керуен – өмірдің бейнесі «есік қаққан» қалыпта өлеңге нүкте болған:
Біз ұқпаған жалғанның
Сіз табарсыз шешімін.
Қағып, күтіп қалған кім,
Ескі өмірдің есігін?!
Ескі өмірдің есігін қағу – түп бастауға құрмет, соған байлаулы ғұмыр əрекеті. Маралтайдың көр-
кемдік кеңістігіндегі сүйіктісінің қара шашы – өзінің қара түсті мұңы тəріздес. Жұлдыз да сол аңсар 
жанның жанарында жарқылдап ағады. Санасы сағым кезіп сарғайған лирикалық кейіпкердің тасасын-
да тұрған ақын болмысы бірде Көктегі Аймен кіндіктес жердегі Ай болып көрінсе, енді бірде «тарпаң 
мінезді», «кісі бейнелі, тарпаң жүректі» Кентавр түрінде көлденеңдейді».
«Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным» деп күңіренген Абайдағы жалғыздық тақыры-
бы өміршең тақырыптардың бірі болып отырғанына жастар поэзиясындағы мазмұндық ерекшеліктерді 
екшегенде көз жеткіздік. Өмір шындығын ашу, қоғамдағы қайшылықтардың түп-тереңіне бойлау, адам 
жəне  қоғам  байланысындағы  қатынастарды  барынша  шынайы  көрсетуге  ұмтылған  қаламгерлердің 
бəріне ортақ сауал бар: адам не үшін өмір сүреді? Осындай мəңгілік сауалдың жауабын өз болмысымен 
өлшеп, өз əрекетімен, өз ортасымен беруге тырысқан лирикалық тұлғалардың, əдеби қаһармандардың 
бойынан рухани эстетикалық танымындағы өзгешеліктер байқалады. Адам жалғыз қалғанда ғана өзін-
өзі табады.
«Тас жүрексің» деп жылайды Күн маған,
«Тасбауырсың» деп күледі Түн маған.
...Алла Адамды жаратқанда балшықтан
Бір түйір тас кетті ме екен қосылып?.. 
Бұл – мейірімнен  ада  болып,  бауырмалдық  құрып  бара  жатқан  қоғамның  сұрағы.  Өмірді  өзгеше 
көру, өзгеше түйсіну – ақындық шарт, көркемдік атаулының кілті. Мелшиген қара тастан мұңлы дүние 
табу – қияметтің ісі болса керек. Адамзат баласының «тасбауырлығы мен тас жүректілігіне» табиғат-
тың өзі күңіренуі, яғни Күннің жылауы мен Түннің күлкісі арқылы бейнелеген.
Тас керең қоғам түсінсін қайдан сырымды,
Тас бауыр тірлік. Тас жүрек тағдыр. Тас – бəрі...
Тас тірліктің соңы адамның жалғыздығына əкеп тірейді:
Таңым қашан атады?!
Мезі қылды мына түннің шатағы.
Жатқанымда төсегімде жантайып,
Жалғыздығым  қабырғама  батады [2,24], – деп  жалғаннан  жанын  түсінер  жан  тап-
паған Алмас ақынның қабырғасы қайысады. «Жалғызсың деп жазғырған жолдасыма жауап» өлеңінде 
өз «Менін» қорғап «Жалғыздық – жалғыз досым Құдай қосқан, жалғанда одан артық жолдасым жоқ» 
деп өз пікірін айтады.


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау