Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет56/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62

113
салаларында «компьютерлік эксперименттер» арқылы жүргізу мүмкіндігінің бар болуы. 
Олай болса, білім алушылардың іс-əрекетінің белсенділігін арттыру үшін ерекше үлкен мүмкіндік-
тер ұсынатын АҚТ-ды пайдалану кезінде, сондай-ақ оқытудың жаңашыл емес траекториясын шығарып 
тастау жəне сонымен бірге оқыту уақытын қысқарту үшін, оқыту процесін басқаруды арттыру қажет. 
Электрондық оқытукезінде оқытудың жүйелілік пен бірізділік талабы дегеніміз оқып білетін пəн 
саласындағы білімдердің белгілі бір жүйесін оқушылардың тізбекті меңгеруін қамтамасыз етуді біл-
діреді. Білімдер, біліктер мен машықтар белгілі бір ретпен қалыптасуы үшін жүйеде оқу материалының 
əрбір  элементі  басқалармен  логикалық  түрде  байланысуы  жəне  келесісі  алдыңғысына  сүйенуі  жəне 
жаңаны меңгеруге дайындауы қажет.
«Оқу процесіндегі мəселелер, танымдық міндеттер кездейсоқ жағдайлармен емес, оқу процесінің 
логикасымен алдын ала келісілген белгілі бір бірізділікпен ұсынылады». Электрондық оқыту кезінде 
сол немесе басқа ғылымның логикалық құрылымы оқу пəнінің логикалық құрылымына механикалық 
түрде тасымалданбайтынын есте сақтау қажет. Оқу пəнінің логикасында ғылымның жетекші идеяла-
ры жəне де оның оқыту бағдарламасына кіруі тиіс мазмұны ашылады. «Оқу пəнінің логикасы жалпы 
бағытты, яғни ғылым негіздерін оқып біліу «стратегиясын» анықтайтын ерекше маңызды санат» [3]. 
Алайда  оқытудың  нақты  жолы  енді  оқушылардың  білімдерді  меңгеру  қатынасы  ретінде,  танымдық 
қабілеттерін дамыту ретінде де тиімді нəтижелерді оңтайлы түрде қамтамасыз ететін оқыту қадамда-
рының бірізділігін білдіретін оқу процесінің логикасымен анықталады. «Оқу процесінің логикасы оқу 
пəнінің логикасымен тығыз, бірақ оған теңбе-тең емес, байланыста тұрады. Оқу процесінің логикасы 
тым  қозғалымды,  бұралаң,  қарама-қайшылықты.  Ол  оқу  пəні  логкасының,  оның  бағдарламасы  мен 
мазмұнының  жəне  оқулық  мазмұнының  қарапайым  проекциясы  болып  саналмайды.  Оқу  процесінің 
логикасы дегеніміз оқу пəнінің логикасы мен оқытылатын оқу материалын оқушылардың меңгеру пси-
хологиясының қорытпасы».
Электрондық  оқыту  кезінде  «пайдаланушының  əрекеті»  мен  оқыту  белсенділігінің  талаптарын 
«реттейтін», пайдаланушыға өз əрекеттерін (оқытудың өз траекториясын) таңдау еркіндігін ұсынуды 
ұйғаратын оқытудың бір ізділігі мен жүйелілігі талаптарының арасындағы тиімді арақатынасты табу 
керек. 
Мəселелік қағидасы оқушыға шешу керек болатын оқу мəселесінің жағдаяттарымен ол кездескен 
кезде оның ойлау белсенділі артатын психологиялық заңдылықтарды бейнелейді. Электрондық оқыту 
жағдайында осы дидактикалық талаптың орындалушылық деңгейі дəстүрлі оқытуды пайдалану кезін-
дегіге  қарағанда  айтарлықтай  жоғары  бола  алады.  Оқу  мəселесінің  айқын  көрнекі  қойылымы  жəне 
онша айқын емес ұсыну, оны шешу жолдары болуы мүмкін. Осы кезде барлық сұрақтар мен тапсырма-
ларды мəселелік формада тұжырымдау мақсатқа лайық емес. «Негізгі іргелі білімдерді шарасыз түрде 
оқушыларға хабарлауға, мəселелік оқытудан тыс оларға түсіндіруге тура келеді; іс-əрекет тəсілдерінің 
айтарлықтай бөлігін машықтанумен жəне жаттығулармен бекіту қажет. Жəне тек білімдер мен іс-əре-
кет тəсілдерінің белгілі бір бөлігі, шебер жəне негізделген түрде іріктелгені ғана оқытудың мəселелік 
объектісі болады» [4].
Электрондық  оқыту  жағдайларында  білім  алушыларды  мəселені  шешу  тəсілін  табу  ұсынысымен 
қарама-қайшылыққа келтіру; сол бір мəселені əр түрлі көзқарас тұрғысынан баяндау; білім алушыға 
құбылысты,  затты  əр  түрлі  жағынан,  оның  жұмыс  істеуінің  əр  түрлі  қырынан  қарастыруды  ұсыну; 
оқушылардың салыстыру, қорытындылау, жағдаяттан қорытынды жасауын ояту, деректерді салысты-
ру; мəселелік сұрақтарды қою; мəселелік тапсырмалар мен есептерді шешу; мəселелік жағдаяттарды 
шешу уақытын бірден шектеу сияқты жəне басқада оқу материалын баяндаудың арнайы əдістемелік 
тəсілдерін пайдалану есебінен оқушыларға мəселелік жағдаяттарды ұсыну мүмкіндігі кеңейеді. 
Оқытудың аудиокөрінерлік құралдары оқушыларға соншалық көп оқу материалын беруге қабілетті, 
тек қалай олар меңгере алады. Оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу оңтайлы шешім қабылдау білігін 
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады жəне оқыту процесін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейім-
деуге мүмкіндік береді. 
Оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдарымен қарым-қатынас оқу процесіне сұқбаттық 
сипат беруге көмектеседі. Осы кезде оқушылар психологиялық ыңғайлы күйде тұрады, өйткені осы 
жағдайларда оқытушының немесе оқу процесінің басқа қатысушыларының тарапынан олардың əре-
кеттерін жағымсыз бағалау болмайды [5].
АҚТ-дың  негізінде  осы  қағидамен  бағытталатын  электрондық  оқытудың  мақсаты  құлшыныстың 
ортаны дамытуға, мектеп оқушысының іргелі мұқтаждықтар жүйесін жəне онымен байланысты құл-
шыныстарын  –парасаттық  мұқтаждықтарын,  танымдағы,  табыстағы,  танымдық  қарым-қатынастағы 
мұқтаждықтарын, оқудағы, еңбектегі мұқтаждықтарын қалыптастыруға саяды. Қарастырылатын қағи-


114
да оқушыларда жеке түрткілерді (мүдделерді) емес, оның құрамдас бөліктерінің өзарабайланыстығын 
сипаттайтын  үйлесімді  құлшыныстық  ортаны  ұйғарады.  Құлшыныс  қағидасының  бірінші  талабы 
мынаған саяды: үйлесімді құлшыныстық ортаны қалыптастыру қажет – мектеп жасында оның негізін 
бөлінбейтін құрамдас бөліктері (оқу құлшынысы, еңбек құлшынысы, табысқа жету құлшынысы, қа-
рым-қатынас құлшынысы, сындарлы жанжал мінез-құлық құлшынысы) бар оқу мен еңбек құрады. Бұл 
дегеніміз оқу мен еңбек құлшынысын дамыту мен қалыптастыруды оқыту процесінің негізгі міндет-
терінің бірі ретінде қарастыру қажеттігін білдіреді. 
АҚТ-дың қазіргі заманғы педагогикалық мүмкіндіктері туралы жаңа білімді оқыту процесіне енгі-
зетін кірігу қағидасының мəнін айрықша атап көрсету қажет, осылайша оқытудың дəстүрлі стратеги-
ялары технологияларға, мысалы модульдік, мəселелік, дамытатын оқытуға жəне т.б. өзгеретін жағдай 
жасалады. 
Электрондық  оқытудың  қозғаушы  күштерін  талдау  оның  мəнін  айқындау  бойынша  теориялық 
іс-əрекет тиімділігінің маңызды шарты болып саналады. 
Біздің  көзқарасымызда,  электрондық  оқытудың  құрылымын  оқыту  мақсатының  қойылымынан 
бастап оның нəтижелерін талдауға дейін білімдік процестің субъектілерінің өзара əрекеттестігінің бар-
лық процесін бейнелейтін құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық-іс-əрекеттік жəне баға-
лау-нəтижелік құрамдас бөліктер құрады.
Сонымен, электрондық оқыту процесінің мəнін айқындай отырып, біз оның əдіснамалық негізін, 
оның ерекшелігін, қызметін, құрылымын, қозғалтушы кішін жəне логикасын талдадық. 
Электрондық оқытудың əдіснамалық негізі таным теориясы, тұлғалық теория, іс-əрект теориясы бо-
лып саналады да өз кезегінде электрондық оқытуды іске асыруға əдіснамалық: тұлғалық-бағдарланған, 
жүйелік, аксиологиялық, технологиялық амалдарды анықтайды. 
Электрондық оқытудың мəні білімдік процестегі ақпараттық-қатынастық технологиялардың транс-
фертінің жəне басты рөл оқушының оқу-танымдық іс-əрекеті мен оның тұлғалық дамуына апаратын 
олардың педагогикалық технологиялармен кірігу негізінде білімдік процесс субъектілерінің интерак-
тивтік ақпарқатынастық өзараəрекеттестігінен тұрады. 
Электрондық оқытудың ерекшелігі біртұтас педагогикалық процестің білімдік жəне дамытушы мін-
детін іске асырудағы ерекше үлесімен сипатталады. Оқыту процесін іске асырудағы айтарлықтай ба-
сымдылықты типтері бойынша: бағытталған ақпараттық процесс, автоматтандырылған тұйық басқару 
оқуды басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық пен ақпарқатынастық технология-
лардың кірігуін əкеледі. 
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Коменский Я. А. Великая дидактика. Избр. пед. соч. – М.: Учпедгиз, 1955. 
2. Анисимова Н. С. Теоретические основы и методология использования мультимедийных технологий в обу-
чении: автореф. ... д.п.н.: 13.00.02. 2002. 
3. Данилов М. А. Процесс обучения в советской школе. − М.: Учпедгиз, 1960. 
4. Мартин У. Дж. Информационное общество (Реферат) // Теория и практика общественно-научной информа-
ции. Ежеквартальник − М., 1990. № 3.
5. Игнатовская Л. А. Аудиовизуальные технологии в интенсификации индивидуального обучения (на матери-
але английского языка): автореф. … канд. пед. наук: 13.00.01. – М., 2000.
ПРЕПЯТСТВИЯ В РАЗВИТИИ МЕХАНИЗМА ИНКЛЮЗИВНОГО 
ОБРАЗОВАНИЯВ КАЗАХСТАНЕ
Муханова Гайни Казибаевна
к.э.н., член-корреспондент МАИН, доцент кафедры «Менеджмент»
Новый экономический университет им. Т. Рыскулова
Инклюзивное образование – это образовательный процесс, направленный на устранение барьеров 
и полное включение всех лиц с особыми образовательными потребностями в общеобразовательный 
процесс  и  их  социальную  адаптацию,  несмотря  на  возраст,  пол,  этническую,  религиозную  принад-
лежность, отставание в развитии или экономический статус, путем активного участия семьи, коррек-
ционно-педагогической и социальной адресной поддержки персональных нужд ребенка и адаптации 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау