111
тұқымдас сөздерінің мағынасындай бір жіптің екі ұшы бірігіп бір жерден шығуы болған сияқты.
Екінші түрі – желі жібінің біріне түк шығаратын теру жібін шалып, екінші желі жібінің артынан
шығарып теру. Жіптің ұшын бос тастайды. Осы əдісті қазақша оңды – солды шалып алу деп атайды.
Ғылыми атауы «тұзақша» немесе «сэннэ» (синэ, сехна) бұл көне иран жеріндегі Сеннэ қаласы (қазіргі
Сенендедж). Бұл қала – Иран елінің қазірде кілем тоқу орталығы. Кей кездерде бұл айқаспаны парсы
түйіні деп атайды. Енді ең бастысы, жоғарыда айтылып кеткендей түкті кілемді еденге төселген ала-
са өрмек ағашта тоқылады. Көлемі тықыр кілем тоқитын өрмек ағашынан əлдеқайда үлкен болады.
Желі жіптері осы өрмек ағаштың үстіңгі жəне астыңғы бел ағаштарына оралады. Адырғы арқылы желі
жіптерді астыңғы, үстіңгі жіптерге бөледі, үстіңгі қатардағы жіптерді қазақ «еркек» жіп деп атайды,
ал астыңғы қатардағы жіптерді «ұрғашы» жіп деп атайды. Басқа халық тілдерінде де бұл атаулардың
мағынасы осындай ұғымды білдіреді.
Тықыр кілем тоқудың əдіс-тəсілдері
Кілем тоқуда ою-өрнек əуендерін тоқи отыра, жан-жақтарынан айналдыра жиектеу.
Қарама-қайшы, түрлі түсті теру жіптерін қолдана отырып, ою-өрнек көшенін анық, қанық, көзге
тартымды көрсетуге болады.
Аттатып тоқу əдіс – тəсілі. Бұл тəсілдің ерекшелігі, теру жіп желі жібінің біреуіне немесе бір-
нешеуіне айқаспай тастап кілем желісінің бетінен өте бара келесі желі жіптерімен айқасып тоқылуы.
Арқау жіптері топтаса келе бір желі жібінен қайырып отырса, бұл кірпіш əдісі деп аталады.
Кілем тоқуға керекті құрал-жабдықтар мен шалу əдістері
Тарақ – тоқпақ тоқу барысында жіптерді нығыздап отырғызу үшін.
Ілмек пышақ – түкті кілем тоқығанда қолданылатын құрал.
Қайшы – түкті тегістеп қырқып отыру үшін.
Қарындаш – түк шығарғанда не тұзақ айқаспаларын тоқығанда керек құрал.
Инелік – оған арқау жібін не болмаса тері жібін орап, ою-өрнек əуенін тергенге қолайлығы үшін.
Көлемі шағын кілем ағашы өте қолайлы, арқау, теру жіптеріне қарағанда желі жібі жуан жəне
оның мақта-мата жібінен болғаны дұрыс. Желі жібінің бір ұшын алып, төсеу ағаштың басына байлап,
астыңғы белағашқа тақай ұстап, желі жібінің бір ұшын бет жағымен ала отырып, астыңғы белағашқа
іліп алып, төсеу ағашқа əр қатар сайын бір рет орап отырамыз. Осылай кілем желісінің керекті енінен
дейін қайталаймыз. Осы желі жібі керілген кеңістікті кілем желісі дейді. Адырғы ағашы арқылы желі
жіптер екі қатарға бөлінеді. Үстіңгі қатар «еркек» жіп, астыңғы қатар «ұрғашы» жіп деп бөлінеді.
Кілем желісіне бірінші көген жіп, екінші арқау, үшінші алабас немесе алақұрт, таңдай жіп жүр-
гізіледі. Бұл үрдісте бір ақ, бір қара жіп қолданамыз. Əуелі кілем желісінің нақ ортасында орналасқан
жіпті табамыз. Ол астыңғы қатарда болуы тиіс. Осы жіптен оңнан солға қарай бір ақ, бір қара жіптердің
ұштарын өткізіп аламыз. Сол қолмен тарта отырып, жіптердің ұштарын теңестіріп аламыз. Енді сол
қолдағы жіпті оң қолға, оң қолдағыны сол қолға ауыстыра отырып, жіптерді айқастырамыз.
Оң қолдағы жіптерді бос тастаймыз, сол қолдағы ақ жіппенен тоқу үрдісін бастаймыз. Сол қолымы-
збен үстіңгі қатардағы жіпті іліп алып, оң қолмен ақ жіптің ұшын осы жіптің артына өткіземіз. Қара
жіпті алып, ақ жіппен айқастыра отырып, сол қолымызбен астыңғы қатардағы келесі жіпті іліп алып,
осының артына қара жіпті өткізіп, өзімізге қарай шығарып аламыз. Одан кейін ақ жіп пен орындайтын
айқаспаны қайталаймыз. Осылай ақ жіппен, қара жіптің кезектесе тоқылуы қайталанып отырады [3].
Бұл үрдісте ақ жіптің міндеті – үстіңгі, астыңғы қатардағы жіптердің ортасымен өтіп отыруы, ал қара
жіптің міндеті – астыңғы, үстіңгі қатардағы желі жіптерін бүріп тартып отыруы. Осылай кілем желісінің
жиегіне жеткен соң, осы үрдіс кілем желісінің ортасына дейін қайталанады. Содан кейін келесі қос жіп-
пен солдан оңға қарай осы айқаспаның түрін жалғастырамыз, осы үрдіс алдыңғы тəртіпті қайталайды,
ортасына жеткенде барлық жіптердің ұшын алып, кілем желісінің артына өткізіп жібереміз.
Бұл тоқу үрдісіне екі жіпті қатысады – желі жібі, арқау жібі. Екі қатар желі жібінің ортасынынан
кілем желісінің бір басынан екінші басына дейін арқау жібін сүзіп өткіземіз. Жиегі мықты болуы үшін,
екі-үш қатар жиек жіптегі екі жіпке арқау жібін əрліберлі торлап тоқып жібереміз.
Адырғының көмегімен желі жіптерінің орнын ауыстырамыз, яғни үстіңгі қатардағы жіп астына
түсіп, астыңғы қатардағы жіп үстіне шығады да, арқау жібін кері сүзіп өткіземіз.
Қорыта айтқанда, мектеп оқушыларын ғасырлар бойы дамып келе жатқан қазақтың ұлттық өнеріне
үйрету арқылы олардың рухани құндылықтарды бойына сіңірулеріне, адамгершілік құндылықтары-
ның, эстетикалық қызығушылықтарының қалыптасуына ықпал ететін болады.
Ұлттық өнерімізді қастерлеп, барымызды бағалай білейік. Қазақтың əрбір ұлттық өнері өзінің сипа-
тымен емес сұлулық сырымен, сəнімен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай дамыту қажет.
112
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. 1969 ж.
2. Абдраман К. Қолөнер түрлері оларды жасау технологиясы. Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010. – 181 б.
3. Нұрғалиев Н. Шаңырақ – үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989 ж.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ
Қозыбай А.Қ.
п.ғ.д., профессор,
Бейсеналиева Ж.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты,
Батырбаева П.К., Чагирова Ш.Т.
ҚазҰАУ магистранттары
Электрондық оқыту кезіндегі оқытудың көрнекілік қағидасының айырмашылығы оның дəстүрлі
оқытудағы түсінігінен ерекшеленеді. Біріншіден, Ақпараттық қарым-қатынастық технолониялардың
(АҚТ) мүмкіндігі оқу материалын полисенсорлық қабылдауды қамтамасыз етеді, ал əдеттегі кітаппен,
плакаттармен, кестелермен жəне т.б. жұмыс істеу кезінде тек көру қабылдауы пайдаланылады, яғни
дəлме-дəл «көрнекілік». АҚТ-дың мүмкіндіктері тек көру ғана емес жəне де есту түйсігін тудыруға
мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының бір мезгілде оқушылардың бірнеше сезім органдарына əрекетінің
қажеттілігін əлдеқашан Я.А. Каменский атап өткен болатын: «Сезім мүшелерімен қабылдау үшін мүм-
кін болатынның барлығы ұсынылуы керек, атап айтқанда: көрінетінді – көзбен, естілетінді – есіту
сезімімен, иісті – иіс сезімімен, дəмге жататынды – дəммен, сипап сезілетінді – сипау арқылы қабылдау
керек. Егерде қандайда-бір заттарды немесе құбылыстарды бірнеше сезім мүшелерімен бірден қабыл-
дауға болса, онда бірнеше сезім мүшелеріне мүмкіндік беру керек» [1].
Екіншіден, АҚТ құралдары көрінерлік ақпараттың сапасын айтарлықтай арттырады, ол өте ашық,
бояулы, динамикалық болады. Осы жағдайда ақпаратты үшөлшемді компьютерлік график, бейне, ани-
мация түрінде ұсынатын мультимедиа технологиясы ғаламат мүмкіндіктерге ие болады. Мультимеди-
аның бар болуы ((multi -- көп, media -- орта) – оқып білетін құбылысты безендіру тəсілдерінің өте бай
жинағы. Мультимедиа өнімдерін алуан түрлі ақпаратта: компьютерлік мəліметтерде, теле-, бейнеақпа-
ратта, сөз бен əуенде қолданады [2].
Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде көру ақпаратын қалып-
тастыру тəсілі түбегейлі түрде өзгеруіне байланысты «көрнекі дерексіздікті» жасау мүмкін болады.
Дəстүрлі оқытуда аталған объектілерді мұғалімнің демонстрациялайтын практикасынан өзгешелігі,
кезең бойынша қалыптастыру теориясы осы объектілермен оқушылардың меншікті іс-əрекетін: көшір-
мелеуді, жан-жақты мақсатты қарастыруды, өзгертуді жəне т.б. ұйымдастыруды талап етеді.
Сонымен, электрондықоқытудағы көрнекілікті қамтамасыз ету талабы, зерттеушілердің пікірі бой-
ынша, табанды түрде жаңа, аса жоғары деңгейде іске асырылады.
Адамзаттық оқудың келесі ерекшелігі – оқушылардың өзіндік оқу белсенділігі. Онсыз ешқандай оқу
процесі бола алмайды, сондықтан оқыту процесіндегі оқушының белсенділік қағидасы дидактикадағы
негізгілердің бірі болған жəне болады. Осы ұғым білімдер мен біліктерді, нəтижелік пен тəжірибені
меңгерудің жететүсінушілік қажеттілігі мен əлеуметтік нормамен сəйкестігі құлшыныстың жоғары
дəрежесімен сипатталатын іс-əрекетті білдіреді. Оқушының оқу белсенділігінің түрінен оқу процесінің
жылдамдығы мен тəжірибені меңгерудің жететүсінушілігі байланысты болады. Осы уақытқа дейін
оқушының өзіндік оқу іс-əрекетінен басқа, сыртқы ақпаратты оқушының басына қондырудың ешқан-
дай басқа жолдары табылмады. Бүгінгі таңда сыртқы ақпараттың адамның басына қонудың жалғыз
арнасы оның өзіндік оқу іс-əрекеті болып саналатыны тағайындалды.
Электрондық оқыту осы қағиданы жаңа деңгейде іске асыру үшін жағдай туғызады. Оқытудың бел-
сенділігін арттыру үшін электрондық оқыту əр түрлі оқу жағдаяттарын өзгертуге, əр түрлі мəселе-
лерді қалыптастыруға, оқушыларға оқытудың сол немесе басқа траекторияларын таңдау мүмкіндігін,
оқиғалардың барысын басқару мүмкіндігін ұсынуға қабілетті. Ақпараттық технологияларды пайдала-
ну кезінде оқытудың белсенділігін айтарлықтай арттыруға болатындығы туралы талассыз түрде жəне
барлық зерттеулерде атап көрсетіледі. Оқып білетін процестер мен құбылыстарды моделдеу, өте көп
еңбекті талап ететін немесе жай мүмкін емес шынайы эксперименттерді адамзаттық білімдердің сол
Достарыңызбен бөлісу: |