Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет54/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62

109
- оқытудың интербелсенділігін қамтамасыз етуі (оқыту жəне бақылау іс-əрекеттердің көп нұсқалы 
болуы, кері байланыстың жеделдігі);
- оқыту ақпараттарының құрылымын жəне оны қисынды ұсыну, оқу пəнінің əдістемелік талаптары-
на сəйкестігі;
- əртүрлі когнитивтік білімді бағалау үдерісі деңгейлерінің сəйкес келуі: ауызша логикалығы (мəтін-
дер, формулалар); бейнелілігі (графикті, видео, анимация); сезімділігі (қарастырылатын нысандар сезу 
мүшелері арқылы қабылдау); осы деңгейлердің арақатынасын (байланысын) бағалауы;
- бағдарламалармен жұмыс орындағанда өнімділікті,тиімділікті, қауіпсіздікті жəне қолайлылықты 
қамтамасыз етуі;
- əмбебаптығы жəне жүйенің ашықтығы жəне т.с.с.
Сонымен, электрондық жасалымдарды жасау, жасаушылардан əртүрлі салада жоғары кəсіби құзірет-
тілікті  талап  ететін  күрделі  де,  жауапты  үрдіс.  Осыған  байланысты,  сапалы  электрондық  оқулықтар 
мен сандық білім беру ресурстарын жасау үшін көптеген мамандардан құралған шығармашылық ұжым 
жұмыс істеу керек. Атап айтсақ: пəн-маманы (курстың жалпы құрылымын жəне мазмұнын жасайтын), 
педагог кеңесші (дидактика саласының маманы), психолог (танымдық үрдістер жəне жас ерекшелігі 
психологиясының мамандары), эргономика жəне дизайн мамандары, əрине инженерлік ойлау қабілет-
тері өте жоғары компьютерлік бағдарлама жасаушылар жəне т.б.
Тек қана, электрондық жасалымдарды жасауда инновациялық кешенді тəсіл-амалдар қолданып жа-
саса, болашақ мамандарды оқытуда үлкен нəтижеге жетуге болады жəне жалпы білім беру жүйесінде 
жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға мүмкіндік туғызады.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1. Коджаспирова Г.М., Петров К.В. Технические с редства обучения и методика их использования: Учебное 
пособие. –М.: «Академия», 2001., -256 с.
2. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие/Е.С. По-
лат, М.Ю. Бухаркина, М.В. Моисеева, А.Е. Петров. –М.: «Академия», 1999. -224 с.
КІЛЕМ ТОҚУ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ
Қозыбай А.Қ. 
п.ғ.д., профессор
Бакелекова Д.Б. 
магистрант,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 
 
Қолөнер деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, сазбалшықпен жұмыс, құрастыру, 
зергерлік, ағашпен жұмыс, бейнелеу сияқты жəне т.б. шығармашылық өнер жиынтығын айтады. «Өнер 
түрі елде мол, өнім сыры жерде мол» немесе «халықты өнер танытады» дегендей, қазақ халқы – қолө-
нерге өте бай халық. Мысалы: киіз басу, тері илеу, ши тоқу, кілем тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, түскиіз 
жасау, шілтер тоқу, өрмек тоқу, зергерлік өнер, қайыс өру, тас өңдеу өнері сияқты қолөнер түрлері. 
Қолөнер адамзат игілігі үшін жасалынып, халықтың əлауқатының, мəдениетінің, тұрмыс-салтының 
өсуіне бірден-бір септігін тигізетін анық. 
Ата-бабаларымыздан кейінгі ұрпаққа мирас болып қалған, қолөнер түрлері əлі күнге дейін жалға-
сып келеді. 
Олар, зергерлік, киіз басу, сырмақ сыру, кілем тоқу, əшекейлі басқұрлар, шым-шилер жəне кестелер 
т.б. [1].
Қолдан кілем тоқу – халықтың көне көркем кəсібі. Адамзат баласы – талшықтан иірілген жіп пен 
мата өндіруді ерте кезде игерген. Кілем тоқу мəдениетінің көнелігі туралы мұражайларда, көркем қор-
ларда сақталған кілемдер, сонымен қатар тарихшылар мен этнографтардың жазбалары мəлімет бере 
алады. Бізге жеткен əдеби деректер бойынша түкті кілем жасау Орта Азия мен Қытайда кең дамыған. 
Ең көне түкті кілем (б.з.д. V ғ.) 1949 жылы Алтайдағы бесінші Пазырық қорғанындағы қазба жұмыста-
ры кезінде профессор Руденконың жұмысымен табылған кілем 2500 жылға жуық мұз астында жатқа-
нына қарамастан ешқандай бүлінбеген. Қазіргі кезде ол «Санкт-Петербург» мемлекеттік эрмитажында 
сақталуда. Бұл кілем өлшемдері 183х200 см, тығыздығы 1 дм
2
, 36000 түйін. Кілем өрнегі жаяу адамдар 


110
мен аттыларды бейнелеген көмкермелерден тұрады. Соңғысы өз кезінде əшекейлер қатарымен өрне-
ктелген, қимамен жиектелген. Вавилондықтар мен Ассириялықтар кілем шеберлері ретінде танымал 
болған.  Ассириядан  (Ниневия  қаласы)  бізге  мəрмəр  плитадағы  барельефтер  жеткен.  Олардан  лотос 
гүлдері, əшекейлер, басқа да ұсақ, үəжді өрнегі бар кілем суреттерінің сипаты туралы түсінік алуға бо-
лады. Парфян мемлекетіндегі кілем тоқу өнері. Ашхабад қаласының батыс жағында жүргізілетін архе-
ологиялық қазбалардан дəлелденді. Көне əдебиеттерде Ахеменидтер династиясының негізін қалаушы 
(б.з.д. V-VI ғ.ғ) Кирдің бейітін қазған кезде, «Пазаргадта» Александр Македонскийдің бейітінің ішінен 
жұқа кілемдер тапқаны туралы айтылады. Кинофонның айтуынша, Сардис қаласында парсы патша са-
райында арнайы кілем шығаратын фабрика болған. Гомердің «Иллиадасында» келесі сөздер кездеседі: 
«Солай деп ол оларды түрлі-түсті кілемдермен төселген төсектерге əкеліп жатқызады». Б.з.д. ІІ-ІІІ ғ.ғ. 
Александрияда, Грецияда, кейіннен Римде де қымбат бағаланған түкті кілемдер жасалған. Сақталған 
əдеби деректердің айтуынша, түкті жəне түксіз кілемдерді тоқу Орта Азия Кіші Азия, Қытай, Кавказ 
елдерінде кең дамыған, бұны V, VI, ХІІ, ХІІІ ХV ғ.ғ. жататын кілем өнімдері, фрагмент түріндегі түрлі 
археологиялық заттар дəлелдейді [2].
«Үй  жасау – кілем»  дейді  халық.  Кілем  бетіндегі  сан  қилы  сəндер,  өрнектерге  қарап  отырсаңыз, 
тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұр-
мысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары – осының бəрі кілем бетінде 
бейнеленген. 
Кілем – сəнді тоқылатын үй жиһазы. Қазақ кілемінің шығу тарихы байырғы Сақ, Ғұн, Үйсін өнері 
мұраларынан  басталған  деседі.  Қазақ  кілемінің  кейбір  түрлері  түрік  кілемінің  қазіргі  үлгілеріне  өте 
ұқсас келеді. Оларды тоқылу ерекшеліктеріне қарай түкті кілем, тақыр кілем деп бөледі. 
Кілем  өнері  бұдан  мыңдаған  жылдар  бұрын  қарапайым  халық  өнерпаздарының  ой-қазынасынан 
шығып, шебер қолдарымен тоқылатын. Қазақстанда кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне 
заман деректерінде олар осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, мақат кілем, 
қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем жəне т.б. атаулары өте көп. 
Қолдан тоқылатын кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда он-
даған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді 
тоқуға жүн, мақат-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі 
əр-түрлі бояулы жіптерді əрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда 
бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде 
болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін 
арқау  жібін  жүргізіп,  алдыңғыларына  қарай  тоқпақпен  нығыздай  қағып  отырады.  Түк  үшін  жүннен 
иірілген жіп, ал өріс жəне арқау үшін мақта жіппен алмастырылады. 
Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден 
көп өзгешелігі болмаса да, беріктігі мен төзімділігі жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем 
ұлттық ою-өрнек пен колоритті ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады. Маши-
намен тоқылатын кілемдер негізінде табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн 
тəріздес жіптер, химиялық пленка жіптер де пайдаланылады. 
Кілем өрмегін «аспалы өрнек» немесе «кілем өрнегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіп-
тері де жоғарыдан төменге қарай кейде үш, кейде төрт болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас, 
мақтадан, жібектен жуан əрі мықты етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк кейде күзеулер 
бос тұрады. Кейде бұл жіптер бой жіптердің арқаулар күзеулер бос болады. Оны кілем тоқушы шебер 
өз керегіне қарай, суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырады. 
Кілем өрнегінде əсіресе қызыл фондарға қара, көк, сары ашық түсті жіптер көбірек түсіріледі. 
Қазақ қолөнерінде кілемдерді екі түрге бөледі. Олар: тоқу əдіс-тəсілдерімен, құрамымен, ою-өрнек 
əуендерімен, мазмұнымен жəне сипатымен танымалы. 
Біріншісі түкті кілем – бірнеше қабат жіптерден тұрады, «түк» атауы көне түркі тілінде қалың деген 
мағынаны білдіреді. Мұндай кілемнің тоқу барысында бірнеше жіптер қолданылады: желі жіп, арқау 
жібі, жиектеу жібі жəне əр түсті теру жібі. 
Түкті кілемді жерге төрт қазықпен бекітілген «өрмек ағашта» тоқиды. Тоқу екі əдіс-тəсілге бөлінеді: 
күрмеп алу əдісі, ғылыми атауы «екі түйінді айқаспа», «гиордес» кейде «түрік» айқаспасы дейді. Осы 
айқаспа кілем тоқу кеңінен тараған. 
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын қаласы. 
Тоқу əдісі өте қарапайым түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне көлденең қоя отыра, екі ұшын 
желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып, ортасынан бетіне шығарамыз. Сонымен түк тері 
жібінің екі ұшы сырттан ішке кірді. Қазақша «кір» түрікше «гир». Қазақтың бірлес, жерлес, қандас, 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау