Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет60/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

121
анықтау жəне бекіту қажет. Ол басты мəселе. 
Шетелдік  жəне  ТМД  елдері,  оның  ішінде  Ресей  жоғары  оқу  орындарында  құзыреттерге  бағдар-
ланған білім беру бағдарламаларын əзірлеу тəжірибелерін зерделеуде жəне қалыптастыруда Қожа Ах-
мет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өзіндік тəжірибе орын алды. Іс-əрекет 
барысында қалыптасқан тəжірибені төмендегіше ұсынуға болады.
Құзыреттерге бағдарланған білім беру бағдарламасын қалыптастыру барысы:
1) Еңбек нарығына, іс-əрекет саласына сəйкес шетелдерде жəне Қазақстан Республикасында жари-
яланған кəсіптік стандарттарды (олар бар болған жағдайда) талдау; 
2) ҚР МЖМБС-дағы, бакалавриаттың, магистратураның жəне докторантураның білім бағдарламала-
рын меңгеру нəтижелеріне қойылатын талаптарды талдау (Ұлттық біліктілік шеңберіндегі талаптарды); 
3)  Европалық  білім  беру  кеңістігіндегі  жалпы  жəне  кəсіптік  құзыреттердің  тізімін  қалыптастыру 
тəжірибелерін зерделеу жəне жинақтау (Тюнинг); 
4) Мамандыққа жауапты құрылымның, тұлғалардың ұсынған жалпы құзыреттердің алғашқы тізімін 
келісу жəне нақтылау, жалпы құзыреттер тізіміндегі негізгілерін (ядроны) бөліп алу; 
5)  Жалпы  жəне  кəсіби  құзыреттердің  қалыптастырылған  тізімі  бойынша  жұмыс  берушілерден, 
білімгерлерден, ЖОО оқытушылары мен бітірушілерінен алынған сауалнама нəтижелерін ескеру; 
6) Анкета нəтижелерін талдаудан кейін жалпы жəне кəсіби құзыреттердің соңғы тізімін құрастыру. 
Сонымен қатар, қалыптасқан құзыреттерге бағдарланған білім беру бағдарламасын əзірлеу алгорит-
мі төмендегідей болды:
- білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері; 
- білім беру бағдарламаларына түсушілерге қойылатын талаптар; 
- күтілетін оқыту нəтижелері: 
- бітірушілерге қойылатын жалпы талаптар; 
- құзыреттер тізімі (жалпымəдени жəне кəсіби); 
- оқытудың соңғы нəтижелері; 
- білім беру бағдарламасы модульдерінде (пəндерінде) қалыптастырылатын құзыреттердің сəйкестік 
матрицасы; 
- құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламаларының модульдері; 
- білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы оқытудың инновациялық əдістері мен технология-
лары; 
- білім беру бағдарламалары оқыту нəтижелерін бағалау əдістері мен технологиялары.
Ендігі кезектегі негізгі жəне анықталуы тиіс мəселе, ол – құзыреттер. Сонымен, Европалық білім 
беру шеңберіне сəйкес барлық мамандықтар үшін ұсынылған 30 жалпы құзыреттің көп жағдайда 13-
16 түрі ғана, кəсіби жəне мамандану бағытындағы құзыреттердің 20-23 түрі іріктеліп алынады. Бұл 
тəжірибе Ресейдің ЖОО орындарында жəне Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универси-
тетінде (2013-2014 оқу жылында) жүзеге асырылған [5].
Құзыреттерді анықтауда даярлау мазмұны да назарға алынуы тиіс, олар:
- білім меңгерту;
- білімді қолдануды ұйымдастыру;
- шешім қабылдауды қалыптастыру;
- коммуникативтік дағдыларды жүзеге асыру;
- өзбетінше оқу дағдысын қалыптастыру. 
Ресей ғалымы Н.Ф.Ефремованың зерттеуінде ЖОО маман даярлауда 35-40 құзыреттілік анықтала-
тын болса, оны 5 кластерге бөлу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылады, олар [6]:
1) инструментальдық;
2) тұлғааралық;
3) жүйелілік;
4) мəселені шешу;
5) өзін-өзі басқару құзыреттері.
Қазіргі уақытта ЖОО алдында тұрған мəселе білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда құзырет-
тіліктерді анықтау, метақұзыреттерді айқындау жəне қол жетімді құзыреттерді белгілеу болып табыла-
ды. Құзыреттіліктерді (құзыреттерді) анықтау мен топтауда əртүрлі ғылым салалары мамандарының 
еңбектері (Н.В.Кузьмина, В.В.Адольф, В.Р.Веснин, т.б.) үлкен мəнге ие.
Ресей білім беру жүйесінде педагог ғалымдар түйінді құзыреттіліктердің төмендегідей құраушыла-
рын атап көрсетеді [7]:
1. Арнайы жəне кəсіби;


122
2. Ақпараттық;
3. Коммуникативтік;
4. Жеке тұлғалық.
Европалық білім беру шеңберіне сəйкес Білім мамандықтары үшін құзыреттерді төмендегідей топ-
тауға болатындығы қарастырылған, олар:
1. Танымдық;
2. Іс-əрекеттік (əдіснамалық);
3. Коммуникативтік;
4. Жеке тұлғалық.
Біздің Республикамыздағы жоғары оқу орындары үшін əзірленген кəсіби білім беру стандаттарта-
рындағы (МЖМБС, 2010) құзыреттер де жақсы көрсетілген жəне оларды да басшылыққа алуға болады 
деп білеміз. Олар:
1.Түйінді құзыреттер: 1) қалыптастырушы, 2) жүйелеуші, 3) зерттеушілік;
2.Пəндік құзыреттер: 1) коммуникативті, 2) технологиялық, 3) бақылаушы;
3.Арнайы құзыреттер: 1) бағдарламалық, 2) пəнаралық, 3) əлеуметтік, 4) дамытушы, 5) креативтік, 
6) ұйымдастырушы-əдістемелік.
Ресей ғалымдары мен Европалық қоғамдастық бірлестікте құзыреттер топтауы:
1.Жалпы құзыреттер: 1. Əлеуметтік-жеке тұлғалық (тұлғалық, тұлғааралық, əлеуметтік); 2. Ұй-
ымдастыру-басқарушылық; 3. Жалпығылыми
2.Арнайы құзыреттер: 1. Жалпыкəсіби; 2. Мамандандырылған жəне ғылыми
Жалпы зерттеулерге сəйкес Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 
білім беру бағдарламаларын əзірлеуде төмендегідей құзыреттіліктер топтамасы анықталған:
- оқу-танымдық;
- коммуникативтік;
- жеке тұлғалық;
- кəсіби жəне арнайы.
Бұл құзыреттер топтамасы негізінен барлық мамандықтар үшін ортақ болып табылуы мүмкін. Ал 
олардың  құраушылары  мамандық  пен  мамандану  бағытына  сəйкес  анықталуы  қарастырылады.  Ме-
тақұзыреттер өз кезегінде құзыреттерге ажыратылады. Анықталған құзыреттерге сəйкес оқыту нəти-
желері белгіленеді. Оқыту нəтижелеріне қол жеткізу үшін білім беру/оқыту технологиясы жобаланады.
Біздің жағдайымызда оның мазмұнына төмендегідей құраушылар қамтылған:
1. Анықталған құзырет атауы;
2. Оқыту нəтижелері. Олар: когнитивті доменге (білімге); психомоторлы доменге (дағдыларға); аф-
фективті доменге (эмоциональды-құндылыққа) байланысты сипатталған;
3. Оқыту формалары;
4. Оқытушы əрекеті (оқыту əдістері);
5. Білім алушы əрекеті (оқу əдістері);
6. Бақылау формалары;
7. Оқыту нəтижелерін меңгеру нəтижелері.
Мəселен «Педагогика» курсы үшін анықталған құзырет (білімді қолдану) пен білімдік сала үшін 
оқыту нəтижелері, мəселен «педагогикалық теорияларды түсінеді; оқу-тəрбие үдерісін жазып көрсе-
теді» – деп берілген болса, оқыту технологиясының қалған құраушылары төмендегідей болады:
Оқыту формалары: 1. Лекция; 2. Семинар (оның ішінде керектісі көрсетіледі);
Оқытушы əрекеті (əдісі): 1. Кеңес беру. 2. Зерттеушілік семинарлар
Білім алушы əрекеті (əдісі): 1. IT əдісі; кітапханадан, Интернет желісіндегі материалдарды іздеу. 2. 
Əдебиеттерді шолу.
Бақылау формалары: 1. Материалдарды шолу.
Меңгеру нəтижесі: түсіну жəне қолдану.
Қорыта келе айтарымыз, оқуды/оқытуды нəтижелі ету жəне құзыретті маман даярлау жұмысы жоға-
ры оқу орындарында оқытушы-профессор құрамынан белсенді жұмыс жасауды талап ететінін көрсе-
теді.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекет-
тік жалпыға міндетті стандарты. Астана. 2012ж.


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау