Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет61/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

123
2. Методические рекомендации по проектированию государственных образовательных стандартов высшего 
профессионального образования на основе компетентностного подхода и конструированию на их основе 
учебных планов и программ в вузах Кыргызской Республики. – Б.: 2012. – 92 с.
3.  Болонский процесс: середина пути 7 Под науч. ред. д-ра пед. наук, профессора В.И.Байденко. – М.: Иссле-
довательский центр проблем качества подготовки специалистов. Национальный аккредитационный центр 
Министерства образования и науки Республики Казахстан, 2006. – 400 с.
4.  Ортаев  Б.Т.  Болашақ  педагогтарды  даярлауда  құзыреттіліктерді  анықтаудағы  кейбір  мəселелер // «Білім 
беру жүйесінің интеграциялану жағдайында бəсекеге қабілетті маман даярлаудың мəселелері» атты ХҒПК 
материалдары. І том. Шымкент: Əлем. 2015. 4-8 бб.
5.  Ефремова Н.Ф. Формирование и оценивание компетенций в образовании. Монография. – Ростов-на-Дону, 
«Аркол», 2010. – 386 с.
6.  Ключевые ориентиры для разработки и реализации образовательных программ в предметной области 
«Образование». Университет Деусто. Бильбао. 2013. 80 с.
7.  ЭТАЛОННАЯ МОДЕЛЬ компетентностей педагогического работника http://pacad.ru/index.
php?option=com_content&task=view&id=1071
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КƏСІБИ ІС-ƏРЕКЕТКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ДАЙЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Раимбекова А. 
магистрант ҚазҰАУ, 
Тленбаева А.А. 
п.ғ.к, доцент ҚазҰАУ
Тұлғаның  кəсіби  қалыптасу 
контекстісінде
  дайындық  проблемасы – жалпы  жəне  педагогикалық 
психология үшін маңыздының бірі болып табылады. Ең алдымен педагогикалық психология үшін за-
манауи болып табылатын дайындық түсінігінің маңызы, методологиялық жəне эксперименталды дең-
гейлеріндегі оның мазмұнымен функцияларын қайта ойластыруды талап етеді. Аталмыш, болашақ ма-
мандардың педагогикалық іс-əрекетке дайындық проблемаларына тікелей қатысы бар.
Психологиялық-педагогикалық  əдебиеттер 
саралауының
  көрсетулері  бойынша  педагогикалық 
іс-əрекеттің  əр  түрлі  аспектілеріне  студенттің  дайындығын  қалыптастыратын  теориялық  ережелері 
белгілі  психологтардың  жəне  педагогтардың  еңбектерінде  баяндалған.  Дайындықты  қалыптастыру 
мəселесін қарастыратын бірнеше бағыт бар: педагогикалық іс-əрекетке кəсіби дайындық, кəсіби-эсте-
тикалық  дайындық;  психологиялық  дайындық;  моральдік-психологиялық  дайындық.  Студенттердің 
қарым-қатынасқа жəне педагогикалық əрекеттесуге дайындық проблемаларын қарастырылатын жұмы-
стар. Педагогикалық əрекеттесу, қарым-қатынас жəне студенттердің коммуникативтік іс-əрекетке дай-
ындық проблемаларын шешетін бірнеше бағыт көрсетіледі, соның ішінде: педагогикалық қарым-қа-
тынастың стилін қалыптастыру, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде оқытушының жеке 
басының сапалырын қалыптастыру, оқытушының педагогикалық іс-əрекетке коммуникативтік дайын-
дығының бағалау критерийлерін құрастыру[1].
Студенттердің болашақ педагогикалық іс-əрекетке тиімді кəсіби дайындықтарының психологиялық 
ерекшеліктер  проблемасы,  бір  жағынан,  мамандардың  кəсіби  дайындаудың  жалпы  жүйесінің  жəне 
олардың психологиялық қамтамасыз етулерінің жеке сұрағы болады, ал екінші жағынан табысты кəсі-
би дайындықты
 негіздейтін
 тұлғаның қасиеттерімен, олардың психикалық жағдайларымен, мүмкүн-
діктерімен байланысатын психологиялық ғылымның проблемалар санын жинақтайды [2]. 
Жұмыстың мақсаты педагог студенттердің таңдаған мамандықтарына кəсіби дайындық ерекшелік-
терін зерттеу. 
Зерттеу объектісі: студенттердің кəсіби дайындығы.
Зерттеу əдістері
: «тұлғаның
бағыттылығы» В.Смейкл, М.Кучер сауалнамасы, коммуникативті бақы-
лау  деңгейін  зерттеу  əдісі  М.  Шнайдер,  тұлғаның  кəсіби  бейімділігін  анықтайтын  Л.  Йовайшының 
«Қызығушылық картасы», Д. Голландттың құрастырған «түлғаның типологиясы жəне тартымды кəсі-
би орта» əдістемесі. 
Эмпириялық (констатацияланған) зерттеулер Қазақ ұлттық аграрлық университет базасында жүзеге 
асырылды.
Инженерлік факультет «Кəсіптік оқыту» кафедрасының 
күндізгі бөлімнің 2-3 курс студент-
тері зерттелді. Зерттеуге қатысқан студенттер саны – 40, олардың ішінде 24 қыз, 16 ер бала. Зертте-


124
ушілердің жасы 18-20 жас. Экспериментті өткізу формасы –топтық. Тестілеудің жалпы уақыты 1,5- 2 
сағат.
«
Тұлғаның
  бағыттылығын»  зерделейтін  сауалнама  əдісі  бойынша  зерттеу  нəтижелерінің  көрсет-
кіштері 9 студентте, немесе 22,5 % зерттенушілерінде іскерлік бағыттылық немесе міндеттерге деген 
бағыттылық байқалады. Яғни, зерттенушілер іс-əрекетке жинақталумен сипатталады. Өзінің жеке қы-
зығушылықтарына қарамастан ондай адам, егер ықтымақтастық нəтиже беретін болса, басқаларымен 
шын көңілімен ынтымақтастыққа барады. Қандай жағдай болмасын, міндетті орындау үшін бірден бір 
дұрыс жəне пайдалы деп санайтын, өзінің көзқарасын қорғауға тырысады. Əрдайым, егер өзі өндіріп 
жатқан ісіне пайдалы болса жаңа білімдер мен біліктерді меңгеруге ұмтылады.
Барлық сұралғандардың 57,5% құрайтындардың арасында зерттелген 23 студентте өздеріне деген 
бағыттылық байқалады, ол өзіне деген мотивтерімен жетекшілік жасайтын тұлғаны сипаттайды. Ереже 
ретінде, бірінші кезекте өз серіктестерінің, əріптестерінің қызығушылықтарынан тəуелсіз, өз мақсатта-
рына жетуге бағытталады. 
Жəне де жағдайдың 20% немесе 40 сұралғандар ішінде 8-де тұлғаның қарым-қатынасына бағыт-
талған. Педагогикалық əрекет басқа адамдарменүнемі тығыз байланыста болуды мен, ұжымда жұмыс 
істеу мен, білім алушылармен жұмыс істеу мен болжамдағандықтан, əрине бұл айтарлықтай аздаған 
көрсеткіш. Əрекеттесуге деген бағыттылық қарым қатынасқа, жақсы қарым-қатынасты қолдауға де-
ген қажеттіліктермен анықталады. Ондай адамдар топқа байланысты болатын, агрессиялық беталысты 
көрсетпейді жəне басқа адамдардан қолдауды күтеді.
Тұлға
 бағыттылығымен адамның адал қарым-қатынас жасау, жеке эмоционалдық жағдайды бақы-
лау, қоршаған ортамен тиімді əрекеттесу қабілеттілігімен анықталатын коммуникативті бақылау дең-
гейі тығыз байланысқан. Коммуникативті бақылау деңгейін зерделеу əдістемесі бойынша зерттеу нəти-
желерінде келесі көрсеткіштер анықталған: 12 адам немесе 30% 0-ден 3 балға дейін жинаған, ол комму-
никативті бақылаудың төменгі деңгейін дəлелдейді. Бұл сұралғандардың көзқарастары жағдаяттардан 
байланыссыз бірқалыпты екенін көрсетеді. Олар қарым-қатынаста адал ашылуға қабілетті екендерін 
көрсетеді.  Кейбіреулер  ондай  адамдарды  олардың  бірбеткейліктеріне  байланысты  қарым-қатынаста 
«тиімсіз» деп санайды. 
Сауалнамаға жауап берген 20 студент, немесе 50% 4 балдан 6 балға дейін жинаған, ол коммуника-
тивті бақылаудың орташа деңгеін көрсетеді. Ол сауалнамаға жауап берушілер бүкпесіз, бірақ өз эмоци-
яларына ұстамды, өздерінің 
қөзқарастарымен
 қоршаған адамдармен бөліседі.
Сауалнамаға жауап беруші 8 студент 10 балдың ішінен 7 бал жинады, ол коммуникативті бақыла-
удың жоғарғы деңгейін көрсетеді. Ондай адамдар кез келген рөльге жеңіл кірісіп кетеді, жағдайдың 
өзгеруіне орай икемді əрекет етеді, өздерін жақсы сезінеді жəне қоршаған ортаға жасайтын əрекеттерін 
алдын-ала болжауға қабілетті. Бірақ, біздің сынап отырған студенттеріміз негізгі бөлімде 7 бал жина-
ды, тек 1 студент бұл тесте 8 бал жинады. Ол коммуникативті бақылау деңгейді жақсы нəтижеге қарай 
одан ары дамуға мүмкіндігі бар екенін білдіреді.
Университеттің 4 курс студенттерінің тұлғалық-психологиялық зерттеу көрсеткіштері олардың ма-
мандық  таңдауларымен  байланысты.  Қарым-қатынас  өте  тығыз  жəне  іс-əрекеттің  нақты  түріне  қат-
ты бағдарланған деп айтуға болмайды, өйткені ол ғылыми дəлелденбеген, бірақ тұлғаның анықталған 
бағыттылығы бар адамдарға ерекше жарамды болатын мамандықтар тізімдері бар. 
«Қызығушылық  картасы»  əдістемесі  бойынша  зерттеу  жүргізуде  олардың  білім  алып  жатқан  ма-
мандығымен мүмкіндіктерінің байланыстарын зерттеу, сауалнамаға жауап берушілердің қалаулы ма-
мандықтарын айқындау мақсатымен қолданылды. Бұл əдістеме бойынша кəсіби бағыттылықтың диа-
гностикасын мектепті аяқтаған кезде, университетке түсер кезде қолданған абзал болатын еді. Əрине, 
тестілеу барлығына сəйкес қалаулы нəтиже беруі мүмкін емес, бірақ одан арықарай білім алумен жұ-
мысқа тұрған кезде таңдау жасауға көмек көрсетеді. Бірақ 4 курс студенттеріне бұл əдістеме қолайлы 
жəне таңдау жасалынып қойған мамандық бойынша білім алу мотивациясын жоғарылату мақсатымен 
дара тіл табысуда қолдану үшін педагогтарға қажет болуы мүмкін. 
«Қызығушылық  картасы»  əдістемесі  бойынша  зерттеу  нəтижелерінің  көрсеткіштері  барлық 
сыналушы студенттер саналы түрде педагог болғысы келмейтінін көрсетті. Алайда, сұралғандардың 
көбісі педагогикалық іс-əрекетке жасанды қызығушылық білдіргендері көрсетілді. 
Зерттелгендердің  болашақ  мамандығын  таңдауда  əлсіз  саналық  айқындалғанынан  шыға  отырып, 
оқу үдерісінде əлемнің кəсіби көрінуін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесін ұсынуға бола-
ды. Бұндай шара ретінде кəсіби бағдар, тұлғалық өзін-өзі қалыптастыру, кəсіби маңызды қаситетердің 
дамуына бағыттталған тренингтер, жəне де мамандықтарды таңдау бойынша студенттерге тестілеу мен 
сауалнама жүргізу сұрақтары бойынша психологиялық кеңестер болуы мүмкін. Болашақ мамандардың 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау