«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 73,5 Kb.
Дата11.02.2020
өлшемі73,5 Kb.
#28727

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.31.03. № 237 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.28.12. № 656 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 9 сәуірдегі

187 бұйрығына

8 қосымша

 

 



«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде  шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 



1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.



Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 



2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:



1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 1 (бір) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау туралы ақпарат қөрсетілетін қызметті берушінің және Министрліктің интернет-ресурстарында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:



1) шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);

2) шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде толтырған сауалнамасы;

3) жеке куәліктің және/немесе ұлттық төлқұжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);

4) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған);

5) бар болған жағдайда шет тілін білетінін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK және т.б.);

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (шетелге шығушылар үшін) медициналық анықтама;

7) бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;

8) бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар;

9) транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін).

Бұл ретте көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;

10) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

11) бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін).

10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.



Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

 

 



3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)

 оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы шағымда тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, күнін көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы шағымға қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнінің бас әріптерін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

 

 



4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:



1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

 

«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар



шеңберінде шетелде оқу конкурсына

қатысу үшін құжаттар қабылдау»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 қосымша

 

Нысан

 

 

Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы



 

 


1

Тегі

Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - аты-жөні)




2

Туған күні




3

Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел)




4

Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы, телефон нөмірі




5

Қазіргі тұратын мекен-жайы,

телефон нөмірі, электрондық поштасы






6

Жалпы орта білім беру ұйымының атауы




7

Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы




8

Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы




9

Сіз шетелде оқыдыңыз ба?

Қайда (ел)?

Оқу кезеңі.

Оқу орнының атауы,

оқу бағдарламасы

(бакалавриат, магистратура)






10

Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер,өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.)




11

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (мақалалардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің, авторлық куәлiктердің, рефераттардың, мақтау қағаздарының және т.б. көшірмелерін қоса беріңіз)




 

12. Жақын туыстар туралы ақпарат (ата-анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайы, балалары, қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері):

 


Туыстық дәрежесі

Аты-жөні, туған күні, айы, жылы

Жұмыс (оқу) орны, лауазымы,

жұмыс телефоны



Үйінің мекен-жайы,

индекс, телефон,

қала коды


Әкесі










Анасы










Аға-інілері










Апа-сіңлілері










Жұбайы










Балалары










Қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері










 

13. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)

 


Мерзімі

Ұйым және ондағы лауазымы

Мекен-жайы

Бастау

Аяқтау























































14

Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын)




15

Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай?




16

Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері:

нөмірі


кіммен берілді

қашан берілді






17

Оқуға баратын ел атауы




18

Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық




 

Ескертпе:

Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: аты-жөні, үйінің мекен-жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін - ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.

Қолы_____________________ Күні __________________

 
жүктеу 73,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау