148. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның
ведомствасының келісімі бойынша білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының
заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкес олардың талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық
болған кезде мектеп тамақтандырудың базалық ұйымдарынан (мектеп тамақтандыру
қорытындысы
комбинаттары, мектептік-базалық асханалар және тағы басқалары) және қоғамдық тамақтандыру
ұйымдарынан жартылай фабрикаттарды жеткізуге жол беріледі.
149. Буфеттерде тағамдарды, аспаздық бұйымарды сатуды, сондай-ақ ыстық сусындар мен
жекелеген тағамдарды дайындауды іске асыруға мүмкіндік беретін үй-жайлар және жабдық жиыны
көзделеді.
150. Ауылдық елді мекендерде орналасқан жалпы білім беру ұйымдарының ас блоктарында
типтік асханаларды ұйымдастыруға арналған жағдайлар болмаған жағдайда халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен
келісім бойынша үй-жайлардың қысқартылған жиыны: қойма үй-жайлары, шикізат дайындау, тамақ
дайындау, дайын өнімді тарату және асхана мен асүй ыдыстарын жуу аймақтары бар асүй және
персоналға арналған бөлме немесе бөлінген орын көзделеді.
151. Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақты дайындау
ағымдылығын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
152. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталады.
Тамақ өнімдерін сақтау кезінде «тауар көршілестігі» принципін сақтауды қамтамасыз етеді.
153. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда балалар топпен тамақтанады.
154. Тамақтану залының ауданы бір орынға кемінде 0,8 м есебінен көзделеді.
2
155. Өндірістік цехтарда араластырғыштар арқылы суық және ыстық су келтірілген,
сыйымдылығы жеткілікті өндірістік жуғыштар орнатылады.
156. Асханада қолжуғыштарды еденнен 0,7 м-ден аспайтындай биіктікте орнату көзделеді.
Қолжуғыштардың жанына (екі қолжуғышқа кемінде 1) электр сүлгі орнатылады немесе бір рет
қолданылатын сүлгі пайдаланылады.
157. Шамдарда қорғаныш арматурасы болады, плиталардың, технологиялық жабдықтың және
бөлшектеу үстелдерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
158. Өндірістік, қоймалық және әкімшілік-тұрмыстық ас блогы үй-жайларының жабдығының
тізбесі осы Санитариялық қағидаларға
сәйкес жабдықталады.
5-қосымшаға
159. Жабдық, өндірістік үстелдер, мүкәммал, ыдыс-аяқ, ыдыс тамақ өнімдерімен жанасуға
рұқсат етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалады
және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
160. Тамақтану залдары жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, оларға өңдеу
жүргізуге мүмкіндік беретін жабыны бар жиһазбен жабдықталады.
161. Қандай да бір технологиялық және тоңазытқыш жабдығы істен шыққан жағдайда, ас
мәзіріне өзгерістер енгізіледі.
162. Қоймалардағы тамақ өнімдерін сақтауға арналған стеллаждардың және тауарлардың астына
қоятын тұғырлардың төменгі сөрелерінің биіктігі еденнен кемінде 15 см биіктікте көзделеді.
163. Асханалар бір отыратын орынға кемінде үш жиын есебінен асхана ыдысымен және
аспаптармен қамтамасыз етілуі тиіс.
164. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар үшін
қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфордан, фаянстан және шыныдан жасалған ыдыстар (
тәрелкелер, табақшалар, тостағандар, бокалдар) пайдаланылады. Дайын тамақтарды дайындауға және
сақтауға арналған асхана аспаптары (қасық, шанышқы, пышақтар), ыдыстар тот баспайтын болаттан
немесе материалдың гигиеналық қасиеттері бойынша ұқсас материалдан болуы тиіс.
165. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау, оларды технологиялық өңдеу және тарату үшін
мынадай бөлек және таңбаланған жабдық, бөлшектеу мүкәммалы, асүй ыдысы пайдаланылады:
1) таңбасы бар өндірістік үстелдер: шикі ет «ШЕ», шикі балық «ШБ», шикі көкөніс «ШК», «
нан», дайын өнім «ДӨ», «қамыр»;
2) бөлшектеу мүкәммалы (бөлшектеуге арналған тақтай және пышақтар): шикі ет «ШЕ», піскен
ет «ПЕ», шикі балық «ШБ», піскен балық «ПБ», шикі көкөніс «ШК», піскен көкөніс «ПК», «нан», «
гастрономия», «аскөк»;
3) таңбасы бар асүй ыдыстары: «I тағам», «II тағам», «III тағам», «сүт», «жұмыртқаларды
өңдеуге арналған», шикі ет «ШЕ», шикі көкөніс «ШК», шикі балық «ШБ», «дайын өнімге арналған», «
шикі өнімге арналған».
Бөлшектеу мүкәммалын және ас үй ыдыстарын таңбасына сәйкес мақсаты бойынша қолданады.
166. Пішіні өзгерген, жиектері сынған, сызаттары, сынықтары бар, эмалы зақымданған ас үй
және асхана ыдыстарын; алюминийден жасалған асхана аспаптарын; пластмассадан және сығымдалған
жұқа тақтайдан жасалған бөлшектеу тақтайларын; сызаттары бар және механикалық зақымдалған
бөлшектеу тақтайларын және ұсақ мүкәммалды пайдалануға жол берілмейді.
167. Ет және балықты қасаптауға арналған бөлшектеу тақтайлары, науалар тесіктері және
саңылаулары жоқ тамақ өнімдерімен жанасуға арналған материалдардан дайындайды.
Етті қасаптауға арналған қалыпты арнайы тұғырыққа орнатады және күн сайын жұмыс аяқталған
соң тазартады және бетіне тұз себеді. Қалыптың бетін жүйелі түрде сүргілейді және жонады.
168. Дайын тамақты (өнімдерді) жеткізу (тасымалдау) үшін ішкі беті тамақ өнімдерімен
жанасу үшін рұқсат етілген материалдардан жасалған ыдыстар (сыйымдылықтар) пайдаланылады. Дайын
ыстық тамақты жеткізу үшін арнайы изотермиялық ыдыстар қолданылады.
169. Ас блогының өндірістік және басқа да үй-жайлары, өндірістік жабдық және мүккәмал (
шкафтар, үстелдер, стеллаждар), санитариялық-техникалық жабдық жұмыс жағдайында және таза
ұсталады. Тамақ өнімдерін еденде сақтауға жол берілмейді.
170. Тамақтану залдарын жинауды әрбір тамақ ішкеннен кейін жүргізеді. Тамақтану
үстелдерін арнайы бөлінген шүберекті, таза және пайдаланылған шүберекке арналған таңбаланған
ыдысты қолдана отырып, жуу құралдары қосылған ыстық сумен жуады. Шүберекті пайдаланғаннан кейін
жуу құралдарын қоса отырып жуады, дезинфекциялайды немесе қайнатады, шаяды, кептіреді және таза
шүберекке арналған ыдыста сақтайды.
171. Ас үй ыдысын асхана ыдысынан бөлек жуу көзделеді. Жуу үй-жайларында ыдыстар мен
мүкәммалды жуу қағидалары туралы нұсқаулық ілінеді.
172. Асхана және ас үй ыдыстарын жууға арналған жуғыштың (қазан жуғыштың) көлемі
пайдаланатын ыдыстарды толықтай батырып қоюға мүмкіндік беретін жеткілікті болады, көлемдік
сыйымдылығының таңбасы болады және тығындармен қамтамасыз етіледі. Жуу және дезинфекциялау
құралдарын дозалау үшін өлшегіш ыдыс пайдаланылады.
173. Ас үй ыдыстарын жуу - 2 секциялы жуғышта, асхана ыдыстары – 3 секциялы жуғышта, шәй
ішуге арналған ыдыстар – 2 секциялы жуғышта іске асырылады.
Ауылдық жерлердегі кәрізденбеген аудандарда және 50 орындық ас блоктарында ас үй
ыдыстарын жууға арналған көлемі толық батырып тұруға жеткілікті, бір секциялы жуу ваннасын
орнатуға жол беріледі.
100 орындық тамақтану залы бар тағам блоктарында асхана және шәй ішуге арналған ыдыстарды
жуатын 3 секциялы жуғышты орнатуға жол беріледі. 100 орыннан артық тамақтану залы бар тағам
блоктарында ыдыс жуатын машинаны орналастыру кезінде 3 секциялы жуғышты орнату көзделеді.
174. Арнайы жуу машиналарында асхана ыдыстарын жуу оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
сәйкес жүргізіледі.
175. Үш секциялы ванналарда асхана ыдыстарын қолмен жуу кезінде мынадай тәртіп сақталады:
1) тамақ қалдықтарын механикалық тазарту;
2) ваннаның бірінші секциясында + 45 С төмен емес температурада жуу құралдары қосылған
0
суда жуу;
3) ваннаның екінші секциясында + 45 С төмен емес температурада және ваннаның бірінші
0
секциясына қарағанда 2 есе аз мөлшерде аз жуу құралдары қосылған суда жуу;
4) ваннаның үшінші секциясында ыдысты +65 С төмен емес температурада ыстық ағынды сумен
0
шаю;
5) торларда, сөрелерде және стеллаждарда төңкерілген күйінде кептіру.
176. Арнайы жуғыш орны мен ағынды су жоқ болған кезде ыдыстарды үш легенде (легеннің
көлемі кемінде 10 литр) жуу құралдарын қоса отырып, ыстық суда жуады, таза ыдыстар ыстық сумен
шайылады, кейін кептіріледі.
177. Асхана аспаптарын сақтауға арналған сыйымдылықтарды + 45 С төмен емес температурада
0
жуу құралдарын қолдана отырып, ыстық суға жуады.
178. Таза ас үй ыдысын және мүкәммалды еденнен кемінде 0,5 м биіктіктегі стеллаждарда;