"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10275 тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Кодексінің
6-тармағына сәйкес
144-бабының
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
бекітілсін.
қағидалары
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді
баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 16 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 8 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 179 бұйрығымен
бекiтiлген
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) оқушылар мен тәрбиеленушілерге
білім беру объектілерін орналастыруға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге,
пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге,
микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, білім беру, тұру жағдайларына, өндірістік
практикаға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет
көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Осы Санитариялық қағидалар қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға
білім беру ұйымдарын (объектілерін) жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, жөндеумен,
пайдаланумен байланысты барлық жеке тұлғалардың, заңды және жеке кәсіпкерлердің орындауы үшін
міндетті болып табылады.
Қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім берумен байланысты заңды
және жеке тұлғалар қызметін (білім беру қызметін көрсету, оның ішінде оқыту, тұру, тамақтандыру
, медициналық қызмет көрсету, дене тәрбиесі) бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың
талаптарына сәйкестігі туралы
алады.
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
2. Осы Санитариялық қағидалар:
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын –
мектептер, гимназиялар, лицейлер;
техникалық және кәсіптік оқу, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын –
кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер (бұдан әрі - ТжКБ);
жоғары кәсіптік білім беруді (бұдан әрі - ЖОО) іске асыратын – университеттер,
институттар және оларға теңестірілгендер (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер
); сондай-ақ арнайы және түзету білім беру бағдарламаларын іске асыратындар;
2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және олардың тұратын орындарын ұйымдастыру (
жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары,
дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды
бейімдеу орталықтары, жастар үйінің барлық түрлері мен типтерінің интернат ұйымдары,
пансионаттар, медреселер, жетімханалар және басқалары);
3) балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру, дене тәрбиесін және шығармашылық
қабілеттерін дамытуды ұйымдастыру (қосымша білім беру мекемелері) – балалар мен жастар
шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркемсурет мектептері, жасөспірім балалар
орталықтары, аула клубтары, жас натуралистер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу
курстары және басқа да мектептен тыс ұйымдар);
4) тамақтандыру объектісінің меншік нысанына қарамастан, оқушылардың тамақтануын
ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдердің білім беру объектілеріне
қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның
жүзеге
ведомствасы
асырады.
4. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде осы Санитариялық
қағидаларға
сәйкес балалар мен жасөспірімдердің білім беру объектілеріне
1-қосымшаға
зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізіледі.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1)
– бұл арнайы жағдай жасай отырып, техникалық құралдарды,
арнайы білім беру ұйымдары
сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсетуі, арнайы бағдарламалар мен оқыту және
тәрбиелеу әдістерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалауды және консультация беруді
қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары. Арнайы ұйымдардың түрлеріне мыналар жатады:
көру қабылеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп;