БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГ МАМАНДАРДЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Шакиева Жанат Амирбековна
«Жас өркен» колледжі
Суицид ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар. Суицид- ауру немесе өзін-өзі өлтіру деген мағына береді.Жалпы суицидке ұшырағандардың орташа жас шамасы 14-17 жас аралығында. Өзін-өзі өлтіруге итермелейтін себептер арасындағы басымдары: белгілі әрекет жасағаны үшін ата-анадан қорқуы, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған бұзақылығы үшін мұғалімнен қорқу.Тыныш емес,жағдай нашар,жайсыз отбасылар және баламен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайтын отбасыларда суицид жағдайы жиі болады. Суицидке барудың психологиялық факторлары:
1.Көңіл-күйінің төмендігі;
2.Аутоагрессияға бейімділігі;
3. Өзін-өзі қабылдаудағы негативизм.
Демонстрация
Манипуляция
|
Тығырыққа тірелу
|
Топтық ерекшелікке байланысты
|
Жасөспірім бұл қадамға ренжіткендерді жазалау үшін барады
|
Кейбір тұрмыстық жағдаяттардан шығар жол жоқ деп қабылдауы
|
Түрлі топтардың құрамына ену арқылы, түрлі көзқарастарға илану
|
Отбасындағы жағдайдың өзгеру (өгей әке,өгей шешенің пайда болуы)
|
Үстемдік көрсету арқылы жасөспірімнен көп көлемде ақша талап ету
|
Діни секталардың құрамына ену, т.б
|
Кейбір кездерде әр түрлі оқиғаларға бала жүрегімен беріледі, өзінше қайғырады, содан барып түрліше мінез көрсететін кездері болады. Жасөспірімнің бұндай әрекеттерге баруына мына жағдайлар әсер етеді:
Ата-анасының ажырасуынан; үлкендердің өз уайымдары өздерінде болуы, ата-анаға өзін керексіз сезінуі, осы уақытта бала кез келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды.
Жақын адамның жоғалтуы;бала өзіне жақын адамды жоғалтқандықтан мінезі өзгеріп,уайымы пайда болады.
Балаға қатал қарау,оның ойымен есептеспеу; ұрсу,соғу,жәбірлеу,намысына тиетін сөздер айту,басқа балалармен салыстырып төмендету,кемсіту.
Тәуекелге баратын жасөспірімдер:
«Қиын жасөспірімдер» Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар Мүгедек балалар Физиологиялық және психикалық даму кемістігі бар балалар Зорлық-зомбылық көрген балалар
|
Өзін-өзі бағалауы төмен балалар:
Тез ренжігіш Депрессияга жеңіл түсетін балалар
|
Көріп отырғанымыздай,суицидтік әрекеттер тамыры тереңге кеткен әр түрлі әлеуметтік жағдайлардан,үлкендер баламен дұрыс қарым-қатынас орната алмағандықтан болатыны белгілі.Сондықтан психологтар осындай қауіпті балалар мен жекелей жұмыс,олардың ата-аналарыменде жекелей жұмыс жүргізу керек.
Суицидтің алдын-алу мақсатында жүргізілетін негізгі жұмыстар: -Психолог, әлеуметтік педагог және оқушы арасында сенім қалыптастыру;
-Оқушы отбасымен тығыз байланыста болу; -Баланың балалық шағын қорғау үрдістерін іске қосу; -Оқушыға жеке көмек беру (құпия түрде); - Психодиогностикалық жұмыстар жүргізу.(Суицидтік әрекеттерді,көңілкүйді,ойды анықтау мақсатында); - «Сенім телефоны »немесе «Сенім жәшігінің» жұмыс істеуі;
Баламен жүргізілетін жұмыстың ең маңызды әдістері: әңгімелесу,бақылау, сауалнама,тест,сұқбаттасу және түрлі тақырыпта семинар, тренингтер,өзіндік ойлар, «Менің бейнемдегі отбасым», «Менің бейнемдегі құрбым»т.б тақырыптарда сурет салу. Осы жұмыстарды жүргізе отырып қауіпті баланы анықтауга болады. Суицидтік әрекет пен ойлары бар балаларды анықтағаннан кейін құпия түрде жан-жақты жұмыс жүргізуге болады.
Алғашқы алдын алу
Үш немесе одан да коп рет суициалды тәуекел жасаған тәуекел топтағы балалар мен жасөспірімдерге қатысты жүзеге асырылады.
Ең бірінші суициалды тәуекелділіктің маркерін танып білу саласында педагогтар мен ата-аналардың білігін көтеруге ықпал ететін іс-шаралар кешенін жүргізіп, сондай-ақ, өмірдің қиын жағдайында қиналған балалар мен жасөспірімдерге қолдау көрсету қажет
Педагогтар мен ата-аналардың білігін көтеру аясында олар үшін баланың үрей жағдайын қалай анықтауға болатындығы және бала суицидке ыңғай танытқан жағдайда не істеу керек екендігі туралы жадынамалар әзірлеу қажет. Дәл осы топқа күйзеліс пен суициалды тәуекелділіктің мәселелері бойынша дәріспен медициналық қызметкерлерді шақыруға болады.
Алғашқы алдын алу кезеңіндегі психологтың міндеті:
Бақылау қорытындысы, ағымдағы диагностика,мұғалімдердің шағымы,ата-аналар сұранысы негізінде тәуекел топтағы,солардың ішінде,суициалды факторлар кешені бар жасөспірімдерді бөліп шығару.
Патомінездемелік ерекшеліктерін,үрейлік пен агрессиясының деңгейін, дезаптация мен суицидке тәуекелділік бойынша дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін қосымша диагностика жүргізу керек.
Диагностикалық мәліметтерге талдау жасау.
Консилум жұмысына қатысу.
Баламен жұмыс жасау бойынша жекелеген бағдарламаларды әзірлеп,жүзеге асыруға қатысу. Мақсаты қарым-қатынас орната білу қасиетін, өзінің мендік кейіпін оңалту,фрустрациялық толеранттылығын дамыту,ерте алдын алу және т.б болып табылатын ,яғни түзету бағытында педагог-психологтың әдетте атқаратын жұмысына,жекелеген және топтық сабақтарға тәуекел топтағы жасөспірімдерді қосу.
Жасөспірімнің отбасымен жұмыс барысында өзіңнің жауапкершілігіндегі бөлікті жүзеге асыру.
Ата-аналар мен педагогтарға жадынамалар әзірлеу (бала бойындағы күйзелісті қалай анықтаймыз және не істеу керек).
Ата-аналармен және педагогтардың басқа да мамандармен кездесуін ұйымдастыру.
Алдын алудың екінші қадамы
Өмірдің қиын жағдайына тап болған және суицид жасау туралы ойын білдірген білім алушылармен жүргізіледі. Яғни жанама (хат арқылы,күнделіктегі жазбаларымен)немесе тікелей ашық суицид жасауға ойы бар екенін білдіріп жүргендермен жұмыс жасау. Негізгі міндет-суицидті болдырмау.
Педагог-психологтың алдында бірінші болып өзін-өзі өлтіру қаупі қаншалықты екендігін бағалау міндеті тұрады. Қауіптің үш деңгейі болады: қауіпі аз (белгілі жоспарсыз суициалды ойдың болуы),орташа деңгейі(жүзеге асырылу уақыты белгісіз суициалды ойы бар),аса қауіпті (ой бар, жоспар әзірленген, жүзеге асыру уақыты мен әдісі белгіленген).Педагог-психолог келесі әдістерді қолдану арқылы қауіптің деңгейін ажырата алады: Суицалды тәуеклділік сауалнамасы (СТС),Суициалды тәуекелділік картасы, Суициалды тәуекелділік шкаласы (Патерсон),Үмітсіздік шкаласы (Бек). Әрбір тәуеклділік деңгейі бойынша белгілі стратегиялар мен іс-қимылдар бар.
Қауіп деңгейі шамалы болған жағдайда психолгтың алғашқы міндеттері:
Педагог-психолог жасөспірімге эмоционалдық қолдау ұсынуы қажет.
Суициалды сезімдерімен жұмыс жасау.
Басты назарды жасөспірімнің мықты тұстарын аудару.
Психотерапевтке (психиатр)жолдау.
Араға шамалы уақыт салып қайта кездесіп,үнемі қарым-қатынаста болуға тырысу
Орта деңгейдегі қауіп байқалған жағдайдағы психологтың міндеті:
Жасөспірімге эмоционалдық қолдау ұсыну.
Суициалды сезімдерімен жұмыс жасау.
Өмір сүруге деген құлшынысын ояту.
Өзіне өзі қол жұмсауға себеп болған нәрселерді талқылау.
Уәделесу.
Жедел түрде психотерапевтке (психиатр)жолдау.
Отбасымен, достарымен хабарласу.
Аса қауіпті жағдайдағы психологтың міндеті:
1.Жасөспірімнің өзін бір сәтке де қалдырмау.
2.Қажеттілік болған жағдайда,өзі-өзін өлтіру құралын көзден таса ету.
3.Уәделесу.
4.Жедел психиатрмен немесе тәжирибелі дәрігермен хабарласып, «жедел жәрдем»шақырып,ауруханаға жатқызуды ұйымдастыру.
5. Отбасына хабарлау.
Алдын алудың үшінші қадамында
Зардабын азайтатын және парасуицидтің орын алу ықтималдығын төмендететін,суициденттің әлеуметтік және психологиялық жағынан және әлеуметтік ортасын оңалтуына әсер ететін іс-шаралар ұсынады. Бұл алдын алу деңгейінің адресаттары суицидке ұмтылыс жасаған балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Бұндай іс-әрекеттерге аса жауапкершілікпен қарау керек, себебі бала бойында суицид жасауға себеп болған мәселе,жүрегіндегі сызат (фрустрация,шиеленіс және т.б)сақталып қалса, жасөспірім екінші рет проблемадан қашуы мүмкін. Аса қауіпті кезең ұмтылыс жасағаннан кеәйінгі 1-3 апталар болып табылады. Д.С. Исаев пен К.В. Шерстеновтың пікірі бойынша,суицидтен кейінгі жақын аралықтың үш басты компоненті бар:
-шиеленістің өзектілігі;
-суициалды тенденцияның орын алуының деңгейі;
-орын алған суицидке қарым-қатынасы.
Д.С. Исаев пен К.В. Шерстенов постсуицидті күйдің төрт түрін көрсетеді.
1.Сыни кезең. Шиеленіс маңыздылығын жоғалтқан.Суициалды тенденция жоқ. Суициалды ұмтылысы үшін ұялу сезімі, орын алуы мүмкін өлімнен қорқыныш. Қайталануы екі талай.
2. Манипулясиялық. Шиеленістің өзектілігі азайды, бірақ, суициалды іс-әрекеттерінің әсері есебінен. Кішігірім ұят сезімі, өлімнен қорқыныш. Суицидент алдағы уақытта да шиеленіс жағдайлар орын алғанда осы әдісті көпшілік-қорқыту сипатында қолданатындығына ықтималдық жоғары.
3. Аналитикалық. Постсуицидтің қарастырылып жатқан типінде шиеленіс әлі де басылмаған, дегенмен, суициалды тенденция жоқ. Жасаған әрекеті үшін өкініш. Жасөспірім шиеленісті жағдайдан шығудың жолдарын қарастырады, егер таба алмаса, суицид қайталанып, ақыры ауыр болуы мүмкін.
4. Суициалды-белгіленген. Шиеленіс өзекті, суициалды тенденциялардың сақталуы мүмкін. Суицидке көзқарасы дұрыс. Бұл ең қауіпті түрі. Бұл жағдайда суицидентпен тығыз байланыс орнатып, қатаң бақылауға алу қажет.
Алдын алудағы үшінші қадамы кезіндегі психологтың міндеті:
Жасөспірімнің постсуициалды күйінің түрін анықтау;
Қорытындының негізінде әлеуметтік-психологиялық көмектің (соның ішінде дәрігерге көріну қажеттілігі)қадамдарын әзірлеу;
Суициалды жағдай бойынша консилиумның жұмысына қатысу (дағдарысқа қарсы штабтың ұйымдастырылуы мен жұмысына қатысу);
Жасөспіріммен жекелеген түзету жумыстары.
Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру және оған бейімделу дағдысын қалпына келтіру мақсатында жасөспірімді қатыстыру (бұл қарым-қатынас тренингі немесе фрустрациялық толеранттылық тренингі бола алады);
Жағдай әсер еткен педагогтар,ата-аналар және балаларға кеңес беруді ұйымдастыру (немесе дағдарысқа қарсы штабтың аясында);
Жасөспірімнің күйіне мониторинг жасау (бақылау әдісі,сұхбаттасу әдісі, сауалнама әдісі).
Аяқталған суицид орын алған жағдайда аталған мәселемен айналысатын басқа да орталық, мекемелердің қызметкерлерін шақырған жөн.Бұндай топтарға емханалардың психиатРлары (психотерапевт),осы сала бойынша әзірліктен өткен психологтар (2 адам), әлеуметтік педагог, заңгер, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, белсенді ата-аналар кіре алады.Тағы да ескерту: балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алудағы негізгі міндет-суицид жасауға әсер етуші жағдайларды анықтау және оны жою болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
Мектептегі психология 02 (56)2013
ТОО учебный центр «Ұлағат Консалтинг», « Психологические аспекты детского суицида: технологии профилактики » Қызылорда,март,2013
Достарыңызбен бөлісу: |