Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық. Алматы: АҮДҰИ, 2023. – 228б



жүктеу 5,34 Mb.
бет54/227
Дата22.12.2023
өлшемі5,34 Mb.
#44846
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227
Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша басшылық

Өзін-өзі таныту үшін күрес
Бала ересектердің шексіз нұсқауларына, ескертулеріне және алаңдаушылықтарына соғыс жариялайды. Ол өзіне деген сенімділікті күтеді. Өз пікірінің болуы, өзі шешім қабылдай алу мүмкіндігі – ол қате болса да өз тәжірибесін алу мүмкіндігі болып табылады.
Кек алғысы келу
Бала мыналар үшін кек алуы мүмкін:
– басқкалар оның қабілетіне сенбесе;
– оны өзінен үлкен немесе кіші інілерімен немесе қарындастарымен, соларды жақтап салыстырса;
– өзін қорлағаны үшін;
– ажырасу және үйде жаңа отбасы мүшесінің пайда болуы;
– ажырасу нәтижесінде ата-анасының біреуінің кетуі;
– әділетсіздік және орындалмаған уәделер;
– ересектердің бір-біріне деген сүйіспеншілігінің шамадан тыс көрінісі;
– ата-ананың өтірігі мен тұрақсыздығы.
Өзнің табысқа жететініне сенбеу
Бұл оқу барысындағы сәтсіздіктермен, сыныптағы және мұғаліммен қарым-қатынасына, өзін-өзі бағалаудың төмендігімен, оны ашық оқшаулаумен, қорлаумен байланысты болуы мүмкін.
– Осындай мәселелерге тап болған ата-аналар болса, қолдарыңызды көтеріңіздер.
Неліктен кейбіреулер қолайсыз жағдайларға төтеп бере алады, ал кейбіреулері шыдамай, қиын жағдайды көтеремай қалады?
Қиын жағдайға тап болған кезде балаға көмек қолын созу және қолдау, оны толыққанды қабылдау – баланың жақсы дамуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте қатты, бірақ өте жиі болмайтын түбегейлі өзгерістер мен қиындықтар баланың сағын сындырмайды, себебі оның ішкі беріктік қоры үлкен. Балаға ұрыс-керіс, үйдегі үлкендердің тұрақты ұзақ күйзелістері, депрессиялары, агрессиясы немесе мазасыз эмоционалдық фон әсер етеді.




7 минут

Баланы түсіну үшін алдымен өз реакцияларыңыз бен эмоцияларыңызды бақылауды үйрену керек, содан кейін баланың сезімдерін айырып тануды үйрену керек.
«Мен не сезінемін?» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелеріне өз сезімдерін санадан өткізуге, эмоцияларын көрсетуге және әңгімелесушінің эмоцияларын айырып тануды үйренуге көмектесу.
1.Барлық қатысушыларды екі командаға бөлеміз.
2. Команданың барлық мүшелері картадағы тапсырмаға сәйкес кезек-кезек эмоцияларын көрсетеді.
3 Егер қарама-қарсы команда эмоцияны дұрыс тапса, ойыншыны өз команадасына қосып алады. Ал егер таппаса, өз ойыншысын береді.
Талқылауға арналған сұрақтар
– Жаттығуды орындау кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
– Қандай эмоцияларды көрсету оңай?
– Қандай эмоцияларды тану оңай?
– Сіз бұрын балаңыздын қандай эмоцияларын байқамадыңыз?
– Эмоцияны қалай тануға болатынын білу қалай пайдалы болуы мүмкін?
– Егер сіз балаңыздың эмоциясын дәл тануды үйренсеңіз не болады?
– Баладан қазір қандай эмоцияны сезінетінін сұрай аласыз ба? (Сіз қазір не сезінесіз?)
– Қиын жағдайда балаңызға қалай эмоционалдық қолдау көрсете аласыз?
– Эмоцияларды санадан өткізу қиын жағдайда қалай көмектеседі?



Эмоция атаулары бар карталар.




Pixar студиясының 2015 жылғы «Бас қатырғыш» мультфильмін отбасымен бірге көруді ұсынамыз.
https://www.youtube.com/watch?v=XaGjd5paQ4M
Әр балада жағымды және жағымсыз эмоциялар қатар өмір сүреді және олардың әрқайсысының өз рөлі бар, әр эмоцияны дұрыс білдірген кезде ғана ол пайда әкеледі.



«Бас қатырғыш» мультфильмі



5 минут


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   227




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау