2 тақырып. Ақшаның уақыттық құны
Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар. Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны. Ануитеттер, олардың түрлері.
Дебиторлық берешектердің жіктелуі және оларды тану. Бастапқы бағалау. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару. Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері.
Еншілес, қауымдасқан компаниялардың және филиалдардың дебиторлық берешектерінің есебі. Қызметкерлердің берешектері, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар және басқа дебиторлық берешектер.
Өзге де қысқа мерзімді активтер есебі: салықтық активтер, сатуға арналған активтер, берілген аванстар, алдағы кезең шығыстары.
4 тақырып. Қорлар есебі (2ХҚЕС)
Қорлардың анықтамасы және жіктелуі. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау. Қорлар есебінің жүйелері (2ХҚЕС және 2 ҚЕҰС 12 бөлім). Қорлардың мерзімдік және үздіксіз есебінің айырмашылығы. Қорлардың синтетикалық және талдамалық есебі.
5 тақырып. Негізгі құралдар есебі (16 ХҚЕС)
Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдарды бастапқы бағалау. Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі.
Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі.
Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау.
Негізгі құралдардың шығыс етілуі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі. Негізгі құралдар туралы ақпараттарды ашып көрсету.
6 тақырып. Материалдық емес активтердің есебі (38ХҚЕС)
Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі. Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны.
Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі, қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.
Пайдалы қызмет ету мерзімі. Пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмеген материалдық емес активтер. Материалдық емес активтерді амортизациялау әдістері. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |