Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе
таратуға тыйым салынады.
Түсініктеме жазбасы
Мұалімнің жұмыс дәптері «Мұғалімге арналған нұсқаулық» құралына қосымша
әдістемелік құрал болып табылады.
Жұмыс дәптеріне мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында зерделейтін және
одан әрі әріптестерін үйрету тәжірибесінде қолдануға арналған тапсырмалар кіреді.
Тапсырмалар курстың оқу жоспарына сәйкес жасалған және бөлім/ортақ тақырып, тоқсан
бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды талдау, бағалау, сондай-ақ оларды
өз бетінше әзірлеу және сараптау дағдысын қалыптастыруға бағытталған; курс мазмұнын
тыңдаушылардың өз бетінше меңгеруіне септігін тигізеді.
Жұмыс дәптері сабақтың мазмұнын ашуға көмектесетін түрлі мазмұнды
материалдардан тұрады: ақпараттық («Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік
құралында берілген материалмен танысу және талдау), тәжірибелік (тапсырманы орындау
және өз тәжірибесінде пайдалану туралы ойлану, қорытынды жасау) және бағалау
құралдары (өзін-өзі бағалау, сабақтың тақырыбы немесе тапсырманың мазмұны бойынша
рефлексия жасау).
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар «жеңілден күрделіге», «теориядан тәжірибеге»
және керісінше, «тәжірибеден теорияға» қағидаттары бойынша құрастырылған.
Материалды қабылдауды және кең ауқымда кешенді түсінуді оңайлату мақсатында сурет,
сызба, кестелер қолданылған.
Әр тапсырманың соңында тыңдаушының өз ойын, жауабын жазуға арналған бос
орын бар, сондай-ақ осы жерде тыңдаушының орындалған тапсырманы түзету және
жетілдіру мүмкіндігі бар. Бұл сабақ тақырыбы бойынша игерген білімді жүйелеуге
мүмкіндік береді. Тапсырмалар шиыршық қағидаты бойынша құрастырылған: сабақтан
сабаққа алға ілгерілеген сайын алдыңғы материалды қайталау арқылы курс материалы
күрделене түседі. Әр сабақтың оқу мақсаты белгіленіп, күтілетін нәтижеге қол жеткізуге
қатысты рефлексия жасалады. Тыңдаушылардың психологиялық тұрғыда жайлы ортада
(оқу ортасы) жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған (тапсырманы жеке, жұпта, шағын
топта орындау, әріптестердің бір-біріне ауызша/жазбаша кері байланыс ұсынуы, т.с.с.)
1-күн, 1-сабақ. Бағалаудың ерекшеліктері
Танысу парағы
Аты-жөні: ________________________________________________________________
Мектебі: _________________________________________________________________
Сабақ беретін пәні: ________________________________________________________
Сыныбы_______________
Сіздің келеcі сұрақтарға жауабыңыз:
Бағалау жүйесіне енгізілген өзгерістің мәні қандай?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Бағалау үшін қандай білік, дағды қажет?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Бағалауға арналған тапсырманы құрастыруда қандай қиындық бар?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Курстан не күтесіз?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________