Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет20/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

Физикалық
 
құбылыс
 
-
Құбылыстың белгілері; 
-
Құбылысты бақылау жағдайы, шарттары; 
-
Құбылыстың мәні, оның заманауи тұрғыдағы түсініктемесі; 
-
Осы құбылыстың басқа физикалық құбылыстармен байланысы; 
-
Құбылысты практикада қолдану. 
Физикалық
 
шама
 
-
Берілген шама қандай дененің немесе құбылыстың қасиеттерін сипаттайды? 
-
Шаманы анықтау; 
-
Берілген шаманың басқа шамалармен байланысын анықтайтын формула; 
-
Өлшем бірліктері; 
-
Шаманы өлшеу тәсілдері. 
Физикалық
 
заң
 
-
Заң қандай шамалардың немесе құбылыстардың байланысын көрсетеді? 
-
Заңды тұжырымдау; 
-
Заңның математикалық жолмен өрнектелуі; 
-
Заңды дәлелдейтін тәжірибелер; 
-
Заңның заманауи тұрғыдағы түсініктемесі; 
-
Заңды тәжірибеде қолдану мысалдары. 
Физикада белгілі бір тақырып бойынша жаңа материалды бекіту үшін есептің шығару 
жолы беріледі, бұл да мәтін түріндегі оқу материалы болып табылады. Дайын күйінде 
берілген осындай ақпаратты (есептің шартын, шығару жолын) талдау арқылы оқушылар 
тақырыпты түсінеді: Не белгілі? Нені табу керек? Есеп не туралы? Мұнда оқушылардың 
талдау, салыстыру, жинақтау, жалпылау сияқты логикалық ойлау дағдылары дамиды. 
Есепті талдау: 
-
Есептің не туралы екенін анықтау; 


25 
-
Есеп шартының физикалық мағынасын ашу, яғни есепте қандай физикалық 
құбылыс сипатталғанын анықтау; 
-
Есепке қатысты сызба немесе суретті түсіндіру және салу; 
-
Есепті шығару жолын баяндау: есепте қандай физикалық заңдар мен теңдеулер 
бар;
-
Есепті шығару барысында қандай теңдеулер немесе теңдеулер жүйесі алынған, 
т.б. 
Физикалық құбылыстырды, ұғымдарды, заңдарды, физикалық шамаларды 
салыстыруға болады. Мәтін түріндегі материалдарды түсіну үшін графиктік құралдар 
көмегімен салыстыру арқылы талдау ұйымдастыруға болады.
Кестелермен
 
жұмыс
.
Физика сабағында оқу материалын кестемен беру өте жиі 
кездеседі. Кестедегі ақпаратты талдау арқылы оның мазмұнын оқушыларға ашып 
түсіндіруге болады: Кесте қалай аталады? Кестеде не көрсетілген? Кестедегі деректер 
қандай өлшем бірліктермен берілген? Кестеде қандай заңдылықтар байқалады? Байқалған 
заңдылықтарды қалай түсіндіруге болады? Кестедегі мәліметтердің практикалық маңызы 
қандай? 
Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың танымдық ойлау дағдылары 
дамиды. 
Формулалармен
 
жұмыс
. Физикалық формулаларда оқу материалына байланысты мол 
ақпарат шоғырланған. Формулалармен берілген ақпаратпен жұмыс істегенде оқушылардың 
тілдік дағдылары дамиды.
-
Формуланы талдау:
-
Формула қалай аталады?
-
Формула қандай физикалық шамаларды байланыстырады?
-
Математикалық тәуелділіктің түрі қандай?
-
Берілген заңдылықтың физикалық мағынасы қандай?
-
Тұрақты коэффициенттердің физикалық мағынасы қандай?
-
Қандай формуланы қорытып шығаруға болады?
-
Алынған формуланың физикалық мағынасы бар ма?
-
Формуланы қайда қолдануға болады? 
Графиктермен
 
жұмыс
.
График арқылы берілген есептер физика сабағында 
оқушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын (талдау, жинақтау, бағалау) дамытуды 
көздейді. Графикті «оқу» берілген графиктік тәуелділіктен физикалық үдеріске қатысты 
толық ақпарат алуды білдіреді. Оқушылар қарапайым амалдармен қатар: 
-
Графиктің ерекше нүктелерінің физикалық мағынасын түсіндіруді; 
-
Графикте берілген тәуелділіктерді салыстыруды және олардың ұқсастығы мен 
айырмашылығының физикалық мағынасын түсіндіруді; 
-
Тәуелділіктің математикалық түсіндірмесін жасауды және график бойынша 
тұрақты коэффициенттерді есептеп шығаруды; 
-
Графикпен анықталған ауданның физикалық мағынасын түсіндіруді үйренеді. 
Графикті талдау: 
-
Графикте қандай физикалық тәуелділік берілген? 
-
Координата өстерінде қандай физикалық шамалар көрсетілген және олардың 
өлшем бірліктері қандай? 
-
Тәуелділік графигі нені білдіреді? 
-
Графиктің ерекше нүктелері бар ма? Олардың физикалық мағынасы қандай? 
-
График қандай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді? 
Сызбалар

суреттермен
 
жұмыс
. Сызбалар және суреттер арқылы берілген оқу 
материалдарын
 
меңгеру үшін оларды жеке бөліктерге жіктеп және өзара байланысын 
анықтап, қайта құрастыру арқылы проблемалық жағдай туындату тәсілін қолдануға 
болады: 


26 
-
Суретте не көрсетілген? (физикалық денелер, бөлшектер, құралдар, механизмдер, 
график элементтері, т.б.) 
-
Аталған нысандардың атқаратын қызметтері қандай? 
-
Нысандардың өзара байланысы қандай? 
-
Нысандардың қандай қасиеттері өзгереді және неліктен? 
-
Олардың өзгеруі басқа нысандарға қалай әсер етеді? 
-
Сурет (сызба) қандай құбылысты, заңды сипаттайды? 
Сыныпта бейнеүзінді немесе мультимедиалық құралдардың көмегімен 
дайындалған физикалық эксперименттер арқылы физикалық көрсету оқушыларға 
көлемді оқу материалдарын көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар 
эксперименттің мазмұнын түсініп, нәтижені талдау және қорытынды жасай білуі 
маңызды болып табылады. 
Физикалық экспериментті бақылау және сипаттау жоспары төмендегі 
қадамдардан тұруы мүмкін: 
-
Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсететінін анықтау; 
-
Құрылғының негізгі элементтерін атау; 
-
Түсіндірме сызбаларын салу; 
-
Эксперименттің барысын және нәтижелерін сипаттау; 
-
Құрылғыда нені өзгертуге болатынын және ол нәтижеге қалай әсер ететінін 
болжамдау; 
-
Қорытындылар жасау. 
Электронды
 
құралдармен
 
жұмыс
.
Компьютерлік технологияларды қолдану 
сабақтары физикалық үдерістерді зерделеуге жоғары көрнекілік берумен қатар 
электрондық құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау дағдыларын 
дамытуды көздейді. Физикалық экспериментті модельдеу бағдарламалары (виртуалды 
лабораториялар) күрделі физикалық эксперименттерді графиктік тұрғыда сипаттап, 
модельденген жүйенің параметрлерін қалауынша өзгертіп тәжірибе жасауға және 
нәтижелерге қатысты болжамдар жасап, тексеріп көруге мүмкіндік береді. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау