38
ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
Өз жұмысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламаларын басшылыққа алады.
Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді
жоспарда белгілі бір бөлім/бөлімше аясында қамтылуға
тиісті тақырыптар мен оқу
мақсаттары көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды
әзірлеуге негіз болып табылады.
Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары, сондай-ақ
осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері,
ресурс үлгілері ұсынылады. Оқу бағдарламасымен салыстырғанда, орта мерзімді
жоспарлар ұсынымдық сипаттағы құжат. Сондықтан мұғалім жаттығу түрлерін бейімдеп,
оқушының
қызығушылығына, деңгейіне, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес
келетін өзінің балама ресурстарын таңдай алады.
Оқу бағдарламасының элементі ретінде ұзақ мерзімді жоспарда бір жылда өтілетін
бөлімдер/ортақ тақырыптар белгіленеді. Орта мерзімді
жоспарларда мұғалімдерге
тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақ өткізу, сабақта оқушыларды ұйымдастыру
туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға
болатын ресурстар ұсынылған
(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және дыбысматериалдар және т.б.) Ұзақ мерзімді
жоспарда оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен
бөлімдер анықталған. Орта мерзімді жоспарлау үдерісі ұзақ мерзімді жоспарда анықталған
бағдарларды нақтылай отырып, анағұрлым қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады. Орта
мерзімді жоспарлау барысында нақты бір кезеңге арналған негізгі міндеттер
тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары
көрсетіледі (Ұлттық
білім академиясы, 2016).
Оқу жоспары көптеген бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің
бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден
жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып
немесе белгілі бір жағдай арқылы байланыстырылған тізбектелген
сабақтар топтамасы
аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға
мүмкіндік береді.
Оқу жоспарының алғашқы парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар
біледі деп күтілетін
алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша
сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес
келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі
бір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу
пайдалы болмақ. Бұл ретте мұғалім өз оқушыларының қажеттіліктерін
қанағаттандыру
мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық,
жаттығуды өзінің жағдайына анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен
ауыстыра алады). Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынын
ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне
аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс. Оқу жоспарына орындау міндетті
болып табылатын бұйрық
нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін
көмекші ретінде қараған маңызды, оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық
қанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: