Білім беру бағдарламасы мамандық: Механикалық өңдеу, 1013000 Механикалық өңдеу, өнеркәсіптегі бақылау-өлшеуіш


Құрамдас бөліктің сипаттамасын түсіндіре білу және оны әзірлеу үшін операциялық жоспарды жасай алу



жүктеу 3,1 Mb.
бет10/16
Дата28.11.2017
өлшемі3,1 Mb.
#2273
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2. Құрамдас бөліктің сипаттамасын түсіндіре білу және оны әзірлеу үшін операциялық жоспарды жасай алу

Құрамдас бөліктердің сипаттамасы: егжей-тегжейлі сызбалар; материал, мысалы, болат, алюминий, полимер, басқа лайықты материалдар; эталон нүктелер, мысалы, базалық өлке, базалық симметрия осі; мөлшерлер, мысалы, сыртқы, ішкі, осьаралық қашықтық, ысырапты саңылау диаметрі, шектер; бетін өңдеу, мысалы, Ra, Rz мәндері.

Операциялық жоспар: белгі; атқарылатын жұмыс, мысалы, бекіту бөлшектері, фиксаторлар, ұстағыштар, қысқыштар, орнату нүктелері; өзгеретін құрамдас бөліктер, мысалы, қалақтар, қосымша үтсел, дөңгелек өңдеу түсіргіші, бекіту саңылаулары бар үстел; әрекеттердің жүйелілігі, мысалы, жүктеу, машина өңдеуі, сыдыру және ақырғы өңдеу, өлшеу, жүгін түсіру; есептеулер, мысалы, қиысуға арналған кескіш құралдардың траекториясына арналған координаттар, полярлық орталықтар, доға орталықтары, фреза коррекциясы, кесу жылдамдығы, жіберу режимдері; тригонометриялық фнкцияларды падалану, мысалы, синус, косинус, тангенс; кескіш жылдамдығы (бетіндегі жылдамдық/πx фреза диаметрі); жіберу режимі (тіс санын жіберу және шпиндель тістерінің жылдамдығы); ұқсас әрекеттер бойынша топтастыру; топтық циклдер, мысалы, стандартты емес ойықтар, геометриялық, саңылау үлгілері; құралдар, мысалы, кескіштер, бұрғылар, кеңейткіштер; басқа эталон деректері, мысалы, кескіш флюидтер бойынша, арнайы материалдармен байланысты арнайы талаптар; зерттеу, мысалы, сипаттамаларға сәйкестігіне тексерілген алғашқы өңделген бөлшек, машиналық өлшеу; қапталған табақ және құралдардың тізімі.
3. Бағдарламаның бір бөлігін құра білу және құрамдас бөлікті әзірлей алу.

Бөлшектерді өңдеу бағдарламасы: пайдаланушы интерфейсі, мысалы, мәзір жолы, сәйкестендіру сызығы, құрал индикаторының терезесі, жүйе мәртебесі; жұмыс істейді/құралдар контактісі, мысалы, қалып, бағыт, қозғалыстар саны; өзгеру шапшаңдығы, мысалы, жіберу режимдері, шпиндель жылдамдығы; қосымша функциялар, мысалы, қазақстандық жүйенің метриялық/бірліктері, құралды таңдау, кескіш флюидтер, бөлшектерді жүктеу және бекіту, құралды айырбастау; СББ кодтары, мысалы, блок нөмірі, дайындық функциялар (G кодтары); көмекші функциялар (M кодтары); басқа әріптік қолдану (доға орталықтары, ұршық біліктің айналу жылдамдығы, жіберу режимі); мөлшері туралы ақпарат, мысалы, координат осі (x, y, z), абсолюттік, дифференциал; жылдық топ, мысалы, модальдік, модальдік емес; блок форматы, мысалы, блок нөмірі, G коды, координаттар; G кодтарының арнайы функциясы, мысалы, қозғалыс жүйесі, өлшеу жүйесі, құралды түзету, топтық цикл, ішкі бағдарламалар; M кодтары, мысалы, хладагент, құралды айырбастау, жұмыстар жүргізу, шпиндель жылдамдығы, шпиндель бағыты

Өндіріс: өңдеу посты, мысалы, жүйелер арасында файлдарды/деректерді жіберу, машина құралына арналған бағдарламаны жүктеп алу; алдын–ала өндіру, мысалы, машина құралында графикалық дисплейді пайдалану арқылы прогон, бағдарламаны мақұлдау, бағдарламаны сынау прогоны, бөлшектерді жүктеу, кезең-кезеңмен, жіберу қарқынын икемдеу; бағдарламаны іске қосу, мысалы, бөлшектерді машинамен өңдеу, алғашқы тексеру және сипаттамаға сәйкестігін тексеру, болашақ пайдалану үшін тексерілген бағдарламаны сақтау, жақсы бақылау; өшіру.
4. Бағдарламаның бір бөлігін генерациялау және құрамдас бөлікті өндіру үшін АЖЖ/АВ бағдарламалар пакетін пайдалана алу.

АЖЖ/АВ пакеті: аппараттық қамтамасыз ету, мысалы, САП жұмыс станциясы, деректерді сақтау, жабдық туралы баспа құжаты, машинаның құралдарына деректерді жүктеуге арналған желілік жүйе; аппараттық қамтамасыз ету, мысалы, AutodeskInventor, Esprit, SolidWorks, EdgeCAM, DenfordVR ұнтақтау/айналдыру; әмбебап форматтар, мысалы, кеңейту (мысалы, DXF, IGS, AI, EPS, PLT, NC), жабық формат (мысалы, DWG, CDR, CDL, GE3, NC1, BMP, MSP, PCX, TIF) Бөлшектерді өңдеу бағдарламасы: мысалы, 3D геометриялық модель, АЖЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен, машина операцияларын таңдау, құралды таңдау, СББ бағдарламасын құру, АЖЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен, құралдарды және машина процесіндегі құралдардың қозғалыс траекториясын алмастыруды симуляциялау, түзету және редакциялау.



Өндіріс: өңдеу посты, мысалы, жүйелер арасында файлдарды/деректерді жіберу, машина құралына арналған бағдарламаны жүктеп алу; алдын–ала өндіру, мысалы, машина құралында графикалық дисплейді пайдалану арқылы прогон, бағдарламаны мақұлдау, бағдарламаны сынау прогоны, бөлшектерді жүктеу, кезең-кезеңмен, жіберу қарқынын икемдеу; бағдарламаны іске қосу, мысалы, бөлшектерді машинамен өңдеу, алғашқы тексеру және сипаттамаға сәйкестігін тексеру, болашақ пайдалану үшін тексерілген бағдарламаны сақтау, жақсы бақылау; өшіру.
Бағалау және бағалау өлшемі
Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.


Бағалау және бағалау өлшемі

Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

П1 машиналардың жұмыс істейтін қағидаларын, олардың СББ-мен қалай бақыланатынын анықтау


Х1 машина СББ құралын пайдалана отырып, құрамдас бөлікке арналған толық операциялық жоспардың маңыздылығын түсіндіру

О1 СББ бөлшектерін өңдеу бағдарламасын пайдалана отырып, АЖЖ/АВ арқылы құрамдас бөліктерді өндіру тәсілдерінің тиімділігін салыстыру және қарама-қарсы қою

П2 лайықты диаграммалар арқылы белгіленген машина типті СББ құрылымын сипаттау

Х2 құрамдас бөліктерді белгіленген сипаттамаға сәйкес әзірлеу үшін дұрыс бағдарламалау және орнату маңыздылығын түсіндіру

О2 СББ машиналарды бағдарламалау кезінде АЖЖ/АВ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану шығындары мен пайдасын бағалау

П3 белгіленген құрамдас бөліктің сипаттамасын түсіндіру және оны өндіру үшін операциялық жоспар құру [IE4, SM3]







П4 белгіленген құрамдас бөлік бойынша бөлшектерді өңдеу бағдарламасын құру







П5 СББ-мен екі немесе үш ось машинасын пайдалана отырып, құрамдас бөлікті өндіру







П6 құрамдас бөліктің белгіленген бөлшек сызбасы бойынша бөлшектерді өңдеуге арналған бағдарламаны құру үшін АЖЖ/АВ пакетін құру







П7 АВ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану кезінде құрылған пост-өңдеу бойынша бағдарламаны СББ машинада пайдалана отырып, құрамдас бөлікті өндіру.







ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.

Белгілер

ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер

ШТ – шығармашылық тұлғалар



ОҮ – ойланатын үйренушілер

КҚ – командалық қызметкерлер



ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар

ТҚ – тиімді қатысушылар



Модуль: Инженер-техниктерге арналған жоғары математика
Мақсаты және міндеті

Бұл модульдің мақсаты үйренушілерге инженерияда біліктілікке зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріп, олардың инженерияда қолданылатын математикалық қағидалар туралы білімін кеңейту болып табылады.


Модульге кіріспе

Математика - бұл электр немесе механикалық техникамен жұмыс істейтін кез келген инженер-техник үшін маңызды құрал. Осыны ескере отырып, бұл модуль техникалық математиканы қолдануға баса назар аударылады. Мысалы, үйренушілер жарты цикл ішінде синусоид толқының орташа шаршы қолданыстағы мәнін (ОҚМ) алу үшін есептеудің интегралдық әдістерін пайдалана алады.

Алғашқы оқыту нәтижесі үйренушілердің графиктерді құру тралы білімін кеңейтеді және есептерді (түбірін табу) шешу үшін графиктерді қолдану техникасын өрбітеді, мысалы, шаршы теңдеу.

2-ші оқыту нәтижесі тәжірибелік есептерді шешу үшін арифметикалық және геометриялық прогрессияны пайдалануды қамтиды. Күрделі сандар тұжырымдамасы электр қуатымен жұмыс істейтін инженерлер үшін маңызды құрал болып табылады.

3-ші оқыту нәтижесі тригонометриялық графиктердің және нәтижелі толқынның параметрлерін қарастырады, олар құрамдастырылғанда. Осы оқыту нәтижесінің екінші жартысында математикалық формуланы пайдалану үйренушілерге толқынды құрамдау үшін математикалық тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақырында, 4-ші оқыту нәтижесінде есептеу техникасы әрі қарай әзірленеді және олардың инженерияда қолданылуын көрсетеді.


Оқыту нәтижелері
Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:

  1. Жетілдірілген графикалық тәсілдерді пайдалана алуы тиіс

  2. Алгебралық тәсілдерді пайдалана алуы тиіс

  3. Тригонометриялық формулаларды және тригонометриялық тәсілдерді қолдана алуы тиіс.

  4. Есептеу жүргізе алуы тиіс.


Модуль мазмұны
1. Жетілдірілген графикалық тәсілдерді пайдалана алу

Жетілдірілген графикалық тәсілдер: графикалық шешім, мысалы, екі белгісіздіктері бар теңдеу жүйелерінің жұбы, шаршы теңдеудің нақты түбірін табу, сызықтық және шаршы формулаларды қиыстыру, сызықтық емес заңдар, мысалы, (yaxbyabx= + = + 2 , ), заңдарды түзу сызық пішініне аудару үшін логарифмдерді пайдалану арқылы y = axn, текше теңдеу, мысалы, 2x3 – 7x2 + 3x+ 8 = 0, жазу, бағалау және сызу, мысалы, компьютер арқылы қолмен.


2. Алгебралық тәсілдерді қолдана алу.

Арифметикалық прогрессия (АП): бірінші мүше (a), айырма (d), н-мүше, мысалы, a+ (n– 1)d; арифметикалық қатар, мысалы, н-мүшеге дейінгі сома, Sn= n/2 { 2a+ (n−1 )d}

Геометриялық прогрессия (ГП): бірінші мүше (a), стандартты арақатынас (r), н-мүше, мысалы, arn– 1; геометриялық қатар, мысалы, н-мүшеге дейінгі сома, = = , тәжірибелік есептерді шығару, мысалы, күрделі пайыздар, жылдам бұрғы ауқымы.

Күрделі сандар: қосу, азайту, күрделі санды декарттық піішінде көбейту, күрделі сандарды білдіретін вектор, модульдер мен дәлелдер, күрделі сандарды полярлық ұсыну, күрделі сандарды полярлық пішінде көбейту және бөлу, полярлық пішінді декарттыққа аудару және керісінше, калькуляторды қолдану.

Статистикалық тәсілдер: жылжу параметрін талдау, орташа сан, топтастырылған және топтастырылмаған деректерден стандартты ауытқу (тек тең аралықтармен), дисперсия.
3. Тригонометриялық формулаларды және тригонометриялық тәсілдерді қолдана білу.

Тригонометриялық графиктер: амплитуда, кезең және жиілік, график құру, мысалы, sinx, 2 sinx, ½ sinx, sin 2x, sin ½ x 0 және 360° арасындағы мән үшін; фазалық бұрыш, фазалық айырмашылық; бір жиіліктегі екі толқынның комбинациясы.


Тригонометриялық формула және теңдеу: синус немесе косинус функцияларын қосу үшін күрделі бұрыштар формуласы, мысалы, sin (A ± B); кеңейту Rsin (wt + Đ) coswt + bsinwt және керісінше.
4. Есептеу жүргізе алу.

Саралау: стандартты диревотивтерді талдау, соманы саралау, функциядан функция, ықтималдылықты көбейту ережесі және жеке ережесі, туынды сандық көрсеткіштер, екінші деревативтер, бұрылыс сәті (максималды және минималды), мысалы, тікбұрышты қорап көлемі.

Интегралдау: стандартты аралықтарды талдау, белгісіз аралық, аралықты анықтау, мысалы, қисық ауданы, орташа мәні және СКЗ мәндері; сандық, мысалы, трапециялық, орташа бағдарланған және Симпсон ережесі.
Бағалау және бағалау өлшемі
Үйренушілердің бағалауға жіберілгеніне дәлел ретінде осы модульді аяқтау үшін олардың аталмыш модульдің барлық нәтижелеріне сәйкесетінін көрсету қажет. Өту балы үшін бағалау өлшемі осы модульді өтуге қажетті жетістіктердің деңгейін сипаттайды.


Бағалау және бағалау өлшемі

Өту балын алу үшін дәлелдер үйренушілердің мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

"Өте жақсы" баға алу үшін дәлелдер үйренушілердің өту өлшеміне және "жақсы" өлшеміне қосымша мыналарды білетінін көрсетуі тиіс:

П1 жұп, параллель сызықтық теңдеулерді шешу үшін графикалық тезниканы пайдалану [CT5]

Х1 y = axn түріндегі техникалық заңды түзу сызық пішініне аудару үшін логарифм заңдарын пайдалану, сонан соң сызбалар үшін логарифм қағазын пайдалану және график сызу және тұрақты мәндер алу

a және n

О1 бір жиіліктегі екі толқынның комбинациясы нәтижесінде алынған бір толқынды анықтауға арналған графикалық тәсілдерді пайдалану, сонан соң тригонометриялық формуланы пайдалана отырып, нәтижені тексеру


П2 арифметикалық прогрессия бар тәжірибелік, техникалық есепті шешу

Х2 полярлық, сондай-ақ декарттық пішінде жауап бере отырып, параллель, жүйелі кедергілерді шешу үшін кешенді сандарды пайдалану


О2 сандық интегралдануды және күрделі техникалық есеп нәтижелерін талдау үшін интегралдық санау

П3 геометриялық прогрессия бар тәжірибелік, техникалық есепті шешу

Х3 техникалық есепке максималды/минималды жауап табу үшін түрлі есептеуді пайдалану




П4 сандарды көбейту және бөлу бойынша екі стандартты операцияларды ұсыну, полярлық, сондай-ақ алгебралық нысанда, түрлі

Техниканы пайдалану.









П5 орташа мәнді, стандартты деривацияны және топтастырылмаған деректер топтамасы үшін нұсқаны есептеу [IE4]







P6 орташа мәнді, стандартты деривацияны және топтастырылған деректер топтамасы үшін нұсқаны есептеу [IE4]







П7 синусоидал, тригонометриялық функциялардың графигін сызу және оны мүшелерді түсіндіру үшін пайдалану, амплитуданы сипаттау, уақыт пен жиілік мерзімділігі







П8 екі күрделі, алгебралық формулаларды пайдалану және олардың өзара байланысын тексеру







П9 үш түрлі функциялар үшін коэффициент айырмашылығын табу, бұйымның қолданылуын және жеке ережені көрсету







П10 белгілі бір және белгісіз интеграл бар екі қарапайым техникалық есептерді шешу үшін интеграл есептеулерін пайдалану







ЖООД: Бұл қысқаша мазмұндама қажетті жерде, шаршы жақшаларда атап көрсетіледі, жеке, оқыту, ойлану дағдылары өту өлшемінде қолданылады. Ол үйренушілердің сілтемелік дағды элементтерін тиімді қолдануын көрсету мүмкіндігін белгілейді.

Белгілер

ҮС – өз бетінше сауал құрайтын үйренушілер

ШТ – шығармашылық тұлғалар



ОҮ – ойланатын үйренушілер

КҚ – командалық қызметкерлер



ӨБА – өзін-өзі басқаратын адамдар

ТҚ – тиімді қатысушылар



Модуль: Екінші рет өңдеу бойынша машинаны баптау және тексеру
Мақсаты және міндеті

Аталмыш модульдің мақсаты үйренушілерге құрамдас бөліктерді әзірлеуге арналған екінші өңдеу бойынша бірқатар дәстүрлі және арнайы машиналарды баптауға және пайдалануға қажетті білім мен дағдыларды беру болып табылады.


Модульге кіріспе

Құрамдас бөліктерді стандарттарға сәйкес әзірлеу үшін оларды жасайтын машиналар мамандардың көмегімен дұрыс бапталып, оператордың жұмыс істеуіне дайын болу қажет. Осы процесс барысында өндіріс кезінде қалдықтардың санын барынша азайту үшін сынама құрамдас бөліктер әзірленеді. Машина параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексергеннен кейін техник операторға нұсқау беріп, дұрыс бөлшектерді жаппай өндіруді бастауға болады.

Осы модульдің мақсаты үйренушілерді екінші реет өңдеу бойынша машинаның, соның ішінде стандартты машиналардың (мысалы, бұрғы машинсының токарь станогы) баптауларын толық түсіндіру болып табылады, ал қалған машиналарды арнайы цехтарда табуға болады (мысалы, ұшқынды тәсіл немесе электр-эрозиялық кесік). Үйренушілердің машинаны баптау және операторға нұсқау беру қабілеті олардың машина туралы білімінің және олардың аса лайықты құрылғылар мен құралдар таңдау мен пайдалану қабілетінің нәтижесі болып табылады.

Модуль үйренушілерге зерттеу үшін екінші рет өңдеу бойынша бірқатар машиналарға, оларды баптауға және олардың құрылғылары мен құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Үйренушілер құрамдас бөліктердің сипаттамасы туралы түсінік алу қажет, бұл оларға машинаны тиімді баптауға және оны операторға тапсыруға мүмкіндік береді.

Машиналарды баптау және пайдалану кезінде қарастырылуы тиіс маңызды мәселелердің бірі қауіпсіздік болып табылады. Осы модульде үйренушілер жұмысты атқару кезінде қауіпсіз жұмыс тәжірибесін жақсартады және көрсете алады. Сондай-ақ олар құрамдас бөліктердің дәлдігіне тексеру жүргізіп, машинаны операторға тапсыру кезінде оның баптаудан кейінгі дәлдігін көрсете алады.

Осы модульде жақсартылған біліммен және дағдылармен екінші рет өңдеуге арналған бірақатар машиналарды, олардың қармау құрылғыларын, машиналардың құралдары мен параметрлерін зерттеуге мүмкіндік туындайды.



Оқыту нәтижелері
Осы модульді аяқтағаннан кейін үйренушілер:

  1. Екінші рет өңдеуге арналған дәстүрлі және арнайы машиналардың қалай жұмыс істейтінін білу қажет.

  2. Қармау құрылғыларының құралдың қалай жұмыс істейтінін білу, сондай-ақ құрамдас бөліктердің топтамасын құру мақсатында машина параметрлерінің қалай бапталатынын түсіну қажет.

  3. Екінші рет өңдеуге арналған машина нақты құрамдас бөліктерді әзірлеу үшін, оларды қауіпсіз әдіспен баптай алуы тиіс.

  4. Екінші рет өңдеуге арналған машинаны операторға тапсырғанға дейін оны пайдалануды есепке алып, сыналатын құрамдас бөліктердің қалай әзірленетінін білу қажет.


Модуль мазмұны
1. Екінші рет өңдеуге арналған дәстүрлі және арнайы машиналардың қалай жұмыс істейтінін білу.

Екінші рет өңдеуге арналған машина: негізгі жұмыс қағидалары; белгіленген құрамдас бөліктерге машинаның жарауын; әрбір машина үшін тиісті қауіпсіз жұмыс тәжірибесі; машинамен байланысты терминология, мысалы, көлденең суппорт, жетекші білік, буферлік діңгек, пішін құру, пішін қалыптастыру; екінші рет дәстүрлі өңдеу техникасы, мысалы, айналдыру (орталық токарь станогы, токарь-тапанша станогы, тапанша суппорт, бір шпиль автомат, мультишпиль автомат), ұсақтау (көлденең, тігінен, әмбебап), үшкірлеу (бетін, цилиндр, орталық емес, әмбебап, бұрандама тегістеу, құрал және қайрақ, әмбебап немесе арнайы машиналар), бұрғылау (бір шпиндель, мультишпиндель); екінші рет өңдеуге арналған арнайы машиналар, мысалы, жонып тегістеу (көлденең, тігінен), электр жабын (электр ұшқынды өңдеу, электр-эрозиялық кесік), жылтырату және тегістеу (көлденең, тігінен тегістеу, айналма тегістеу дискі, мікбасты машиналар).


2. Қармау құрылғыларының, құралының қалай жұмыс істейтінін түсіну, сондай-ақ машинаның параметрлерін, олардың құрамдас бөліктерін құру мақсатында бапталуын білу

Жұмысты орындау: екінші рет өңдеуге арналған дәстүрлі машиналардың құрылғылары, мысалы, қысқыштар (қатты немесе жұмсақ қалақтар, үш немесе төрт қалақтар, қысқыш төлке, қуат, магниттік), фиксаторлар және машинаның басқа арнайы құрылғылары: айналу (жетекші дисктер және орталық диск, беттік панель, магниттік немесе пневматикалық құрылғылар, бекітілген ұстағыштар немесе еркін ұстағыштар) біліктеу (машинаның үстеліне тікелей қысу, пневматиалық немесе магниттік үстел, машина қысқыштары, табақ бұрышы, призмалар және қысқыштар, бөлгіш құрал/құрылғы, айналатын үстел) тегістеу (орталықтар, белгісі бар тақта, машина қысқыштары, қысқыштар, табақ бұрышы, призмалар, дайындама тіреулері, бақылау бұғаттаушылар, инжекторлік механизмдер, магниттік бұғаттау, тыныштандырушылар, біліктер) бұрғылау (машина үстеліне тікелей бекіту, машина қысқыштары, кронштейндер, призмалар мен қысқыштар, бұрғылау үлгілері, бөлгіш құрылғы).

Екінші рет өңдеуге арналған арнайы машиналардың құрылғылары, мысалы, бұрыштама табақ, призмалар мен қысқыштар, басқа арнайы құрылғылар:

бұрғылау (машина үстеліне тікелей бекіту, машина қысқыштары, пневматикалық немесе магниттік үстел, бөлгіш/айналма құрылғы).

Электр разрядпен шағын өңдеу (машина үстеліне тікелей бекіту, машина қысқыштары, пневматикалық немесе магниттік үстел, қосымша бөлгіш құрылғы).

жылтырату және сылау (тиглдер, магнит блоктар, беттік панельдер)

Құралдар: материалдар мен пішіндер, мысалы, қатты құрал болат, вольфрамның дәнекерленген карбиді, бөлінбейтін кескіш ернеу, электродтарға арналған материалдар, абразивтік тас, құрамдас дөңгелектер; екінші рет өңдеуге арналған дәстүрлі машинаның құралдары:

канттау (канттау құралдары, бұйыр кескіштер, қалыпқа құю құралдары, кескі, бұрандалы тарақ, бір жүзді құрал, борштанга, арық кескі, орталық бұрғы, үңгі, құйылған бұрғы, жылжымалы кеңейткіш, штуцерлер, дайындамалар, айналдыру шығыршығы)

фрезерлеу (бетті фрезерлеу, слябинг/целиндр ортасы, бүйір және беттік фрезалар, паз фрезасы, диск ара, бейінді фрезалар, бұрғы, бұрғылау құралдары, бұрғы ұшы, саңылауларды бұрғылау)

тегістеу (жұмсақ дөңгелек, қатты дөңгелек, тостаған, жану тостағаны, тура жақты жөңгелек, қырнауы бар тегістеу дөңгелегі, екі қырнауы бар жазық тегістеу дөңгелегі, тәрелка, төлке, диск, сегменттелген)

бұрғылау (бұрғылау ұштық, жазық ұшы бар бұрғы, үңгі, үңгілеу құралы, орталық бұрғы, цековка, кеңейткіш, таңбалаушы)

екінші рет өңдеуге арналған арнайы машинаның құралдары:

ысыру (ысыруға арналған құралдар, беттік, айналма, ұштау, дөңгелектеу, қалыптастырушы, бұрғы, таңбалаушы, кеңейткіш, біліктеу, кескі)

электр разрядпен шағын өңдеу (тура электрод, контур электрод, бос электрод, сым)

тегістеу және сүрту (білік, бұрыш, тегістеу дискі, тегістеу дискі/аралық)

машинаның параметрлері: бұйым қалыбы; үлгіге қатысты құралдардың қалыбы; кескіш флюид/сұйықтықтың диэлектр шығыны; машинаны қорғау/қауіпсіздік механизмдерінің қалыбы және жұмысы; екінші рет өңдеу бойынша әртүрлі техникалардың параметрлері, машинамен өңдеу:

айналу (бұрандалы/бейінді/үшкір механизмдер, бұйымның минутына айналуы, сызықтық жіберу қарқыны, алғашқы және соңғы өңдеу үшін кесік тереңдігі)

фрезерлеу (сызықтық/үстелге беру қарқыны, фрезаның бир минутта айналуы, алғашқы және соңғы өңдеу үшін кесік тереңдігі)

тегістеу (сызықтық/үстелге беру қарқыны, алғашқы және соңғы өңдеу үшін кесік тереңдігі, көлденең беру, тоғындарды тазарту)

бұрғылау (құралдың минутына айналуы, сызықтық жіберу қарқыны, жоңқаларды бұру)

екінші рет өңдеуге арналған машинаның әртүрлі арнайы техникалары үшін параметрлер:

бұрғылау (белгіленген шамаға сәйкес құралдарды баптау және жұмыс істеу, жіберу жылдамдығы, пышақтың/құралдың бір минута айналуы, алғашқы және соңғы өңдеу үшін кесік тереңдігі)

электр разрядпен шағын өңдеу (электр шарттары, сымның созылуы, сымды жіберу жылдамдығы, электродтар мен сымның орналасуы, вентиляция және газды бұру, сүзгілеу)

тегістеу және сылау (бір минута айналу немесе тербеліс саны, жүріс ұзындығы, жүріс жылдамдығын артық шығындау, жүрісжылдамдығы, тастың немесе дисктің қысымы)

Құрамдас бөліктің сипаттамасы: материал, мысалы, қара металл, түрлі-түсті металл, бейметалл; саңылаулар, мысалы, бұрғыланған (параллель немесе жіңішкерген), жайылған, бұрандалы, саңылаусыз, тесіп өту, раззенкіленген, жалпақ түбі бар; екінші рет өңдеуге арналған дәстүрлі техниканы пайдаланумен құрылған құрамдас бөліктің қасиеттеріне сәйкес:

айналу операциялары (жайпақ беттер, параллель диаметрлер, сатылы диаметрлер, конус диаметр, бейіннің құрылымы, сыртқы бұрандама, стандартты қасиеттер, кесу, шабылған бұрыштар, рифленділік немесе арнайы шеттер)

фрезерлеу жұмыстары (жазық беттер, шаршы беттер, параллель беттер, бұрыштама беттер, қадамдар/шығыңқылар, еркін бороздалар, жабық бороздалар, тереңдету, t-үлгідегі паз, бейіннің құрылымы, serrations, индекстелген немесе айналма пішіндер, арнайы пішіндер), қайрау (жазық беттер, тік беттер, параллель беттер, шаршы беттер, арқалағыштар және беттіктер, паздар, параллель диаметрлер, жіңішкерген диаметрлер, бейін пішіні, бұранданың басқа пішіндері, v-пішіндес бұранда, оң жақты бұранда, бір жақты бұранда, көп жақты бұранда, сыртқы бұранда, дөңгелектенген беттер)

бұрғылау операциялары (зенктеу, подточка, саңылау)

Екінші рет өңдеуге арналған арнайы техниканы пайдалану кезінде әзірленген құрамдас бөліктің тиісті сипаттамалары:

жонып тегістеу жұмыстары (ішкі бейіндер; сыртқы бейіндер, мысалы, сыртқы диаметр, паздар/тереңдету, бороздкалар/шеңбер, жазық беттер, шаршы беттер, параллель беттер, дөңгелектенген беттер, арықтар, индекстік немесе айналма пішіндер)

электр разрядпен шағын өңдеу (саңылау; беттер – жазық, шаршы, параллель, дөңгелектенген; пішіндер – ойыс, дөңес, бейін, шаршы/тікбұрышты; басқа сипаттамалары – бағыт, ойдыру, тереңдету, шеңбер/доғалар, паздар)

тегістеу және сылау (саңылауларды тегістеу; беттерді сылау, мысалы, түзу, параллель, дөңгелектенген)


жүктеу 3,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау