Мұратова Айтолқын
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
41 «Ә» топ студенті
Жаңартылған білім беру жүйесінің басымдықтары
Жаңартылған білім беру жүйесі - оқушының жемісті іс-әрекетіндегі
әлеуметтендіру құралы. Орта білім берудің құрылымын жаңарту оқушының
қызығушылығын, қажеттілігі мен жеке мүмкіндігін ескеруге, оқыту деңгейі
бойынша оқу материалын ұтымды меңгертуге, жеке оқытуға жағдай жасауға
мүмкіндік береді. Оқытудағы негізгі әдістер оқушының жеке бас ерекшелігін,
ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен
тәрбиелеу, басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге
қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам
талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған
тұлғаны қалыптастыру. Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгерту
мақсатында бастауыш білім беру мамандығында оқитын 4 курс студенттеріне
колледжде арнайы курс өтті. Үш апталық курста танысқан бағалау жүйесі
туралы тоқталып өткім келеді. Критериалды бағалаудың екі түрімен таныстық.
Олар: 1)Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің
бағалауы, кері байланыстан тұрады. Оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы
кері байланысты пікірлер мен ұсыныстар беру мақсатында қалыптастырушы
бағалау үздіксіз жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау барысында балаға баға
қойылмайды. Қалыптастырушы бағалау сыныпта күнделікті жұмыс барысында
жүргізіледі. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, ол мұғалімнің
оқушылармен үздіксіз байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқу
үдерісін әрі қарай жоспарлауға болады. Қалыптастырушы бағалау барысында
оқушыларға тақырыпты жақсы меңгеруге, қателерін түзетуге мүмкіндік
беріледі. 2) Жиынтық бағалау (білім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық
жиынтық бағалау, балдар). Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын
меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі. Жиынтық бағалаудың
балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында
жылдық бағаға ауыстырылып қойылады. Жиынтық бағалау бойынша алған
балдарды хабарлау үшін ата-аналарға рубрика жазылады. Рубрика - бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесін оқушылар мен ата-
аналарға ұсынатын ақпарат.
Осы бағалау жүйесін нәтижесінде оқу қызықты бола бастайды, орындаған
жұмыстары бағалау критерийлері арқылы тексеріледі, әр оқушы өзінің білім
деңгейін анықтай алады, әрі ата-анасымен бірге талқылай да алады,
оқушыларға өз нәтижелерін мұғалімдермен бірге талқылау жеңіл.
Бағалау түсінікті, әділ, әрі пайдалы болатынына математика, дүниетану,
жаратылыстану, сауат ашу пәндерінен орындаған практикалық тапсырмалар
арқылы көз жеткіздім.
Мұратова Жанар
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
41 «Ә» топ студенті
Еліміздің дамуы - біздің қолымызда!
Басқаларды үйрете жүріп біз үйренеміз.
Л.А.Сенека
XXI ғасыр білімнің өркендеген уақыты. Сол себептен қазақ педагогтарының
алдыға қойған мақсаты жаңаша тәсілмен, тиімді оқытуды пайдаланып, білім
деңгейін көтеру. Біз оқушыны өз бетінше проблеманы шешуге, сын тұрғысынан
ойлауға, өз бетінше оқытуға үйретуге, деректерді зерттей отырып, өңдетуге,
ынтымақтаса отырып білім алуға бағыттауымыз қажет.
Біздің курстан өз тәжірибемізге, білім қорымызға алғанымыз көп. Курста 12
жылдық білім берудің маңызын, ерекшелігін, тиімділігін толық меңгердім. Мен
бұрын естімеген әдістерді біліп, термин сөздермен таныстым. Атап айтсам,
модерация, критерий, кубизм, рубрика, қалыптастырушы бағалау, дескриптор,
пигтограмма, гистограмма және т.б. Ең бастысы, нормативтік құжаттармен
жұмыс жасауды, оларды сипаттап, бір-бірінен ажырата білуді, олардың маңызын
түсіндім. Бағалау критерийі бойынша, оқушының білімге деген ынтасын
арттыруға болатын, оқушыға тек ізгі қарым-қатынаспен қарап, «Қате демей,
тағы да ойлан» сияқты сөз тіркестерін қолдануды үйрендім. Критериалды
бағалау арқылы оқушы өзінің білімінің деңгейі қай сатыда тұрғанын біліп,
жоғары деңгейге жету үшін қандай жұмыс жасау қажеттігін ұғынады. Ал ата-
аналар критериалды бағалау арқылы өз баласының нақ білім деңгейін біліп,
баласына қолдау көрсетіп, қадағалайды. Критериалды бағалау қалыптастырушы,
жиынтық болып екіге бөлінетіндігін, қалыптастырушы бағалау өз ішінде өзара
бағалау, өзін-өзі бағалау болып бөлініп, күнделікті жүргізіліп, балдық
көрсеткішпен бағаланып, жиынтық бағалау бөлім бойынша, тоқсан бойынша
және жылдың соңында жүргізілетінін білдім. Тиімді әдістердің ішінде
«Әткеншек», «Мұғалімге хат жазу», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жұдырық»,
«Алақан», «Журналист», «Бақылаушы, зерттеуші, қадағалаушы», «Кейс-Стади»,
«Дабл, Бабл» әдістерімен танысып, өз тәжірибемде қолдана алатын болдым.
Спиральді қағидаттың не екенін білдім. Жиынтық бағалауды кесте бойынша
пайыздық көрсеткішпен есептеуді білдім. Курс барысында математика,
дүниетану, сауат ашу пәндерінің нормативтік құжаттарын талдап, салыстырып,
мазмұнымен, тақырыптарымен, мақсаттарымен, қолданылатын ресурстармен
толық таныстым. Математика, сауат ашу, дүниетану пәндерінде қолдануға
болатын қызықты тапсырмалармен таныстым. Дүниетану пәні бастауыш сынып
балалары үшін ең қызықсыз, қиын пән деп ойлайтынмын, бірақ курс барысында
оқушылардың шығармашылығын арттыратын, зерттеуге баулитын пән екенін
ұғындым. Осы пәндерге критериалды бағалау жүргіздім.
Биыл мұғалім болып мектепке барғанымда, жаңартылған білім
мазмұнынан толық хабардармын деп сенімді айта аламын.