Білім беру бағдарламасы «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»



жүктеу 266,22 Kb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата30.05.2018
өлшемі266,22 Kb.
#18489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Ерланова Мадина  

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

Жаңартылған білім берудің тиімділігі 

 

 



Жаңартылған  білім  беру  бағдарламаларын  меңгертуге  арналған 

курсқа  алғаш  келген  күннен  бастап,  ойымызда  жүрген  көп  сауалдардың 

жауаптарын  алдым.  Жалпы  білім  беру  мазмұнының  өзгешелігімен, 

ерекшелігімен  таныстым.  Біз  осы  оқу  барысында  жаңа  мазмұнда  оқыту 

бойынша 

тапсырмалар 

орындап, 

жаңартылған 

білім 

беру 


бағдарламасының  құрылымын,  мақсат-міндеттерін  түсініп,  осыған  сәйкес 

педагогикалық 

тәсілдерді, 

білім 


беру 

бағдарламасындағы 

оқу 

мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.  



Оқушылардың  бойында  тілдік  құзіреттіліктерді  қалыптастыру 

бойынша  қолданылатын  белсенді  оқыту  стратегияларымен,  оқытудың 

тәсілдерімен  таныстық.  Тәжірибе  барысында  түрлі  тапсырмалар  мен 

жаттығулар  орындадық.  Мұғалімдердің  сабақ  беру  үрдісінде  негізге 

алатын  3  құжатпен  –  оқу  бағдарламасы,  оқу  жоспары  және 

қалыптастырушы  бағалауға  арналған  тапсырмалар  жинағымен  танысып, 

жұмыс жасадық. 

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  ерекшелігі  -  спиральді 

қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды 

ықшамсабақтарды  құрастыру  барысында  көз  жеткіздік.  Бағалау 

критериалды  бағалау  жүйесіне  негізделген.  Критериалды  бағалау  кезінде 

оқушылардың  үлгерімі  алдын  ала  белгіленген  критерийлердің  нақты 

жиынтығымен  өлшенеді.  Бұл  бағалау  жүйесінің  артықшылығы  баланың 

ойлау  қабілетін  дамытады.    Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту 

мен  оқу  үдерісінің  ажырамас  бөлігі  және  тоқсан  бойы  жүйелі  түрде 

өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар 

менмұғалім  арасындағы  кері  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Жиынтық 

бағалау  оқу  бағдарламасынның  бөлімдерін  ортақ  тақырыптарын  және 

белгілі  бір  оқу  кезеңін  аяқтаған  оқушының  үлгерімі  туралы  ақпарат  алу 

мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.  

 

Курстан  өте  көп  жаңалық,  білім  алдық.  Алдыңғы  білімді  өткен 



біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, курстың әр сабағы қызықты өтті. 

«Жалғыз  сүйеніш,  жалғыз  үміт  –  оқуда.  Теңдікке  жетсек  те, 

жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір 

ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – 

оқу» деген екен Міржақып Дулатов. Білімді ұрпақ дайындауға өз үлесімді 

қосуға мен де ынталымын. 

 

 



Жараспаева Назерке 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

Жаңартылған білім мазмұны – уақыт талабы 

 

Біз,  41  “Ә”  топ  білім  алушылары,    жаңа  білім  беру  үрдісімен  танысып, 



арнайы  курс  оқып  бітірдік.  Курс  барысында  әр  түрлі  тапсырмалар  орындап, 

сабақты  қалай  өткізуге  болатынын,  оқушылармен  қалай  жұмыс  істеуге 

болатынын оқыпүйрендік. 

Курста  барлық  пәндер,  яғни  математика,  жаратылыстану,  дүниетану, 

сауаташу пәндерінің оқу бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен танысып, 

апталық  және  жылдық  осы  пәндердің  қанша  сағат  оқылатынын  білдім. 

Критериалды  бағалаумен  таныстым.  Критериалды  бағалаудың  екі  түрі  болады. 

Ол  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау.  Қалыптастырушы  бағалау 

күнделікті  жүріп  отырса,  жиынтық  бағалау  бөлім  немесе  тоқсан  біткенде 

жүргізіледі. Әр оқушы өзін еркін сезіну керек.   

Курста  біз  бірінші  күні  осы  курстың  мақсатымен,  жалпы  не  үшін 

оқитынымызды біліп таныстық.  Екінші  күні  қандай  тапсырма  беріп,  оны қалай 

тексеруге болатынын үйрендік. Тапсырма орындамас бұрын бағалау критерийін 

құрастыру  керек  екенін  білдік.  Сол  бағалау  критерийіне  сүйеніп  дескриптор 

құрастыруды  үйрендік.  Осыған  байланысты  өзіміз  оқып  жатқан  курста 

бағдарламаны бір-бірімізге түсіндіру барысында топтық жұмыстар өткізіп, өзіміз 

де  жаңартылған  білімге  сәйкес  сабақтар  өткіздік.  Курс  барысында  екі  рет 

модерация өткіздік. Оқушылар орындайтын тапсырманы орындап, соны бірінші 

қарындашпен,  одан  кейін  қаламмен  тексеру  керек  екенін  білдік.  Тексеріс 

баллдық  көрсеткіш  бойынша  тексеріледі.  Мысалы,  максималды  балы  15  болса, 

оқушы  соның  қанша  балын  жинағанын  есептеп,  сол  балды  максималды  балға 

бөліп, 50 пайызға көбейтіп, проценттік көрсеткішін шығарамыз да, жиған балын 

есептеп шығарамыз.  

Әр  түрлі  кері  байланыстармен  таныстық.  Белгілі  бір  уақыт  көлемінде 

берілген  тапсырманы  үлгеріп  орындауға  тырыстық.  Топқа  бөлудің  әр  түрлі 

тәсілдерін үйрендік. Топ студенттері өздері де топқа бөліп отырды. Яғни, түрлі 

тәсілдері қолданылды. Топпен жұмыс жасап, топтағы әрбір баланың қатысуына 

мүмкіндік  жасалды.  Сабағымызды  қорытындылаған  кезде  әрдайым  кері 

байланыс жасап отырдық. 

Осы  курстан  мен  көп  нәрсені  білдім.  Жаңартылған  білім  оқушылардың 

өздерін  еркін  сезінулеріне  мүмкіндік  береді.  Осы  білімнің  нәтижесінде 

оқушылардың  сабаққа  қызығушылықтары артып, білім үрдісі  дамиды. Мұғалім 

болам  деген  адамға  жаңартылған  білімге  сай  талапшыл,  мақсаты  айқын,  заман 

талабына сай үлгі боларлық, бауырмал болу міндетті деп ойлаймын.  

Елміздің  болашағы  -  өсіп  келе  жатқан  тәрбиелі,  үлгілі,  жан-жақты 

дамыған  оқушылардың  қолында.  Мен  өз  елімді  мақтан  етемін.  Әлі  талай 

белестерді бағындыратынымызға сенімдімін! 

 

 



 


жүктеу 266,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау