Білім беру бағдарламасы «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»



жүктеу 266,22 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата30.05.2018
өлшемі266,22 Kb.
#18489
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Шығыс Қазақстан Облысы білім басқармасы  

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» 

кмқк

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  бастауыш 

сынып пәндері білім беру бағдарламасы

 

«Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»  

(эсселер жинағы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Сахариева З.Д. 

 

 

 

 

Семей, 2017

 


Алғы сөз 

 

Бұл  кітапшаны  құрастырар  уақытта  екі  нәрсені  мақсат  еттім: 



біріншісі    -

 

Қазақстан  Республикасында  орта  білім  мазмұнын  жаңарту 



шеңберінде    бастауыш  сынып  пәндері  білім  беру  бағдарламасы  бойынша 

колледждің  «Бастауыш  білім  беру»  мамандығын  бітіруші  топтарда 

біліктілігін  арттыру  курсы  тыңдаушыларының  жазған  ой  толғаулары 

арқылы  «Жаңартылған  білім  беру  жүйесінің  ерекшелігі  неде?»  деген 

сауалға  студенттердің  эссесі  арқылы  жауап  беру.  Екіншіден  – 

студенттердің шығармашылық жұмысының  бір түрі - эссе жазу нәтижесін 

ұсыну. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сахариева З.Д. 

оқытушы 

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КҚМК 

Семей қаласы, ШҚО 

 

Мен жаңартылған білім жүйесінде бастауыш білім беру әдіскерімін 

                      

Әрекетіміз дұрыс болу үшін, оған  баратын 

жолымыз қандай болу керек екенін анықтап 

алуға  тиіспіз. 

 

Әл-Фараби 

 

 

Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  атты  оқулығында  «Тәрбия  төрт  түрлі:  дене 



тәрбиясы,  ақыл  тәрбиясы,  сұлулық  тәрбиясы  Һәм  құлық  тәрбиясы.  Егерде  адам 

баласына осы төрт тәрбия тегіс берлісе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде адам 

жөпшенді  ыстық, суық,  аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі  ұшырайтын 

көріністерді  елемейтін  мықты,  берік  денелі  болса,  түзу  ойлайтын,  дұрыс  шешетін, 

дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, 

жаны  толқынданарлық  болса,  жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны 

тілеп тұратын құлықты болса, міне, осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие 

алып, шын адам болғандығы...» деген керемет құнды пікір қалдырған.  

 

Шынында  да,  уақыт  ілгері  жылжып,  қоғам  үздіксіз  дамығанымен,  идея, 



құндылық,  көзқарас,  пікірлер  және  қажеттіліктер  өзгергенімен,  ұрпағын  нағыз  адам 

етіп тәрбиелеу - адам баласының ең басты арманы болып қала бермек. Ата-ананың бұл 

арманын  жүзеге  асыруына  қасиетті  мамандық  иесі  –  ұстаздар  жәрдемдеседі.  Және  ең 

маңызды  әрі  жауапты  мамандықтардың  бірі  –  бастауыш  білім  беру  мұғалімі 

мамандығы.  

 

Білім алушылар жаңалыққа жаны құмар болады. Сондықтан әдіскер оқу-тәрбие 



жұмысына   шығармашылықпен  қарап, жаңа заман талабына сай, озық  дәстүрлерімен 

сусындап,  білімін  жетілдіріп  отыруы  керек.  Осы  себепті,  еліміздің  әдіскер-

оқытушылары  Қазақстан  Республикасы  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде 

бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру 

курстарынан  білімдерін  жоғарылатуда.  Міне,  аталған  курстан  мен  де  білімімді 

жетілдірдім. Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, ХХІ 

ғасыр білім алушыларының бойындағы кең ауқымды дағдылар туралы ақпарат алдым. 

Білім  алушылардың  оқу  жетістіктеріне  критериалды  бағалау  өткізу  тәртібі,  тиімді 

оқыту  мен  оқудың  белсенді  оқу,  бірлескен  оқу,  саралау,  пәнаралық  байланыс, 

оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  оқу  әңгімелері,  электронды  оқу  және 

жаңа  технологияларды  қолдану,  модельдеу  әдіс-тәсілдерінің  қолданылу  жолдарын 

меңгердім.  Оқытудың  жаңаша  әдіс-тәсілдерін  сабақта  тиімді  қолдануға  бейне 

сабақтарға талдау жасау, шеберлік сабақтары арқылы дағдыландым. Білім алушыларды 

жеке  тапсырмалардың  критерийлерімен  таныстыру,  дескриптор  құру,  сұрақтарды 

тиімді қою, ауызша және жазбаша кері байланысты қамтамасыз ету, сыныптасын және 

өзін-өзі  бағалауға  үйрету,  жалпы  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  жұмыстарының 

ерекшеліктерімен  іс  жүзінде  таныстым.  Бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауға 

жауапты  әдіскер  ретінде  жаңартылған  оқу  бағдарламалары  аясында  пилоттық 

мектептердің  тәжірибесімен  терең  танысу,  машықкерлерге  әдістемелік  көмек көрсету, 

олардың жаңа білім беру жағдайына бейімделуіне жағдай жасау – басты  міндетім деп 

білемін.   

 

 



жүктеу 266,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау