Білім беру бағдарламасы «Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі неде?»



жүктеу 266,22 Kb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата30.05.2018
өлшемі266,22 Kb.
#18489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Адилхан Гүлдана  

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

 

Курс бойынша рефлексия 



 

Заман  талабына  сай  ұрпақ  тәрбиелеп  шығу  үшін  еліміз  ұстаздарға 

үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Сондықтан оқу орынында жаңартылған 

білім  мазмұны  бойынша  бітіруші  топтарға  курстар  ұйымдастырылды. 

Курстан  өтуім  мол  білім,  шығармашыл  студенттермен  тәжірибе  алмасу, 

құнды жаңалықтар алып келді. Курс барысы бойынша ой бөліскім келеді.   

Бірінші таныстырылымда ресурста берілген сұрақтар бойынша жеке 

жұмыс  болды.  Тренер  бізді  өз  қалауы  бойынша  төрт  топқа  бөлді.  Осы 

топтық  таныстырылымда  алты  адамның  ойы  әртүрлі  болды.  Постер 

дайындау барысында жеке жұмыс болып, соңында барлық материалдарды 

жинақтау  нәтижесінде  белсенділік  танытып,  өз  ойларымен  бөлісе  білді. 

Тапсырманы  талқылау  барысында  идеяны  іске  асыру  -  ол  ой-өрісін, 

дүниетанымын  кеңейтуге  де  ықпалы  зор.  Талқылау  барысында  мен  өз 

идеяларыммен  бөлісе  отырып,  көзқарасымды  дәлелдей  алдым.  Ол 

дәлелдер постер жасау барысында таныстырылымға енгізілді.  

Талқылау  барысында  біз  «Мұғалімге  арналған  нұсқаулық»  және 

«Студентке  арналған  нұсқаулық»  атты  әдебиеттерді  пайдаландық.  

Неліктен?  Себебі,  теория  жағынан  жетіспеушіліктерді  дәл  осы 

әдебиеттерді парақтай отырып тауып, толықтырдық.  Пайдасы болды ма? 

Әрине,  себебі,  кез-келген  уақытта  бізде  туындаған  сауалдар  төңірегінде 

жауапты  міндетті  түрде  таратпа  материалдар  мен  нұсқаулықтан 

қарайтынымыз рас.  

Топтық  жұмыстарда  әркімнің  рөлі  ерекше  болды.  Тренер  әртүрлі 

суреттер  тарату  арқылы  төрт  топқа  бөлді.  Біздің  топ  алты  адамнан 

құралды.  Топ  мүшелері  бірлескен  оқу  арқылы  жұмыс  істей  білді.Топта 

талқылау барысында оқу үшін және оқыту үшін бағалауды ажырата алмай 

жатқаны  байқалды.  Бұл  арада  ресурстарды  дұрыс  пайдалану 

жұмысымыздың  ары  қарай  жалғасуына  бірден-бір  себеп  болды.  Бұл 

жұмыста  топ  мүшелері  білетіндерін  айтып,  өз  ойларын  ортаға  салды. 

Постер жасауда барлығымыз ұйымшылдықпен жұмыс атқардық.  

Үшінші  таныстырылымның  тақырыбы  мен  үшін  өте  қызықты,  әрі 

жаныма  жақын  болды.  Ол  -  «Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану».  Бұл  тапсырма  бойынша 

біздің топ өте белсенді жұмыс жасадық. Себебі, бағдарламаның бұл модулі 

кеңінен таныс. Алдымен, жеке жұмыс болып, әркім өзінің тәжірибе кезінде 

АКТ-ны  қалай  қолданғанын  айтып  жатты.  Сосын  жұпта  талқылау  болды. 

Жұпта  айтылған  мәліметтер  топта  талқылауға  салынды.  Жалпы,  АКТ 

дегенде әркімнің ойына компьютер, интерактивті тақта келетіні рас. Бірақ, 

курс  барысында  алған  мағлұматтар  бұл  топтық  жұмысты  орындауда 



қиындық  келтірген  жоқ.  Осы  жерде  бұл  технологияның  артықшылығы 

жөнінде пікірлер айтылып өтті.  

Бұл технологияны мектептегі іс-тәжірибе кезінде ұтымды пайдалана 

білгендіктен,  постер  қорғауда  мысалдар  ретінде  топ  мүшелерінің 

сабақтарында түсірген фотосуреттер мен видеодан үзінділер де келтірдік.  

Осы  топтық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  біздің  бұл  курсқа, 

бағдарламаға  деген  қызығушылықтарымыздың  артқанын,  барлық  топтық 

жұмыстар кезеңдерінде кейбір мінездері салмақты студенттердің ашылып, 

белсенділік  танытқандарын  бақыладым.  Сонымен  қатар,  еркін  сөйлеуге, 

дәлелдерімізді негіздеуге, өзімізді еркін ұстауға, бір-бірімізбен ақылдасуға, 

көмектесуге үйрендік. Жалпы біздің тренердің бізге үйретуге бағытталған 

жұмыстары бізді сыни тұрғыда үйретіп отыратынын байқап отырдым. Күн 

сайын  тренер  бізге  таратқан  ресурстар  бойынша  жұмыстар  жасатып,  ой 

бөлістіріп,  біздің  айтқан  пікірлерімізді  өз  пікірлерімен  толықтырып, 

дәлелді  пікірлерді,  рефлексиялық  пікірді  толық  қорытып  айтуымызға, 

ізденуімізге жол сілтеп отырды. Әрбір топтық жұмыстардан кейін міндетті 

түрде  кері  байланыс  орнатып  отырдық.  Ол  да  жұмысымыздың  қандай 

деңгейде болғаны туралы ақпарат болып табылады.  

Курстың менің іс-тәжірибеме тигізетін пайдасы мол болды деп айта 

аламын. Алдағы уақытта маман болып жұмысқа орналасқан кезде осындай 

жұптық,  топтық  жұмыстарды  сабақтарымда  жүзеге  асыру  барысында 

сабақтың  тиімді  өтетініне  көзімді  жеткіздім  және  өз  жұмысымның 

барысында  осындай  әрекеттерді  жүйелі  түрде  жүргізуге  шешім 

қабылдадым.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Ғаббасова Лаура Айдынқызы     

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  

41 «Ә» топ студенті  

                                                                                                                                                              

Жаңартылған оқу – заман талабы 

 

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін  

одан да жақсырақ етіп жасауға болады» 

Генри Форд 

 

 



Мемлекетіміз  енгізген  жаңа  білім  беру  бағдарламасы  2016-2017  оқу 

жылынан бастап 1-сыныптарда жүзеге асырыла бастады. Мектептер 12 жылдық 

білім беруге кезең-кезеңмен ауысып келеді. Ол 0 және 11 сыныптарды қамтиды. 

Жоғары  сыныптарда  бірнеше  пәндер  орыс  тілінде  және  ағылшын  тілінде 

жүргізіледі.  

 

Курс барысында білгіміз келген көптеген сұрақтардың жауаптарын алдым. 



Жаңа бағдарламаның ерекшеліктерімен, мазмұнымен толық таныстым. Әр түрлі 

тапсырмалар  мен  жаттығулар  орындадық.  Әрбір  пәннің  оқу  бағдарламасы 

(мазмұны,  мақсат-міндеттері,  мазмұны,бөлім,  бөлімшелер,  тақырыптары,  оқу 

мақсаттары)  және  оқу  жоспарымен  (ұзақ  мерзімді  жоспар,  қысқа  мерзімді 

жоспар)  толықтай  жұмыс  жасадым.  Әр  пән  бойынша  тапсырмалар  орындап, 

бағдарламаларын  салыстырдық,  айырмашылығы  және  ұқсастығын  анықтадым. 

Кері байланыс пен оның ауызша, жазбаша, графика түрлері жайлы мағлұматтар 

білдім.  Кері  байланыстардың  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»,  «Қол  сигналдары», 

«Смайликтер»,  «Алақан»  және  т.б  тиімді  тәсілдерін  қолдануды  үйрендік. 

Үлгерімі нашар оқушылар үшін дескрипторлар жазып, орындадым. Оны жақсы 

оқитын оқушыларға жазбаса да болатыны білдім.  

Критериалды  бағалау,  оның  түрлері  жайлы  ақпаратпен  таныстым. 

Қалыптастырушы  бағалау  үздіксіз  жүргізіледі  екен.  Жиынтық  бағалау  бөлім, 

тоқсан, жыл бойынша жүргізіледі екен. Қалыптастырушы бағалаудағы жинаған 

ұпайлар  жиынтық  бағалауда  бағаға  ауыстырылады.  Жиналған  балды 

максималды  балға  бөлу  арқылы  пайызын  шығарып  алады,  соңында  баға 

анықталады.  Критериалды  бағалау  қағидаттары:  оқыту  мен  бағалаудың  өзара 

байланысы;  шынайылық,  сенімділік,  және  валидтілік;  анықтылық  және  қол 

жетімділік;  үздіксіздік;  дамуға  бағыттау.  Критериалды  бағалаудағы  ата-анамен 

жұмыс  туралы  таныстым.  Сабақ  барысындағы  маңызды  тыңдалым,  айтылым, 

оқылым,  жазылым  дағдысын  орындау  мен  жүзеге  асырудың  жолдарын 

меңгердік.  Жаңа  бағдарламадағы  тағы  бір  ерекшелік  «мұғалім  оқушыларды», 

«оқушылар  бір-бірін»  бағалайды.  Бұл  бағдарлама  оқушыны  ізденуге, 

шығармашылықпен жұмыс істеуге талпындырады. 

Мен  жаңа  бағдарлама  жайлы  толығымен,  анық  түсіндім.  Әрбір  сессия 

қызықты өтті. Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білдік. Білім алушы студенттердің 

әрқайсысы  белсенділікпен,  тиянақтылықпен  қатысты.  Студенттердің  білімін 

шыңдалып, ынта-жігері, құштарлығы артты. Болашақ бүгінгі білімді жастардың 

қолында дегім келеді.  

 



жүктеу 266,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау