Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В010800 Дене шынықтыру және спорт»



жүктеу 110,27 Kb.
Дата28.12.2017
өлшемі110,27 Kb.
#6180
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру бакалавры

Қарағанды, 2016ж.


«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны –131 кредит
1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

1 модуль. Модульдің атауы. Қоғамдық-коммуникативтік

2 модуль. Модульдің атауы. Әлеументтік-саяси және қоғамдық

3 модуль. Модульдің атауы. Педагогика негіздері

4 модуль. Модульдің атауы. Психология және адам дамуы

5 модуль. Модульдің атауы. Дене шынықтыру және спорт әдістемесі мен кәсіби тіл

6 модуль. Модульдің атауы. Дене шынықтыру және спорттың ғылыми-ілімдік негіздері

7 модуль. Модульдің атауы. Медицина-биологиялық пәндер және азаматтық қорғаныс

8 модуль. Модульдің атауы. Гимнастика, ұлттық спорт ойындары мен спорттық күрес

9 модуль. Модульдің атауы. Спорттық-педагогикалық пәндер

10 модуль. Модульдің атауы. Сауықтыру дене мәдениеті негіздері

11 модуль. Модульдің атауы. Тәрбиелік жұмыс және таңдаған спорт түрінің әдістемесі

12 модуль. Модульдің атауы. Спорттық ойындарды оқыту әдістемесі

13 модуль. Модульдің атауы. Циклдік спорт түрлері оқыту әдістемесімен

14 модуль. Модульдің атауы. Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен басқару

15 модуль. Модульдің атауы. Мемлекеттік тілде іс жүргізу және әлеуметтік саясат

16 модуль. Кәсіби тәжірибе

17 модуль. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.


1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығының білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет салалары болып табылады:

- дене шынықтыру;

- дене тәрбиесі;



- спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорты, параолимпиадалық спорт);

- дене шынықтыру рекреациясы;

- тұрғындарды дене шынықтыру және емдік дене шынықтыруы тәсілдері арқылы сауықтыру;

- бейімделу дене шынықтыруы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:

- мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік білім беру мекемелері, (мектепке дейінгі, мектеп, орта кәсіптік оқу орындары колледждер, гимназиялар, училищелер), балалардың спорт мектептері мен клубтары;

- фирмалар, мемлекеттік мекемелер, дене шынықтыру мен спорттық қызметті басқару органдары;

- дене шынықтыру, спорттық бағдардағы ғылыми- зерттеу мекемелері, дене және психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы медициналық – биологиялық ұйымдар;

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні болып табылады:



- оқыту;

- тәрбиелеу;

- спорттық жаттығу бұқаралық спорт түрлері;

- дене шынықтыру-сауықтыру, рекреациялық қызмет;

- коррекциялық-дамытушы қызмет;

- ғылыми-әдістемелік жұмыс;

- инновациялық технологияларды жобалау;

-бұқаралық-спорттық шаралар мен мерекелік-спорттық шараларды ұйымдастыру.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:



Бакалаврдың білімдік (педагогикалық) қызметі сипатталады:

- маманның білім беру қызметі дене тәрбиесінің ғылыми негізщделген үдерісін мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру- сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырумен сипатталды;

- педагогикалық қызмет тұрғындар арасында жарасымды өмір сүруге, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын дамытуға, денсаулығын нығайтуға деген қажеттілікке, дене құрлысын жаттығулар арқылы жетілдіруге, гигиеналық шараларды қолдануға және табиғаттың өз күшін пайдалануды үйретуге бағытталған.

Ұйымдастыру - басқару қызметі анықталады: - білім беру саласындағы оқу – тәрбие құрылымдарында дене шынықтыру мен спорт бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, жарыстарды жүргізу мен төрелік жасау;

- мектеп және мектепке дейінгі оқу орындарында, колледждерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, дене шынықтыру ұжымдарында балалар мен жеткіншектердің спорт мектептерінде дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару құрылымдарында дене шынықтырудың, спорттан әдіскер, маман, әкімшілік, дене шынықтыру жұмысы бойынша кабинет меңгерушісі және көмекші сияқты әкімшілік жұмыс.

- Ғылыми зерттеу қызыметі дене шынықтырумен шұғылданатын спортшылардың және зертхана мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері ретінде дене шынықтыру, рекрециялау мен қалпына келтіру жұмыстарымен байланысты;

- Жобалық қызмет тренажерлық құрал – жабдықтарды жасаумен, спорттық құрылыстарды, алаңдарды, спорттық снарядтар мен жабдықтарды жобалау барысында кеңес беру қызметін көрсетумен байланысты:

- Ұйымдастыру – технологиялық: бакалаврдың ұйымдастыру технологиялық қызметі оқу үдерісінде дене шынықтыруды оқытудың жаңа технологияларын, сонымен қатар құрал – жабдықтыр, тренажерлар арқылы оқытудың оңтайлы тәртібін түрлі жастағы, жыныстағы, денсаулық пен дене дайындығы түрліше студенттер мен тұлғалар арасында жасау және енгізумен байланысты.

- жаттықтырушылық (спорттық) қызмет ғылыми негізделген жоспарлау, бақылау, ағзаның функциялық, дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық дайындығын және спорттық жетістіктерін түзету; жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында дене шынықтырумен шұғылданушылардың денсаулығын сақтауға және зиян келтірмей нығайту үшін түрлі жастағы, жыныстағы спортшылардың бойында ерік-күш сапаларын, отан сүйгіштігін тәрбиелеу;

- ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу, төрешілік жасау, оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде спорт мерекелерін өткізумен байланысты.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5В010800 – Дене шынықтыру және спорт мамандығы» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады:

- дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімдік және сауықтыру жұмыстарымен;

- жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарынұйымдастырумен;

- жаттықтыру үдерісін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс – тәсілдермен қамтамасыз етумен;

- спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен;

- ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен.

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

Білуі қажет:

- тұлғаның дене шынықтыруды мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы саласында ағарту жұмыстарын жүргізу;

- дене дамуын жан – жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;

- дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;

- тиімді бейімдену арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру:

- спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;

- денсаулықты көп жыл бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

-отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы,әр турлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу,;

-жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

-экологиялық,дене мәдениетін,этикалық, құқұқтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

Бакалаврды тілдік даярлау;

-кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) циклінің мақсаты –қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын,қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.

Базалық пәндер(БП) циклінің мақсаты- кәсіби білімінің іргетасы ретінде психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету.



Кәсіптендіру пәндер (КП) циклінің мақсаты- «5В010800-Дене шынықтыру және спорт» мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Негізгі құзыреттіліктер: - ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, дене шынықтыру және спорттық-сауықтыру дене мәдениеті білім беру траекториясының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалаврына қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, Дене шынықтыру және спорт саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.
жүктеу 110,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау