Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Спирттердің, тиолдардың, жәй фирлердің және ссульфидтердің номенклатурасы.
Спирттердің, фенолдардың және тиолдардың қышқылдық және негізгі қасиеттері.
Спирттердің, фенолдардың және тиолдардың нуклеофильді орын басу реакциясы.
Ароматты ядродағы фенолдарды электрофильді орын басу реакциясы.
СН-қышқылдық орталықтың қатысумен реакциялар
Спирттердің, фенолдар мен тиолдардың тотығуы.
Фенолдар мен тиолдарды тотықсыздануы.
Галогенсутекті қышқылдармен жай эфирлердің ыдырауы.
Аралық бақылауға дайындалу үшін:
Барлық өткізілген тақырыптар бойынша ОСӨЖ және СӨЖ үшін тапсырмалар және сабақтарына дайындалу үшін сұрақтарды қолдану.
Сабақ өткізу форматы:
Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
Әдебиет 3, 31-58 беттер. Этанолдың, этантиол мен фенолдың қышқылдық-негіздік қасиеттерін салыстырыңыз. Олардың натриймен, натрий гидроксидімен, күкірт қышқылымен сәкес реакцияларын жазыңыз.
Келесі өзгерістерді аяқтаңыз және түзілген өнімдерді атаңыз: пропанол-1 + Н2SO4,tо А + Вr2 Б + NаОН, спирт В +2Н2 Г.
Нуклеофильді орталықтың қатысуымен спирттердің реакциялық сызбаларын жазыңыз: а)алкилдеу арқылы бутилэтил эфирін, пропилфенил эфирін алу , б) ацилдеу арқылы этил бензоаты, фенил ацетатты алу.
Бутанола-2 және 2-метилпропанол-2 дегидраттау реакциясын жазыңыз. Осы спирттердің қайсының реакциялық қабілеттілігі жоғары, механизмін жазыңыз.
Глицерин мен этанолды қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады. Реакцияяларын жазыңыз.
Келесі өзгерістерді аяқтаңыз және түзілген өнімдерді атаңыз:
этантиол + NаОН А + СН3J Б + [О] В + [О] Г.
Изопропил бромиді, изобутил хлориді алу мысалында электрофильді орталықтың қатысуымен спирттердің реакциялық сызбаларын жазыңыз.
Келесі өзгерістерді аяқтаңыз және түзілген өнімдерді атаңыз:
Пропанон +CH3MgJ = A+H2O = Б.
2-нафтолдың галогендеуі, фенолды сульфирлеу, фенол нитрлеу, фенол нитрозирлеу, натрий феноксиді карбоксилдену реакцияларының сызбаларын жазыңыз.
Этанол, 2-метилбутанол-2 дегидратациясы мысалын қолданып спирттерді элиминирлеу реакциясының сызбаларын жазыңыз.
Этанол, пропил спирті, изопропил спирті, изобутил спирті, гидрохинон, диэтил эфирлерінің тотығу реакцияларының сызбаларын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |