Дайындалуға арналған сұрақтары:
α-Амин қышқылдары, жіктелуі және номенклатурасы.
Аминқышқылдарының алыну жолдары.
α-Амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері.
Аминқышқылдарының химиялық қасиеттері.
Пептидтердің құрылымы мен номенклатурасы
Пептидтер мен белоктардың біріншілік құрылымы
Пептидтер мен белоктардың кеңістіктік құрылымы.
п –Аминобензой қышқылы және оның туындылары.
Сульфаниламид, алыну тәсілдері.
Аминоспирттер және аминофенолдар.
Аралық бақылауға дайындалу үшін:
Барлық өткізілген тақырыптар бойынша ОБСӨЖ және СӨЖ үшін тапсырмалар және сабақтарына дайындалу үшін сұрақтарды қолдану.
Сабақ өткізу форматы:
Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Сабақты бақылау түрі: Аралық бақылау. Баға суммативті (жазбаша түрде/ тестілеу)
ҚО режимінде: Баға суммативті (жазбаша түрде тестілеу) dis.kaznmu.kz (Moodle) Google Classroom платформаларында жазбаша түрде/ тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
Аминқышқыылдарының конфигурациясы. Фишер проекциясы бойынша L-серинді, L-лейцинді, L-валинді көрсетіңіз.
Глицин мен валиннің реакция схемаларын жазыңыз: а) CH3I б) NaOH в) HNO2 г) этанол д)формальдегидпен.
α, β, γ – аминомай қышқылының мысалымен α ,β ,γ аминқышқылдарының ерекше реакцияларын жазыңыз. Изолейциннің дезаминдеу реакцияларын жазыңыз.
Аланиннің тұз түзу реакцияларын жазыңыз: а) НCI, б) NaOH, в) Cu(OH)2.
Аминқышқылдарының амфотерлі қасиетіне метионнің мысалымен тұз түзу реакциясын жазыңыз: а) НCI, б) NaOH.
Фенилаланиннің реакциялық схемаларын: а) СН3I, б) HNO2, в) СН2О, г) С2Н5ОН.
Валинннің дезаминдену реакцияларын жазыңыз: 1) гидролиттік дезамидеу; 2) тотықпай жүретін дезаминдеу; 3) тотыға жүретін дезаминдеу; 4) азотты қышқылмен.
Реакцияларды жазыңыз: 1) треониннің фосфор қышқылымен этетрификациялануы; 2) треониннің тотығуы; 3) цистеиннің жұмсақ және қатты тотығуы.
Трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз: 1) Фен-Вал-Асп; 2) Лей-Про-Лиз. Бұл түзілген пептид (қышқылдық, сілтілік) қандай қасиет көрсетеді?
ПАБҚ күрделі эфирлері. Анестезиннің қышқылдық және сілтілік гидролиз реакцияларын жазыңыз.
Фенацетин мен парацетамолдың гидролиз реакцияларының схемасын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |