Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет68/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Қалыптастырушы кері байланыс
Қалыптастырушы кері байланыс студенттердің өздерінің үл-
герімі туралы және оны қалай жақсартуға болатындығы туралы 
ақпарат пен кеңестерге қатысты болады. Студентті қалыптасты-
рушы кері байланыспен қамтамасыз ету уақыты студенттің оны 
қолдануының маңызды шарты болып табылады. Мысалы бағалау 
тапсырмаларын орындар алдында студенттің осы ақпаратты алуы. 
Жоғарыда айтылғандай, кері байланыстың бұл аспектісі оқуды 
бағалаудың негізінде жатыр. 
Қалыптастырушы бағалау бойынша жасалған соңғы зерттеу-
лер (оқыту үшін бағалау) кері байланыстың әрекет ету аясын оқуға 
қолдау білдіру құралы ретінде қолданудан студенттерді бағалау 
(оқыту ретінде бағалау) үрдісіне оларды тартудың неғұрлым озық 
тәсіліне дейін кеңейтті (Murphy and Barry, 2016
85
; Thomas, et al., 
2012
86
). Қалыпты оқу ортасында студенттер өздерінің қорытынды 
тапсырмаларын немесе емтихандарын аяқтап, тапсырғаннан кей-
ін қорытынды бағалаудың нәтижесін алуда енжарлық танытады.
Жиынтық кері байланыс
Жиынтық кері байланыс – студенттің үлгерім деңгейіне байла-
нысты оқытушысының беретін ақпараты. Ол курс бойынша оқыту 
нәтижелерімен тығыз әрі жүйелі сәйкестендірілген, бағалау крите-
85
Murphy, K. and Barry, Sh. (2016). Feed-forward: Students gaining more from Assessment via Deeper 
Engagement in Video-Recorded Presentations. Assessment & Evaluation in Higher Education, 41 (2), pp. 
213-227
86 
Thomas, G., Martin, D. and Pleasants, K. (2011). Using Self- and Peer-Assessment to enhance Students’ 
Future-Learning in Higher Education. Journal of University Teaching & Learning Practice, 8(1). Available 
online: https://ro.uow.edu.au/jutlp/vol8/iss1/5/


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
125
рийлеріне тікелей қатысы бар және студенттерге өздерінің оқудағы 
жетістіктерін жақсарту үшін не істеу керектігін түсіндіретіндей 
болуы керек. Жиынтық кері байланыс студенттерге оқу үлгерімі 
туралы ойлануға көмектесуі тиіс және сонымен қатар қалыптасты-
рушы кері байланыс рөлін де атқарады. Қойылған міндеттер бой-
ынша мұндай қалыптастырушы кері байланыс білім алушыларға 
алдағы берілетін тапсырмаларды орындау кезінде кері байланыс 
жасауды үйреніп, пайдалану қабілеттерін дамытуға көмектеседі. 
Кері байланысқа жасалатын нақты қадамдар мыналарды қамтиды:
• жазбаша түрдегі жеке кері байланыс;
• онлайн режиміндегі объективті кері байланыс;
• тор түріндегі кері байланыс (feedback grids);
• объективті кері байланыс;
• ауызша кері байланыс;
• жалпы кері байланыс;
• алқалы кері байланыс.
Кері байланыстың (яғни қалыптастырушы немесе жиынтық) 
санын, стилін, ықпалын, сондай-ақ мақсатын ескеру қажет. Кері 
байланыстың әдістері мұқият ойластырылып, білім беру мен оқыту 
кеңістігінде бейімделуі керек. Қарастырылатын аспектілер мына-
ларды қамтиды:
• кері байланысты бағалау критерийлері және оқыту нәти-
желерімен үйлестіру – кері байланыс нақты, түсінікті және 
топтастырылған болуы тиіс;
• айдармен және қойылған белгімен үйлестіре түсіндіру;
• жақсарту аясын анықтау;
• студенттердің оқытушының кері байланысын қолдану қа-
білетіне кепілдік беруі. Ол пайдалы әрі қолдануға жарамды 
және оқытудың ажырамас бөлігі болуы керек; 
• уақтылы берілу – кері байланыс білім алушы оны толық 
көлемде қолдана алатындай қолайлы уақытта берілуі тиіс;
• қосылу – кері байланыс алдағы уақытта берілетін бағалау 
тапсырмаларына және мүмкін басқа курстарда ағымдағы 
оқу қызметіне қолдануға жарамды болуы керек;
• ықпалы мен стилі – кері байланыс құрылымдық және 
жеке болуы тиіс. Ол студентке және оның жұмысына қы-
зығушылық танытуы қажет.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
126
Электрондық кері байланыс қолмен жазылған кері бай-
ланысты оқудағы қиындықтарды айналып өтіп, нақтылықты 
қамтамасыз ете алады. Электрондық қарым-қатынастың жүй-
елілігі, құпиялылығы және ыңғайлылығы студенттерге цифрлық 
кеңістікте сақтауға болатын электронды форматтағы курсқа жа-
зылған барлық пікірлерді оқи алатындарымен қоса, басқа да ар-
тықшылықтар береді.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау