Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Бағдарлама бойынша оқыту нәтижесі (қысқаша сипаттамасы)



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет67/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижесі (қысқаша сипаттамасы)
Бизнес теориясын, стратегиялық дамуды және сандық талдау 
теориясын тереңнен үйрету.
Оқыту және білім беру тәсілдері (кейбіреуі):
Starbucks компаниясы туралы Гарвард Бизнес Ревьюдің кейс стадиі;
«Кәсіпкерлерді әрекетшіл (тапқыр) ететін не?» бейнежазбасы.
Бағалау тәсілдері (кейбіреуі):
Топтық жоба: «Бизнес-жоба идеясының тұсаукесері»
Бағалау өлшемі: Бәсекеге қабілеттілік, жоғары өнімділік және жобаның 
тұрақтылығы, жобаның нақты құндылығын қалыптастыру және негізін 
қалаушылардың жеке, кәсіби және қоғамдық мақсаттарына қол жеткізу.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
123
Білім алушылардың үлгерімін арттыру үшін бағалау кезінде 
құрылымдық сәйкестік өте маңызды (Biggs 2003)
81
. 9-сурет Назар-
баев Университетінің құрылымдық келісілген бағдарламасы қалай 
білім алушыларға курс бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізуге 
және сол арқылы түлектің (таңдалған) кәсіби қасиеттерін (атри-
буттарын) қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігінің мысалы бо-
лып табылады.
Кері байланыс оқытуды жақсартады, ал тиімді мақсатты кері 
байланыс оқу өнімділігі мен білім беру жетістіктерін едәуір арт-
тырады (OECD, 2010)
82
. Педагогтарға дәстүрлі бағалау әдістерімен 
(тестілеу, баға қою) оқытуға бағытталған әдістерді біріктіруге 
кеңес беріледі (Sambell et al., 2012)
83
.
Кері байланыс тиімді білім беру мен оқытудың негізгі компо-
ненті болып табылады. Беллон мен бірлескен авторлар:
84
«Оқытушы 
тарапынан берілген академиялық кері байланыс оқытушының 
басқа кез келген әрекетіне қарағанда үлгеріммен әлдеқайда тығыз 
әрі жүйелі түрде байланысқан... бұл қатынастар сыныпқа, әлеумет-
тік-экономикалық мәртебеге, нәсіліне немесе мектептегі ортасына 
қарамастан сәйкестендіріледі», – деп санайды. Дұрыс кері байла-
ныс білім алушыларға оқу материалының мазмұнын жақсы түсіну-
ге көмектеседі және оларға оқуды қалай жақсартуға болатындығы 
туралы нақты нұсқаулық береді. Сапалы кері байланыс студенттің 
сенімділігін, өзін-өзі тануы мен оқуға деген ынтасын арттыра алады, 
жоғары білім беру жүйесіне ауысуға көмектеседі және студенттің 
оқуын жалғастыруын қамтамасыз етеді. Студенттер кері байланыс 
арқылы жауап береді және өзара әрекет жасайды деген болжамға 
сүйенсек, ол оқу мен үлгерімнің тиімділігін арттыра алады.
81
Biggs, J.B. (2003). Teaching for Quality Learning at University. Buckingham: Open University Press/
Society for Research into Higher Education. (Second edition): 
http://www.educatejournal.org/index.php/educate/article/viewFile/81/78
82
OECD (2010). The Nature of Learning: Using Research to Inspire Practice. The Role of Formative Assessment 
in Effective Learning Environments, pp. 135-161. Available online: https://read.oecd-ilibrary.org/education/
the-nature-of-learning_9789264086487-en#page136
83
Sambell, K., McDowell, L. and Montgomery, C. (2012) Assessment for Learning in Higher Education. 
Abingdon, Oxon: Routledge
84
Bellon, J.J., Bellon, E.C. & Blank, M.A. (1991) Teaching from a Research Knowledge Base: a Development 
and Renewal Process. Facsimile edition. Prentice Hall, New Jersey, USA


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
124
Пайдалы кері байланыс деген не екенін мұғалім мен студенттің 
түсінуі арасында көбінесе сәйкессіздік болады. Оқытушы мен студент-
тің педагогикалық өзара әрекеттесуіндегі кері байланыс – көптеген 
жылдар бойы бірқатар университетте студенттік сауалнамалар арқылы 
анықталған қиындық туғызған сұрақ. Кері байланыс оқу үдерісінің 
басқа салаларына қарағанда өзгеріссіз үнемі төмен бағаланады. Баға-
лау әдісін әзірлеген кезде оны мұқият ойластырып, жоспарлау керек.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау