Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
207
Қысқаша қорытынды
Сапа мәдениетін қалыптастыру үшін сапаның институцио-
налдық жүйесін құру және оның тиімді жұмыс істеуін қамтама-
сыз ету уақытты, ресурсты және ең алдымен бүкіл академиялық
қоғамдастықтың адалдығын талап етеді. Ең маңыздысы, универ-
ситеттер сапаның институционалдық үлгісін басқаруда құрылым-
дық және жүйелі тәсілді қолдануы қажет. Ол сапаны қамтамасыз
ету және сапаны арттыру үрдістерінің теңгерімді түрде
бірік-
тірілуіне негізделген.
Сапаның институционалдық жүйесінің тиімділігін тексеру
кезінде негізгі үрдістер халықаралық бенчмаркинг негізінде баға-
лануы және ЖБЕК-дегі СҚА-дың үздік тәжірибелері мен стандарт-
тарына сәйкес келуі тиіс. Алайда халықаралық бенчмаркинг СҚА
жүйесінің дамуы туралы ақпарат беріп отыру үшін пайдалы болса
да, СҚА жүйесінің институционалдық үлгісінің ішіне енгізілуі үшін
лайықты түрде болуы, басқарылуы және мәнмәтінделген болуы
тиіс. Артықшылыққа ие болу мәдениетін
қалыптастыруға ұмты-
латын университеттер сапаны стратегиялық басымдылық ретінде
бөліп, сапа құндылықтарын алға жылжытып, СҚА рәсімдеріне ар-
налған тұжырымдамалық негізі мен құрылымын жасауы керек.
СҚА құрылымы және онымен байланысты ережелер оқытушы-
ларды институционалдық рәсімдерді орындау кезінде бағдарла-
маны бекіту, жыл сайынғы, мерзімді және сырттай бағалау, сту-
денттердің сапаны және оқыту сапасын арттыруға қатысуы сынды
әрекеттерге бағыттауы тиіс. Әрбір үрдіс
белгілі бір құрылымдар
мен рәсімдердің көмегімен басқарылатынына қарамастан, олар-
дың барлығы жүйелі, сәйкестендірілген, қатаң, дәйекті, айқын,
ашық, қызықты, ақпараттандырылған және барлық қызығушылық
танытқан тараптар үшін түсінікті болуы қажет.
Сапа менеджментінің құрылымдары сапа үрдістерінің жал-
пылама ұғымын қамтамасыз ету үшін
сындарлы сұхбатты және
қызығушылық танытқан тараптардың қызығушылығын одан әрі
арттыруды қамтамасыз етуі тиіс. Студенттер СҚА институцио-
налдық жүйесінің ішінде араласып жүруі және өзінің оқу тәжіри-
бесін кеңейтуге белсенді түрде қатысуы керек. Осыған байланы-
сты тиімді қарым-қатынас орнату және барлық деңгейлерде кері
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу:
жоғары білім берудің жаһандық
мәселелеріне жауаптар
208
байланыс құру маңызды. Шынайы СҚА үлгісін құрудағы сәттіліктің
кілті – тексеру және есеп беру емес, барлық қызығушылық туды-
рған қатысушыларға қолдау білдіру, бағыт беру және ынталандыру
болып табылады.
Ол үшін оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерге кәсіби да-
мудың жекелеген мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттер қауымда-
стығына тұрақты кеңес беру және тренингтер өткізу арқылы қол-
дау білдіру пайдалы болар еді. СҚА үлгісі қаншалықты жан-жақты
қамтылған және функционалды болып табылатынына қарамастан,
жоғары оқу орындары тұрақты түрде үрдістер мен рәсімдерге
сыни талдау жасап, бақылау жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. Сапа-
ны арттыруға жағдай туғызу үшін барлық деңгейде қалыптасқан
үрдістердің үнемі мағынасын түсініп отыру үйреншікті тәжірибеге
айналуы қажет.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
209
1. Сапаны қалай анықтадыңыз? Сіздің
университетіңізде сапаға
қандай анықтама беріледі? Университетіңіздің стратегиясы
оның сапа құндылықтарына деген адалдығын көрсете ала ма?
2. Университетіңіздегі сапаны қамтамасыз ету және арттыру үрді-
стерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
3. Өзіңіздің білім беру бағдарламаңыздың мен курсыңыздың сапа-
сына кепілдік беру және арттыру үшін сыртқы бенмаркингтің
қандай аспектілерін қолданасыз?
4. Сіздің университетіңізде жыл сайынғы бағалау жүргізуде кезде-
сетін негізгі қиындықтар қандай?
5. Жалпы алғанда университетіңізде сырттай бағалаудың қан-
дай үлгілері қолданылады және өзіңіздің курсыңызды/бағдар-
ламаңызды жақсарту үшін қандай сырттай бағалау үлгілерін
пайдаланасыз?
6. Студенттер өз пікірлерін білдіру үшін
және сіздің универси-
тетіңізде олардың айтқан пікірлері ескерілуі үшін қандай ша-
ралар қолданады? Университетіңіз студенттерді қызықтырудың
(тартудың) қандай тетіктерін қолданады?
7. Өзіңіздің кері байланыс циклін жабу тәжірибеңіз туралы ойла-
нуыңызды сұраймыз.
8. Сіздің оқу орныңыздағы оқыту сапасын неғұрлым сенімді түрде
қалай бағалауға болады?
9. Сіздің университетіңіз білім беру сапасын жақсарту үшін өз-
дерінің деректерін қалай басқарады?
10. Университетіңіз сапа мәдениетін дамыту үшін қандай іс-шара-
лар атқаруы керек деп ойлайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: