КӨК ТАМЫРҒА иньекцияны орындау
Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсеткіштері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, егу жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).
Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік тамырлары.
Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц (иненің ұзындығы 40 мм), лоток, салфеткалар, мақта шариктері, 70% этил спирті, ампуладағы дәрілік ерітінді, қолғап, бет перде, клеенкалы валик, резеңке бұрау, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, шокқа қарсы арналған жиынтық, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен өндеп, бет перде мен қолғапты киіңіз.
Шприцтің саңылаусыздығын тексеріңіз, орауды ашып, шприцті құрастырыңыз . (стандартты қараңыз)
Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).
Ампуланы ашып, дәрілік ерітіндіні сорып, иненің қақпағын жауып ауасын шығарыңыз (стандартты қараңыз).
Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.
Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз
Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.
Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).
Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе киімінің үстінен байлаңыз.
Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға, ал ілгегі төмен қарап, кәріжілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.
Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, сосын оның қысуын сұраймыз (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).
Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз (көк тамырдың қанға толуын күшейту үшін).
Көк тамырды зерттеңіз. II-III саусақтармен пальпация жүргізіп қанға толған көк тамырды анықтаймыз.
Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен бірінші үлкен аймағын (10*10), екінші мақта шаригімен (5*5) көлемін өңдеңіз (мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.
Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап І,III,IV,V– саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітіп қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды
тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.
Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.
Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.Дәрілік ерітіндіні толық енгізбейміз.
Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін егу жасаған жерге қойып, инені жылдам қозғалыспен шығарыңыз, 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.
Мақта шаригін, шприцті инесімен, қолғапты ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |