Білім алушы мен эдвайзерге арналєан жаднама



жүктеу 0,99 Mb.
бет3/13
Дата21.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#23173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу нәтижесінде студенттер термодинамиканың басты заңдарын түсінеді және оны тәжірибеде қолдана алады; отынның жануын, жылутехни­калық жабдықтарды есептеу тәсілдерін игереді, жылутехникалық жабдықтардың жылулық балансын құра алады; металлургиялық пештер мен агрегаттардағы жылу жоғалымын есептейді және энергия сақтау технологияларын таңдай алады.

Постреквизиттері: Металлургиялық пештер теориясы, Пирометаллургия, Ұнтақты металлургия процестері мен аппараттары, Гидрометаллургиялық процестердің аппаратуралық жарақталуы.
18. M LM 3303 Жеңіл металдар металлургиясы - 3 кредит

Пререквизиты: «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестердің технологиясы», «Металлургиялық өңдеуге шикізат дайындау».

Оқыту мақсаты: Жеңіл металдар алудың негізгі технологияларын оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Құрамында жеңіл металдар бар кендерді, шорғырларды, жартылай өнімдерді ашу әдістері қаралады. Пиро- және гидрометаллургиялық әдістермен жеңіл металдарды таза қойындыларын ашу үшін, оларды байыту, ректификация, электролиз, термиялық үрдістер арқылы өңдеуі көрсетілген.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент жеңіл металдарды алу технологиясының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері, қолдану салалары, шикізат көздері мен оны өңдеудің негізгі процестерін білуі керек. Жеңіл металдарды алу әдістерін талдауын меңгеруі қажет.

Постреквизиты: «Жеңіл ж/е сирек металдар бойынша ғылыми зерттеу курстік жұмыс», «Металлургиялық кәсіпорындар жобалау негіздері».
19. MTCM 3303.1 Ауыр түсті металдар металлургиясы – 3 кредит

Пререквизиты: «Металдар және олардың қосылыстары», «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестердің технологиясы».

Оқыту мақсаты: Ауыр түсті металдар алудың негізгі тәсілдерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Пәнде мыс, никель, корғасын және мырыш өндірістеріндегі металлургиялық процестердің теориялық және технологиялык негіздері окытылады. Осы металдар мен олардың косылыстарының касиеттері, шикізаттарын металлургиялық өндеуге дайындау қарастырылады. Күйдіру, балқыту конвертирлеу, оттық тазалау, сілтілеу, ерітінділерді тазалау, электролиз сияқты пирометаллургиялық және гидро-металлугиялық өңдеу әдістері мен олардың аппараттық безендірілуі жазылған. Ауыр түсті металдар металлургиясындағы өндірістік қалдықтарды өңдеу әдістері және шикізатты кешенді пайдалануды арттыратын жаңа технологиялар берілген.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент ауыр түсті металдарды алу технологиясының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері, қолдану салалары, шикізат көздері мен оны өңдеудің негізгі процестерін білуі керек. Әдебиетпен жұмыс істеу және ауыр түсті металдарды алу процестерін талдауын меңгеруі қажет.

Постреквизиты: "Ауыр ж/е түсті металдар бойынша ғылыми зерттеу курстік жұмыс", «Металлургиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері», ««Металлургиядағы автогенді процестер».
20. PytM Пирометаллургия (4 кердит)

Пререквезиттері: «Металлургия жылутехникасы», «Физикалық химия», «Металлургиялық процестер теориясы».

Пәнді оқытудың мақсаты білім алушыларда пирометаллургиялық процестер бағытында білім беру, қазіргі кездегі пирометаллургиялық процестер, оларды жүзеге асыратын жабдықтардың күйі мен дамуымен білім алушыларды таныстыру

Қысқаша мазмұны: Металдардың қасиеттері мен құрылысы. Кендік және екіншілік шикізаттарды күйдіру, балқыту және металдарды тазарту процестері, олардың түрлері. Пирометаллургиялық процестердің негізі аппаратуралық жабдықтары мен және технологиялық ерекшеліктері. Пирометаллургиялық процестерде қолданылатын технологиялық есептеулер. Металл, оксидті және сульфидті жүйелердің қасиеттері мен құрылыстары, тотықты және сульфидті минералды шикізаттарды, тұз ерітінділерін өңдеу процестері туралы тереңдетілген білім беру және пирометаллургиялық процестердің әдістерін қолдануға үйрету.

Күтілетін нәтижелер: негізгі пирметаллургиялық процестерді, олардың ерекшеліктерін талдауды игеру, тиісті процестің таңдалуын негіздеу, жұмыс істеп жатқан және жобаланатын процестерге талдау жүргізу, металлургиялық процестердің жеке бір сатыларының жылдмадығын, жай және күрделі процестердегі шектеуші сатылардың жылдамдығын бағалау, кендік және техногенді шикізатты өңдеу технологиясының нақты көрсеткіштерін немесе процестері мен бағыттарын болжау.

Постреквезиттері: «Қара және түсті металдар өндірісінің технологиясы», «Металлургия объектілерін жоспарлау».
21. ТКМ Композициялық материалдардың технологиясы (4 кредит)

Пререквизиттері: Математика, Физика, Химия, Физикалық химия, Металлургиялық процестер теориясы.

Оқыту мақсаты: студенттерге композициялық материалдарды алу саласында білім беру, композициялық материалдар сыныптамасымен, қасиеттерімен және анықтау әдістерімен танысу.

Қысқаша мазмұны: Композициялық материалдар анықтамасы және сыныптамасы. Композициялық материалдар механикасының негізгі ұғымдары: серпімділік модульі, беріктік, бұзылуы, химиялық, жылулық және механикалық тұрақтылығы. Композициялық материалдар өндірісінде қолданылатын компоненттер: матрицалық және армирлеуші материалдар мен оларды алу. Металдық композициялық материалдарды алу: әдістері мен алу механизмі, функционалдық тағайындалуына байланысты әдісті таңдау. Полимерлік композициялық материалдар өндірісі. Көміртегі-көміртекті және керамикалық композициялық материалдар. Композициялық материалдар қасиеттерін анықтау әдістері. Композициялық материалдардың қолданылуы.

Күтілетін нәтижелер: студенттер композициялық материалдардың түрлері, оларды алу әдістерін таңдау және сапасын бақылау, композициялық материалдар қасиеттері туралы білімді игереді.

Постреквизиттері: Ұнтақ металлургияның процестері мен аппараттары, Ұнтақты және композициялық материалдар өндірісі.
22. MLM 3304 Сирек металдар металлургиясы – 3 кредит

Пререквизиттері: «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестердің технологиясы».

Оқыту мақсаты: Сирек металдар алудың негізгі әдістерін оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Пәннің курсында «сирек металдар» ұғымына түсініктеме беріледі, осы металдардың техникалық жіктелуі келтіріледі және қазіргі уақытында техникадағы олардың орны бағаланады. Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіндегі сирек металдардың орналасуы және сирек металдарды алу технологиясының ерекшеліктері қарастырылады. Сирек металдардың физика-химиялық қасиеттері, қолдану салалары, шикізат көздері келтіріледі. Құрамында сирек металдары бар шикізатты өңдеп, химиялық қосылыстар немесе таза металдар түрінде дайын өнімді алудың негізгі үрдістері жарықтандырылады.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент сирек металдарды алу технологиясының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері, қолдану салалары, шикізат көздері мен оны өңдеудің негізгі процестерін білуі керек. Әдебиетпен жұмыс істеу және сирек металдарды алу тәсілдерін талдауын меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Техногенді және қайталама шикізатты қайта өңдеу процестері», «Жеңіл ж/е сирек металдар бойынша ғылыми зерттеу курстік жұмыс».
23. MRSM 3304.1 Радиоактивті және ілеспелі металдар металлургиясы – 3 кредит

Пререквизиттері: «Жалпы металлургия», «Металлургияның қазіргі уықыттағы жай-күйі және даму алғышарттары», «Металлургиялық процестердің технологиясы».

Металлургиядағы процестер мен жабдықтар».



Оқыту мақсаты: Радиоактивті және ілеспелі металдар алудың негізгі технологияларын оқып үйрену.

Қысқаша мазмұны: Радиоактивті элементтер кездесетін шикізатды өңдеу мәселелеріне қатысты теориялық сондай-ақ, таза радиоактивті және ілеспелі металдар, оның ішінде уран, торий және сирек жер металдарын (СЖМ) өндірудің технологиялары қарастырылған.

Күтілетін нәтижелер: Осы пәнді игеруден кейін студент радиоактивті және ілеспелі металдарды алу технологиясының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері, қолдану салалары, шикізат көздері мен оны өңдеудің негізгі процестерін білуі керек. Радиоактивті және ілеспелі металдарды алу әдістерін талдауын меңгеруі қажет.

Постреквизиттері: «Техногенді және қайталама шикізатты қайта өңдеу процестері», «Металлургиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері», «Металлургиядағы конденсация және шаңұстау».
24. EMCM 3304.2 Түсті металдардың электрометаллургиясы - 3 кредит

Пререквизиттері: «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестердің технологиясы».

Оқытудың мақсаты: Таза металдар мен қорытпалар алудың негізгі процестерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Электрохимияның және электрометаллургияның теориялық және технологиялық негіздері, сулы ерітінділер және балқытылған тұздар электролизінің негіздері, электрохимиялық жүйеде жүретін процестердің физика-химиялық заңдылықтары, түсті металдарды электротазалау және электротұндыру тәжірибесі.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқып-үйренген студент сулы және балқытылған тұздар электролизімен металдар және қорытпалар алудың, түсті металдарды электротазалаудың негіздерін білуі қажет. Металдарды электротазалау және электротұндыру әдістерінің технологиялық параметрлерін талдай білуі қажет.

Постреквизиты: «Металлургиялық процестерді модельдеу», «Металлургиялық өндірісті жобалау негіздері».
25. РАМChM 3305 Қара металлургияның процестері мен аппараттары – 3 кредит

Пререквизиттер: «Металлургиялық процестердің технологиясы», «Жалпы металлургия», «Қара металдар металлургиясының процесі».

Оқыту мақсаты: қара металлургия өндірісіндегі негізгі аппараттар мен металлургиялық үрдістердің теориялық негізін оқу.

Қысқаша мазмұны: қара металлургиядағы үрдістер мен аппараттар пәні қара металлургия өндірісіндегі жаңа және қолданыстағы үрдістер мен аппараттарды , қара металлдардың химиялық қоспаларын үйретеді.

Күтілетін нәтижелер: студенттер осы пәнді меңгерген соң, олардың

білулері тиіс: қара металлургияның технологиялық үрдістерінің негізгі заңдылықтарын, осы үрдістерде қолданылатын аппаратардың қызмет ету принципі;

жасай алуы тиіс: технологиялық үрдістерді анализдеу және есептеу, аппараттар мен үрдістердің құрылыс,энергетикалық және жылулық есебін шығару.

Постреквизиттері: «Металлургиялық процестерді модельдеу», «Металлургиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері», диплом жұмысын (жобасын) жазу.
26. PAMСМ 3305.1 Түсті металлургияның процестері мен аппараттары – 3 кредит

Пререквизиттер: «Жалпы металлургия», «Металлургиялық процестердің технологиясы».

Оқыту мақсаты: металлургия өндірісіндегі негізгі аппараттар мен үрдістерді оқу.

Қысқаша мазмұны: металлургиядағы жылу- және массалмасу, гидромеханикалық үрдістердің теориялық заңдылықтары, осы үрдістерді аппараттармен жабдықтау, технологиялық үрдістердің өндірістік талдауы және керекті есептеулері.

Күтілетін нәтижелер: студенттер осы пәнді меңгерген соң, олардың білуі тиіс: жылу және массалмасу, гидромеханикалық үрдістердіңнегізін және олардың қондырғыларын;

жасай алуы тиіс: негізгі металлургиялық үрдістерді анализдеу және технологиялық есептеулерін шығару.



Постреквизиттері: «Металлургиялық процестерді модельдеу», «Металлургиялық кәсіпорындарды жобалау негіздері», диплом жұмысын (жобасын) жазу.
27. AOGMP Гидрометаллургиялық процестерді аппаратуралық жабдықтау (4 кредит)

Пререквизиттер: Металлургия процестерінің теориясы, Металлургия процестерінің технологиясы, Металлургия процестерінің жылуэнергетикасы.

Оқыту мақсаты: студенттердің гидрометаллургиялық процестерге арналған аппаратуралармен және жабдықтармен танысуы, есептеу жолдарын үйренуі, қолдану аймағы мен ерекшеліктерін игеруі.

Қысқаша мазмұны: Шаймалау үшiн аппаратура. Классификация. Араластырушымен импеллерлі күбi. Конструкция. Әрекет ету қағидаты. Пачук. Конструкция. Әрекет ету қағидаты. Күбілер. Автоклавтар. Тағайындау. Классификация. Конструкциялар. Сұйықты қаттыдан бөлiп алу үшiн аппаратура. Классификация. Қойылтқыштар. Жалпы кемшiлiктер, өзiндiк конструкциялар және орталық және бүйiрлеу ерiксiз келтiруi бар қойылтқыштардың әрекет ету қағидатына. Қойылтқыш "Ламелла". Конструкция ерекшелiктерi. Әрекет ету қағидаты. Сүзгілеу үшiн аппаратура. Жалпы мәлiметтер. Сүзгiлердiң классификациясы. Конструкция ерекшелiктерi. Сүзгілеуді процестiң ерекшелiктерi. Ион алмасу қондырғылары. Пульсациялық сору бағаналары.

Күтілетін нәтижелер: студенттердің гидрометаллургиялық процестерді жарақтандыру үшін қажетті аппаратуралар мен жабдықтарды таңдай білуі, баланстық есептеулер мен үйлесімді агрегаттарды таңдау арқылы процесті оңтайландыру жолдарын үйрену.

Постреквизиттері: дипломдық жұмыс және жобалау.
28. МР Металлургиялық пештер (3 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Мамандыққа кіріспе», «Металлургиялық процестердің жылуэнергетикасы»,

Оқыту мақсаты: білім алушыларды металлургиялық пештер конструкцияларымен, олардың заманауи техникалық шешімдерімен, жаңа конструкциялық материалдармен, инженерлік есептеулермен және сызбалармен таныстыру. Металлургиялық пештердің жалпы теориясы, пеш жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Пеш туралы ғылымның дамуы, В.Е. Грум-Гржимайлоның гидравликалық теориясы, Н.Н. Доброхотов-И.Д. Семикиннің энергетикалық теориясы. «Өнеркәсіптік пеш» ұғымының жылутехникалық мәні, пеште өтетін процестер. Пештер сыныптамасы. Пештің жылулық қуаты, қуаттар түрі. Жылулық баланс. Пештегі жылу жоғалымының түрлері. Пеш жұмысының негізгі көрсеткіштері: пеш өнімділігі, жылу шығыны, пештің ПӘК, пештің жылулық балансы, пеште бір отынды екіншісімен алмастыру. Металлургиялық пештердің конструкциялары мен жылулық режимдері. Пештердің отқа төзімді және жылуоқшаулаушы материалдары. Металлургиялық пештерде қолданулатын жаңа материалдар. Пеш қалауы, күмбезі, қосалқы торабтары, олардың атқаратын қызметтері. Түтінді газдар жылуын кәдеге асыру. Қайтарма материалдар мен энергетикалық ресурстар.

Күтілетін нәтижелер: студенттер металлургиялық пештердің жылулық және конструктивтік есептеулерін өз бетінше жүргізуді игереді. Технологияға қажетті пешті таңдауда ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктеріне негізделген әртүрлі типті пештерді есептеудің кешенді әдістерін орындай алады.

Постреквизиттері: «Металдық өнімдерді дайындау процестері мен технологиялары», «Ұнтақты металлургияның процестері мен аппараттары», дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау.
29. PV Ұнтақты металлургия (4 кредит)

Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Физикалық химия», «Металлургия процестерінің теориясы».

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металл ұнтақтарын алу, олардың негізгі физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін анықтау әдістері, металл ұнтақтары негізінде жаңа материалдарды алу туралы білім беру болып табылады.

Қысқаша мазмұны: металл ұнтақтары; металл ұнтақтарын алудың физика-химиялық әдістері, қолданылатын жабдықтар мен аппаратуралары; металл ұнтақтарының физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін анықтау әдістері, металл ұнтақтарын жентектеу сатысы, қолданылатын пештер, металл ұнтақтары негізінде жаңа материалдарды алу, олардың қасиеттерін анықтайтын өңдеу процестері туралы және ұнтақты металлургиядағы жаңа бағыттар – наноұнтақтар туралы бөлімдер қарастырылған.

Күтілетін нәтижелер: білім алушылар осы курсты оқыған соң ұнтақты металдар, оларды алудың технологиялық режимдеріне; ұнтақтарға алуға қойылған мақсат пен тағайындалуына қарай оларды алудың әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізе алады, сонымен қатар әр түрлі ұнтақты материалдарды жентектеу, ұнтақты металл негізіндегі заттарға өңдеу процестерін негізді түрде таңдай алады, олардың қасиеттерін салыстыру мүмкіндігіне ие болады; қажетті технологиялық есептеулерді жүргізуге дағдыланады.

Постреквизиттері: «Коррозиядан қорғау әдістері», «Арнайы материалдарды алу негіздері».
30. РАРМ Ұнтақты металлур­гияның процестері мен аппараттары (4 кредит)

Пререквизиттері: «Физикалық химия», «Ұнтақты металлургия».

Оқыту мақсаты: алғашқы материалдарды қатты және сұйық күйінде майдалау, химиялық қосылыстарды тотықсыздандыру, қорытпаларды және ерітінділерді электролиздеу және басқа химико-металлургиялық әдістермен ұнтақты металдарды және қорытпаларды алу аймағында студенттердің білім алуы және олардың технологиялық аппараттар мен қондырғылардың конструкциясымен танысу.

Қысқаша мазмұны: Металл ұнтақтарын өндіру әдістерінің жіктелуі. Металл ұнтақтарын механикалық әдістермен өндіру (кесу және бөлшектеу). Метал ұнтақтарын механикалық әдіспен өндіру (майдалау және ұнтақтау). Ұнтақтарды тозаңдату әдістерімен алу. Темір ұнтағын тотықсыздандыру әдісімен алу. Вольфрам және молибден ұнтақтарын тотықсыздандыру әдісімен алу. Металл ұнтақтарын алудың карбонильді әдісі. Су ерітінділерінің электролизі әдісімен металл ұнтақтарын өндіру. Су ерітінділерінің электролизімен ұнтақтарды алу мысалдары. Балқытылған орталардың электролизімен металл ұнтақтарын өндіру. Метал ұнтақтарын цементациалау және кристаллит аралық коррозиямен алу. Ұнтақтарды алудың металлтермиялық және термодиффузиялық қанықтыру әдістері. Металл ұнтақтарын химия-металлургиялық әдістерімен өндіру.

Күтілетін нәтижелер: технологиялық жүйелерде массаны және жылуды тасымалдыу мен байланысты технологиялық процестерді талдай білу; энергия көзін таңдап алу және есептеу; технологиялық агрегаттардың жылулық және материалдық баланстарын жасау және олардың негізгі өлшемдерін есептеу.

Постреквизиттері: дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау

.

31. СРМSN Ұнтақты және композициялық материалдардың өндірісі (3 кредит)



Пререквизиттері: «Химия», «Физика», «Математика», «Мамандық негіздері», «Металлургия процестерінің теориясы».

Оқыту мақсаты: студенттерге ұнтақты конструкциялық металдарды жасаудың технологиялық процестерін, яғни тығыздығы жоғары бұйымдарды алу, оларды гидромеханикалық престеу, штамптау, изостатикалық престеу, экструзиялау, кеуекті престелген материалдарды сұйық металдармен сіңіру және әрі қарай жентектеу процесі туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: кіріспе. арнайы мақсатпен тағайындалатын ұнтақты материалдары, темірге негізделген ұнтақты конструкциялық материалдарды жасау технологиясы. темірге негізделген ұнтақты конструкциялық материалдарды жасау технологиясы. темірге негізделген ауыр жүктелген ұнтақты конструкциялық материалдарды алудың. темірге негізделген ауыр жүктелген ұнтақты конструкциялық материалды алудың технологиялық сұлбасы. сіңіру процестері.технологиясы. арнайы мақсатпен тағайындалатын ұнтақ және конструкциялық материалдарды алудың технологиясы. қиын балқитын металдар негізіндегі конструкциялық арнайы мақсатпен тағайындалатын ұнтақ материалдарын жасау технологиясы. қиын балқитын металдар (mo, w, ta, nb) негізіндегі конструкциялық арнайы тағайындалатын ұнтақ материалдарын жентектеу және престеу. ұнтақты антифрикционды материалдарды жасау технологиясы. ұнтақты антикфрикционды материалдарды қосымша өңдеу. төс етегінде антифрикционды материалдарды жасау технологиясы. әртүрлі мақсатпен тағайындалған композициялық материалдардың жіктелуі, қасиеттері және қолдануы. композиттердің аэрокосмос саласында қолданылуы.

Күтілетін нәтижелер: Ұнтақ металлургия өндірісінің техника – экономикалық тиімділігін арттыру үшін негізгі дәстүрлі әдістерінің технологиялық процестерін жоғары сатыға жетілдіру. Бұл процестер: тотықсыздандыру, тозаңдату, электролиз.

Арнайы мақсатпен тағайындалған ұнтақты материалдардың жіктелуін меңгеру.



Постреквизиттері: дипломды жобалау.
32. PCMI Металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу (4 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Химия», «Физикалық және коллоидты химия», «Металлургиялық процестер теориясы».

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металлургиялық өнімдерді талдау облысынан білім беру және металлургиялық процестерді физика-химиялық талдау әдістерін меңгерту.

Қысқаша мазмұны: Курста металлургиялық өнімдерді физика-химиялық зерттеудің негізгі әдістері, жоғары температураны, балқымалардың тұтқырлығын, тығыздығын, беттік керілісін өлшеу тәсілдері оқытылады. Металдар мен олардың қосылыстарының электрлік өткізгіштігін, бу қысымдарын өлшеу әдістері; металлургиялық жүйелердегі химиялық реакциялардың тепе-теңдіктерін зерттеу әдістері қарастырылады. Талдау әдістерінің теориялық негіздерімен қатар зертханаларда және өндірістік жағдайларда зерттеуде қолданылатын қондырғылар мен аспаптардың қысқаша сипаттамалары берілген. Сондай-ақ фазаның құрамы мен күйімен өзара байланыста болатын сұйық металдар мен шлактардың физикалық сипаттамалары ерекше қызығушылық туғызады.

Күтілетін нәтижелер: дағдылар: металлургиялық зауыттар мен комбинаттардың практика жағдайларының арнайы жағдайларына металлургиялық процестерді талдау әдістерін қолдану; балқымалардың температурасын, тұтқырлығын, тығыздығын, электрлік өткізгіштігін және беттік керілісін; металдар мен олардың қосылыстарының бу қысымдарын; металлургиялық фазалардағы газдардың үлесін, металл емес қоспаларды өлшеу.

Постреквизиттері: «Металдарды бөлу және тазарту теориясы мен практикасы», «Металлургиялық өндірістің арнайы бөлімдері».
33. CDM Коррозия және металдарды қорғау (4 кредит)

Пререквизиттері: «Физика», «Химия», «Физикалық және коллоидты химия», «Металлургиялық процестер теориясы».

Оқыту мақсаты: білім алушыларға металдардың қоршаған ортамен әрекеттесуі, осы әрекеттесулердің механизмі туралы білім беру; металдардың коррозиялық тұрақтылығын болжауға арналған физика-химиялық заңдылықтарды, тиісті қорғау әдістерін қолдануды үйрету.

Қысқаша мазмұны: Коррозиялық процестердің сыныптамасы. Металдардың химиялық коррозиясы теориясының негіздері. Металдардағы қабықшалар. Металдарда кеуекті (қорғаушы емес) қабықшалардың өсу заңы. Металдарда тұтас (қорғаушы) қабықшалардың өсуі. Қорғаушы қабықшалардағы диффузия механизмі. Металдардың электрохимиялық коррозиясы. Металдардың элект­родты потенциалдары. Металдардың электрохимиялық коррозиясының термо­ди­намикасы. Поляризация. Металдардың электрохимиялық коррозиясының екіншілік процестері мен өнімдері. Оттегілі және сутегілі деполярланумен жүретін коррозиялық процестер. Электрохимиялық коррозия процесінің есептеулері. Металдардың пассивтілігі. Атмосфералық кор­розия. Қорғау әдістерінің сыныптамасы. Химиялық коррозиядан қорғау әдістері. Электрохимиялық коррозиядан қорғау әдістері.

Күтілетін нәтижелер: металлургиялық материалдардың коррозияға тұрақтылығын көрсеткіштермен және балдармен бағалау мүмкіндігі; газ, сұйық технологиялық ортада конструкциялық материалдардың коррозиялану мүмкіндігін, жылдамдығын анықтау және есептеу , оған ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуін анықтау; жобалау сатысында коррозиядан қорғау тәсілдерін негізді түрде таңдау және инженерлік есептеу.

жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау