Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы № _______
бұйрығымен бекітілген
Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар беріледі.
3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.
2. Біліктілік комиссияларын құру
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
5. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін айқындау болып табылады.
6. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының су көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.
7. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан құралады, аумақтық бөлімше басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) төрағалық етеді және су көлігінде қауіпсіздікке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлерінен, сондай-ақ су көлігі саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі мамандардан (капитандар, командирлер, кеме жүргізушілері, механик-тәлімгерлер, механиктер, электрмеханиктер және кеме иесінің өкілдері) (келісім бойынша) тұратын комиссия мүшелері қатысады.
8. Комиссияның құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9. Хаттаманы жасау үшін комиссияның отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.
10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауды дайындау бойынша мынадай ұйымдастырушылық іс-шараларды:
1) кандидаттарға қажетті құжаттарды дайындауды;
2) кандидаттардың тізімін дайындауды;
3) диплом беру және аттестаттауды жүргізу кестелерін әзірлеуді;
4) диплом беру және аттестаттауды жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды;
5) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргізу мерзімі мен орнын келісуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкері болып табылады.
3. Біліктілік комиссияларының функциялары
1. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдары лауазымдарына үміткер адамдарды ішкі су көлігі мәселелері бойынша тыңдайды.
12. Аумақтық бөлімшенің басшысы комиссия хатшысы ұсынылған құжаттар пакеттерінің негізінде үміткерлер тізімін бекітеді, диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі мен орнын белгілейді.
13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде пошта арқылы диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі туралы оның басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.
14. Комиссия шешімі, егер отырысқа комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшін олардың елу пайыздан артығы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы №
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 26-11) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электронды үкімет» және (немесе) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы аумақтық органдармен жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау және беру қызметі ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау аумақтық органдар немесе www.egov.kz «электронды үкімет» және (немесе) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау және беру қызметі қызмет беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Осы Қағида Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына пайдаланылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын адамдарына диплом берілуі тиіс, сондай-ақ олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электр-механиктеріне және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом беру рәсімінен өткен адамдарға диплом беріледі.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) жоғарғы немесе орта техникалық білімінің;
2) жүзу өтілін растайтын құжаттың;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысының болуын қамтиды.
5. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрып жатқан шетел мемлекеттерінің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға диплом беру және аттестаттау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, осы Қағидаға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау
6. Осы Қағидалардың 7-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.
7. Дипломдауды өткізу кезінде дипломды алу үшін, тұлға ХҚО арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе порталға Комиссия төрағасының атына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш береді, оған келесі құжаттар қосыла беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (түпнұсқа тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжаттың (дипломның) көшірмелері;
3) жүзу өтілін растайтын құжат;
4) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы;
5) 3,5х4,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет (құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, осы құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күнде ұсынылады).
Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау туралы анықтаманы алу үшін тұлға аумақтық бөлімшелерге немесе порталға Комиссия төрағасының атына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш береді, оған келесі құжаттар қосыла беріледі:
жеке куәлігі немесе паспорт;
жұмыс дипломының көшірмесі;
кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы.
Қазақстан Республикасының азаматтары порталға өтінім беру кезінде осы Ереженің тармағында көрсетілген құжаттарды (фотосуреттен басқа) электрондық түрде өткізеді.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді және аттестаттауды өткізу туралы өтінішті аумақтық бөлімшесі отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Осы Қағиданың талаптарына ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды ұсынған адамға оның өтінішін қараудан бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттардың қосымшалары бар өтінішті берген сәттен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
9. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін және аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.
10. Нысанын ішкі су көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін дипломдар беру аумақтық бөлімшелерде ХҚКО арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ беру журналында тіркеледі.
Нысанын орталық атқарушы орган бекітетін аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады және беру журналында тіркеледі.
11. Диплом беру кезінде қанағаттанғысыз білім көрсеткен кандидаттар емтихандарға бір айдан кейін ғана жіберіледі.
12. Кемелердің командалық құрамының мүшелері екінші сабақтас мамандық бойынша кәсіби қайта даярлау бағдарламасы бойынша оқығаннан кейін, сондай-ақ өздігінен жүретін кемелердің командалық құрамына жататын лауазымдарда ішкі су жолдарында тиісті жүзу өтілі бар болған кезде тиісті сабақтас мамандыққа диплом беруден өтеді.
13. Жүрдек кемелердің командалық құрамының дипломы бар адамдары басқа кемелерге жұмысқа ауысу үшін капитан, 1 – 2-топтағы кемелер механигі немесе капитанның аға көмекшісі және 3 – 5-топтағы кемелер механигінің бірінші көмекшісі лауазымындағы жұмысы үшін диплом беру өтеді.
14. Су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы жұмыс үшін кеме механиктері, электр-механиктер мен олардың көмекшілері дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін және/немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы командалық лауазымда осы Қағиданың 41–49-тармақтарында көрсетілген тиісті жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.
15. Кемелердің командалық құрамы адамдарының дипломы жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлінуі) иесі командалық құрам адамдарының дипломын берген комиссия төрағасының атына жоғалуы және бүлінуі жағдайы мен себептерін жаза отырып, өтініш береді. Сонымен қатар, дипломының иесі өз есебінен жергілікті баспа басылымдары арқылы құжаттың жоғалғаны туралы көрсете отырып, хабарландыру береді. Егер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құжат табылмаса, өтініш келіп түскен комиссия жоғалған құжатты жарамсыз деп таниды және өтініш берушіге жеті жұмыс күні ішінде телнұсқа береді. Өтініш беруші телнұсқа берілгенге дейін комиссиядан жоғалған құжатты уақытша алмастыратын анықтама алады.
16. Кемені басқару құқығынан айырылған адамдар көрсетілген құқықтан айырылған мерзім өткеннен кейін диплом беруден өтуге жіберіледі.
17. Диплом беру мақсаты үшін өздігінен жүретін кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқыштардың тиімді қуатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1 топқа дейін — 55-тен 110 кВт дейін (75-149 ат күші);
2) 1 топ - 110-нан 330 кВт дейін (150-450 ат күші);
3) 2 топ - 331-ден 550 кВт дейін (451-750 ат күші);
4) 3 топ - 551-ден 850 кВт дейін (751-1 150 ат күші);
5) 4 топ - 581-ден 1 620 кВт дейін (1 151-2 200 ат күші);
6) 5 топ - 1 621-ден және одан астам кВт (2 201 және одан көп ат күші).
18. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары олардың өнімділігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1 топ – сағатына 100 м3 – өнімділікке дейін;
2) 2 топ – сағатына 101-ден 250 м3 дейін;
3) 3 топ – сағатына 251-ден 500 м3 дейін;
4) 4 топ – сағатына 501-ден 700 м3 дейін;
5) 5 топ – сағатына 701 м3 және жоғары.
Сағатына 35 км және одан астам жылдамдықты өрлете алатын су асты қанаттардағы, глиссирленген және әуе жастығындағы кемелер жүрдектерге жатады. Білімі және жүзу өтілі бойынша талаптар арнайы бөлімде белгіленген.
19. Диплом беруден өткен адамдарға берілген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.
20. Біліміне сәйкес диплом беруге мыналар жіберіледі:
1) кемелерге және барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына тиісті мамандық бойынша жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;
2) кемелерге және 1 – 3-топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарына, 2-топтағы жолаушылар кемелерінің капитаны, кемелердің барлық түрлерінің капитандары мен 3-топтағы бірінші штурмандары лауазымдарын басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар;
3) кемелерге және 1-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының барлық кеме жүргізуші, механик, электр-механик (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа) лауазымындағы; 2 және 3-топтағы кемелерге үшінші штурман, механиктің үшінші көмекшісі, электр-механиктің екінші көмекшісі; орта кәсіптік оқу орындарын күндізгі немесе сырттай бөлімінің 3-курсын, ішкі жүзу кеме командалық құрамын даярлау бойынша курстарды аяқтау шарты кезінде 2 және 3-топтағы кемелердің капитан көмекшісі, жүк және сүйреу кемелері механигінің екінші көмекшісі, бірінші көмекшісі лауазымына;
4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.
21. Өздігінен жүретін кемелердегі капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер және олардың көмекшілері лауазымын, капитан, капитан көмекшілерінің лауазымын қоса атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.
22. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттауға жіберу үшін тұлға Комиссия төрағасының атына аумақтық бөлімшеге еркін нысанда өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
1) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
2) жұмыс дипломының көшірмесі;
3) кемедегі жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса беріледі.
23. Аттестаттау үш түрге бөлінеді:
1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;
2) олардың кінәсі бойынша авариялық көлік оқиғаларына жол берген кемелердің командалық құрамының адамдары үшін ғана қолданылатын кезектен тыс;
3) кемелерге басқа, теңіз бассейндерін қоса алғанда, жұмысқа келген адамдар үшін, сондай-ақ ұзақ үзілістен (бес жылдан астам) кейін кемелердің командалық құрамына қайтып келген адамдар үшін қолданылатын арнайы
24. Кезекті аттестаттау жылы тиісті мамандық бойынша оқу орындарын аяқтаған адамдар, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткендер аттестаттаудан босатылады.
25. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарында кеме қатынасының қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуді тексеру мақсатында комиссия өткізетін аттестаттауға жататын тұлғалармен сұхбаттасу;
3) комиссия шешімін шығару.
26. Аттестаттауды комиссия аттестаттауға жататын адамның қатысуымен өткізеді.
27. Аттестаттауға жататын адам дәлелді себептермен комиссияның отырысына келмеген жағдайда жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.
Егер ол дәлелді себептерсіз комиссияның отырысына келмеген жағдайда комиссия қайта аттестаттау туралы шешім қабылдайды.
28. Комиссия кемелердің командалық құрамының адамдарына аттестаттау жүргізу кезінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына тиістілігі;
2) қайта аттестаттауға жататыны;
3) атқаратын лауазымына тиісті еместігі.
29. Аттестаттаудан өтпеген адам осы Қағидада айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттаудан өткен күннен бастап кемінде екі ай өткен соң қайта аттестаттаудан өтуге жіберіледі.
30. Қайта аттестаттау кезінде аттестаттаудан өтпеген адамға комиссия атқаратын лауазымына тиісті еместігі туралы шешім қабылдайды.
31. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссияның құрамына кіретін кемелердің командалық құрамының аттестаттаудан өтетін адамы өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
32. Комиссияның шешімі бір данада жасалып аумақтық органда сақталатын хаттамамен ресімделеді.
Аттестаттаудан өткен адам комиссия шешімімен танысады.
Командалық құрамның аттестаттаудан өткен адамдарына кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама беріледі.
33. Аттестатталушы адамның оның білімін бағалау бойынша емтихан комиссиясының мүшелерімен келіспеушіліктері болған жағдайда аттестатталушы адам Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібінің бұзылғаны және (немесе) аттестаттаудың нәтижелерімен келіспеуі туралы жазбаша апелляциялық өтініш (бұдан әрі – аппеляция) бере алады.
34. Апелляция оны уәкілетті органға берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
35. Аттестатталушы адам апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғанынан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адам нәтижелерді жариялаған күні өзінің емтихан жұмысымен таныса алады.
36. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалауына талдау жүргізеді.
37. Апелляцияны қарау барысында аттестатталушы адамның білімін тексеру бойынша бағаның дұрыстығы тексеріледі.
38. Уәкілетті орган аппеляцияны қарау кезінде аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тартады және аттестаттауда алған бағасын растайды не аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырады және оң баға қояды.
39. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.
40. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның жеке карточкасына жазады.
Аттестатталушы адам апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген кезде комиссия шешіміне сот тәртібімен шағымдануына болады.
41. Кеме жүргізу, кеме механигі және электр-механик мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
1) кемелер мен 4-тобын қоса алғанда (кемінде үш ай кемелерді басқару бойынша практикалық дағдысының болуын ескере отырып) су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), электр-механиктің екінші көмекшісі және барлық топтардың кемелер мен су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі;
2) командалық лауазымдарда 6 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі мен барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының, капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механиктің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–4-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі (жолаушылар кемелерінен басқа);
6) командалық лауазымда 30 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі дипломын алады.
42. Ішкі су көлігі қызметкерлеріне диплом беру кезінде табиғи жағдайлар бойынша навигациялық кезеңнің ұзақтығы кемінде алты айды құрайтын өзен бассейндерінде жүзу өтілі алты айға теңестіріледі. Толық навигацияны атқармаған адамдарға өтілге нақты жүзу уақыты есептеледі.
43. Орта кәсіптік оқу орындарының кеме жүргізу, кеме механикалық пен электр-механикалық бөлімшелерін және су жолдары мен қатынастары бөлімшелерін аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
1) 1–2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі (кемені басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысының болуы);
2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1– 4-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің көмекшісі, барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің көмекшісі, 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі;
4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі, барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
6) командалық лауазымда 30 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитанынан басқа);
7) командалық лауазымда 36 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – 1–4-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитанынан басқа);
8) командалық лауазымда 42 ай бойы жүзу өтілі болған кезде – барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі дипломын алады.
44. Кеме жүргізуші, кеме механикалық (электр-механикалық) мамандықтары бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай мамандықтар бойынша:
1) 1–3-топтарды қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (үшінші штурман), механиктің, электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі (кемелерді басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысының ескере отырып);
2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 1–2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және 1-топтағы кемелер мен су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 1–3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің, электр-механигінің екінші көмекшісі, ал капитанның, механиктің және электр-механигінің лауазымы бойынша бір ай ішінде тағылымдамадан өткен – 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі;
4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің, электр-механигінің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымда 24 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі қызметіне диплом алады.
45. Ішкі суда жүзу командалық құрамын даярлау бойынша (қайта даярлау) курстарды аяқтаған адамдар (кемелерді басқару бойынша кемінде 6 ай практикалық дағдысын ескере отырып) мына лауазымдарға:
1) 3-топты қоса алғанда (сүйреу және жүк флоты) кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (үшінші штурман), механиктің, электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің, электр-механиктің екінші көмекшісі;
2) командалық лауазымда 6 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерінен басқа) капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымда 12 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
4) командалық лауазымда 18 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі мен электр-механигі;
5) командалық лауазымда 36 ай бойы жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерінен басқа) капитаны, механигі мен электр-механигі қызметіне диплом алады.
46. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар 1-топтағы кемелерді (жолаушылар кемелері мен транзиттен басқа) капитаны, механигі және электр-механигі лауазымына осы лауазымдарда кемінде үш ай капитанның немесе механиктің қолдаухат-мінездемесімен расталған ойдағыдай тағылымдамадан өткеннен кейін диплом алуға жіберіледі. Командалық құрамды даярлау бойынша курсты аяқтаған адамдар 225 Квт (300 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге сол шарттарда және сол лауазымдарға диплом алады.
47. Рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және жоғарғы оқу орындарында 4-курстан және орта кәсіптік оқу орындарында 3-курстан төмен емес курстарда ойдағыдай оқып жатқан қатардағы құрам адамдары тиісті мамандықтар бойынша 3-топты қоса алғанда кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигінің, электр-механигінің үшінші көмекшісі дипломын алады, ал орта кәсіптік оқу орындарын сондай шарттарда бұрын аяқтаған адамдар кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитан көмекшісі (үшінші штурман) лауазымын атқаруға диплом алады.
48. Кеме жүргізушісі, кеме механикалық және электр-механикалық мамандығы мен «су жолдары және қатынастары» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында 4-курстан кейін кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде 4-топты қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының механигі мен электр-механиктің көмекшісі лауазымына диплом алады.
49. Орта кәсіптік оқу орындарында кеме жүргізу, кеме механикалық пен электр-механикалық және «су жолдары және қатынастары» мамандықтары бойынша курсанттар мен білім алушылар 3 курсты аяқтағаннан кейін рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымдарына 6 ай жүзу өтілі болған кезде 2-топты қоса алғанда кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигі мен электр-механигі үшінші көмекшісі лауазымына диплом алады.
50. Жүрдек кемелерде командалық лауазымдарды атқаруға диплом беруге ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ мынадай лауазымдарда:
1) капитан көмекшісі (үшінші штурман) – механиктің үшінші көмекшісі - қызметінде 6 ай бойы – вахтада дербес тұруға құқығы жоқ капитан көмекшісі (екінші штурман) механиктің екінші көмекшісі қызметіне;
2) капитан көмекшісі (екінші штурман) – механиктің екінші көмекшісі қызметінде 18 айдың 6 айы ішінде – үш ай мерзімге дейінгі тікелей рейстерде тағылымдамадан өткен сынақ тапсырғаннан кейін тиісті топтағы механиктің бірінші көмекшісі қызметіне;
3) капитан көмекшісі (бірінші штурман) – тиісті топта механигінің бірінші көмекшісі лауазымына 30 айдың 12 айы ішінде капитан-механик қызметіне жүрдек кемелерде жүзу өтілі бар жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
51. Жүрдек кемелерде командалық лауазымды атқаруға диплом беруге жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі, ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі бар, тиісті кемеде бір айдан кем емес мерзімде тікелей рейсте тағылымдамадан өткен және осы кемені басқару бойынша капитан-тәлімгерге практикалық сынақ тапсырған адамдар мынадай дипломы болған кезде:
1) 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанның көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар – 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
2) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанның көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
3) 1-топтағы ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 18 ай жүзу өтілі бар – капитан көмекшісі (бірінші штурман), ал 24 ай жүзу өтілі бар болса – 3-топтағы жүрдек кемелердің капитаны;
4) осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны – 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
5) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны бола алады.
52. Жүрдек кемелердің командалық құрамына лауазымын жоғарылатпай жоғары топтағы жүрдек кемелерге ауысу үшін диплом беруге алдындағы топтағы кемелерде осы лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі бар адамдар жіберіледі.
53. Осы Қағиданың 50-тармағына сәйкес жүрдек кемелердің командалық құрамының дипломын алған адамдарға өз тобындағы ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің екінші көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
Жүрдек кемелердің капитаны көмекшісінің (бірінші штурманының), механигінің бірінші көмекшісінің, капитанының, механиктің дипломдары бар адамдарға кейіннен диплом беру әрбір лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде жүргізіледі.
54. Жүрдек кемелердің командалық құрамының механикалық мамандығы бар адамдары (немесе кеме жүргізушісі және кеме механигі лауазымдарын қоса атқаратын) механикалық мамандық бойынша дипломдары болған және ішкі суда жүзу кемелерінде жұмыс істейтін адамдар ретінде кезекті диплом беруден өткен кезде ғана жұмысқа жіберіледі.
Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларына»
1 - қосымша
нысан
Диплом беру және аттестаттау жөнінде
комиссия төрағасына
________________ облысы (қаласы)
______________________________________________________________
(ТАӘ, ЖСН)
Өтініш
____________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
лауазымға сәйкес екендігіне дипломдау өткізуіңізді сұраймын.
Қоса берілген құжаттардың атауы:
1. _________________________________
2. _________________________________
3. _________________________________
4. _________________________________
5. …
Мекен-жай, байланыс телефондары (факс)_______________________________
___________________________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін.
20___ж. «____» __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
Кемелердің командалық құрамының
адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларына»
2 - қосымша
нысан
Диплом беру және аттестаттау жөнінде
комиссия төрағасына
________________ облысы (қаласы)
______________________________________________________________
(ТАӘ, ЖСН)
Өтініш
____________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
лауазымға сәйкес екендігіне аттестаттау өткізуіңізді сұраймын.
Қоса берілген құжаттардың атауы:
1. _________________________________
2. _________________________________
3. ....
Мекен-жай, байланыс телефондары (факс)_______________________________
___________________________________________________________________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін.
20___ж. «____» __________ ________________________
(өтініш берушінің қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |