билет доктрина


Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттаңыз



жүктеу 93,23 Kb.
бет10/38
Дата05.10.2022
өлшемі93,23 Kb.
#39508
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Тарих билет жауаптары жбм

Дамыған орта ғасырдағы (Х-ХIV ғғ.) түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттаңыз. Төрт ғасырдың ішінде талай мемлекеттер құрылып, талайы жойылып отырды. Қарахан мемлекеті( 940-1212 жылдар)

XI- XII ғасырлардағы аумағы- Маураннахр мен Жетісу. Қарахан әулетінің негізін салушы- Сатұқ Боғра хан. Қарақытайлар мемлекеті (1128-1212 жылдар) Аумағы – Жетісу, Шығыс Түркістанның бір бөлігі. Қарақытайлар мемлекетінің негізін қалаушыЕлюй Дашы. Оғыз мемлекеті (IX – XI ғасырдың ортасы) Аумағы- Сырдариядан Еділге дейін. Ордасы – Янгикент қаласы. Оғыздар қыпшақ тайпаларының қысымымен ыдырады, олардың бір бөлігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға кетті. Оғыз тайпасының негізі Жетісуда қалыптасты. Қиамақ қағанаты ( 9-11 ғасырлар) Аумағы – Солтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан. Қыпшақ хандығы (11-13 ғасырлар) Аумағы- Алтайдан Дунайға дейін. Ордасы- Сығанақ қаласы. ЖОШЫ ҰЛЫСЫ:Ертiстен Шыгыс Еуропага дейiн. Ол Алтын ордаға ыдырады. ШАГАТАЙ ҰЛЫСЫ: Оңтүстік , оңтүстік шығыс Қазақстан және Орта Азия. Ол Шағатай мемлекетіне ыдырады. Шағатай мемлекеті ( 1269 жылы XIV ғасырдың ортасы ) Әкімшілік орталығы – Алмалық қаласы . Аумағы: Шығыс Түркістан, Мауреннахр . Моғолстан( XIV – XVI ғасырдың басы ) Оңтүстік – шығыс Қазақстан жане қазіргі Қырғызстан . Мемлекеттің негізін қалаушы- дулат тайпасының феодалдық ақсүйек қауымының басшысы- әмiр Поладшы . ҮГЕДЕЙ ҰЛЫСЫ: Жетiсудын солтустiк-шыгыс бөлiгi , жоғарғы Ертiс аймактары . Үгедей ұлысы 1251 жылы жойылды. АЛТЫН ОРДА: Бату ханның 1236-1242 жылдарда Еуропага жорықтары барысында Жошы ұлысының аумағы Ертiстен Дунайга дейiнгi жерлердi алып жатты . XIV гасырдын бiрiншi жартысында Өзбек пен Жәнібек билік еткен кезенде өзінің шарықтау шегіне жетті . ХV ғасырдың ортасында құлады. Ол Ақ орда мен Ноғай ордасына ыдырады АҚ ОРДА ( ХIII - ХV ғасырдың басы ) Аумағы: Шығыс Дешті Қыпшақ. Орталығы- Сығанақ каласы . Мемлекеттiн айтарлықтай нығаюы XIV ғасырдың 60- 70 - жылдары Ұрұс хан билеген кезеңде өтті . Әмір Темір мен Тоқтамыс ханның шабуылдары барысында мемлекет әлсіреп, құлдырауға ұшырады .



  1. «Кеңестік қазақ автономиясының жариялануы және оның одақтық республикаға өтуі Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдеріне айналды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.

1920 жылы 26 тамызда Кенес Кенестiк негiзiнде курылган Өкiметi БОАК пен РКФСР ХКК-і Кеңестік негізінде құрылған федерациялық социалистік мемлекет РКФСР – дiн курамында ,астанасы Орынбор қаласында болатын « Қырғыз ( Қазақ ) Автономиялы Кенестік Социалистік Республикасын куру туралы » Декрет жарияланды . Қазақ АКСР – ін куру туралы Декрет Қазақстан аумағын анықтады .Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев,ал Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус Зенькович сайланды. Қазақ АКСР-індегі басқару органдары - депутаттардың жергiлiктi Кеңестері, ОАК пен Халык Комиссариаты Кеңесі болатынын белгiледi . Әскери істерді басқару үшін Қазақ Әскери Комиссариаты уйымдастырылды . Сеъезде казак кенестiк мемлекеттiлiгiн курудын негiзгi кагидалары Конституциялык негiзде аныкталган « Қазақ АКСР-і еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды . Декларация республиканын бүкiл өмiрiн социалистiк кайта құруға бағытталған кешенді шараларды анықтады . Ол Қазақстан еңбекшілері үшін саяси құқықтарды бекітті . Қазақ АКСР-інің жер аумағы 1920 жылы картаға сызылды. Деректер бойынша 1 871 239 шаршы версті құрады. 1921 жылы А. Байтұрсынұлы мен М. Сералин жан-жақты дәлелдеулердеулерінің арқасында Ақмола және Семей облыстары Қазақстанның құрамына қосылды. Торғай, Орал, Закаспий облыстары қайтадан қосылды.Менің ойымша ия . Себебі Қазақ АКСР-інің құрылуы мемлекетіміздің шегарасының сызылуына себеп болды.1921 жылдын ақпан – сәуір айларында Қазақ АКСР ОАК казак енбекшiлерiне коныс аудару басқармалары патша үкіметі казак әскерлерінің пайдасына 1916-1917 жылдары тартып алган ,помещиктер мен капиталистерге кеткен , коныс аударушылар заңсыз басып алган жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады . Бұл декреттермен жер пайдаланудың әділетті тәртібі орнатылды. Қазақстанның халық саны ұлғайып , аумағы кенейді , экономикалык күш –қуаты артты. Қазақ АКСР енбекшiлерi құқықтарының Декларациясында « Қазақ АКСР – iнiң конституциялык жолмен жарияланғаны аталды , мемлекеттiк өкiмет және мемлекеттік басқару органдары , жер саясаты , азаматтардың негiзгi құқықтары мен міндеттерi , сайлау жүйесі мен онын устанымдары , соттын уйымдастырылуы және қызмет жүйесi белгiлендi . Қазақ халқының аумақтық жағынан бiрiгуi қазақтардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында , Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда , республиканын ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды . Барлық казак жерлерінің бір республиканын құрамына бiрiгуi қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең , сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте манызды кадам болды . Нәтижесінде Қазақ АКСР – інің аумағы едәуiр дерлiк ұлғайды . 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының жартысынан астамын 5 млн 230 мың адам болды, яғни 61,3 % -ын құрады .
Астаналары: Орынбор – 1920-1924
Қызылорда – 1924 - 1929
Алматы – 1929 – әрі қарай


жүктеу 93,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау