Индустрияландыру - ірі, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту. Партияның 1925ж.өткен XIV съезінде Кеңес Одағы индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады. ЖЭС экономикасының өнеркәсіп секторын біршама жақсартты, жаңа бағдарлама үшін база құрды. Жаңғырту- заманауи талаптарға жауап беретін қайта құрулар үдерісі, қоғам өмірінің әртүрлі жақтарының жаңғыруы.Мәселен тәуелсіз даму жылдарында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті:қазақ мемлекеттілігі қайта өрледі, президенттік-парламенттік унитарлық мемлекет моделі бойынша мемлекеттік басқарудың заманауи институттары жасалды, елдің жаңа Конституциясы мен оған негізделген заңнама қабылданды т.б.
Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз. Қазақ хандығы тұсында қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық(кейін жүздік) жүйемен біріккен аумақ, билік және халықтың бірлігіне негізделген. Бұл кезеңде мемлекет екі жүйенің селбесуі түрінде көрініс тапты. Біріншісі, жоғарғы билік институты(хан, сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Екіншісі, биліктің ру-тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпа би, құрылтай, ұлыстардың көмегімен басқарылды. Хан етіп сұлтанды-Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын.Ханның айналасында кеңесшілер, әскербасылар, нөкерлер, сондай ақ жасақ пен төлеңгіттер болды. Құрылтай ақсүйектердің жиналып, маңызды қоғамдық істерді шешетін жалпы жиналысы болды.Құрылтай Шыңғыс ханның Ұлы жасағымен және қазақтың құқықтық жинақтарымен бекітілген. Рулар мен тайпалардың басшылары-билер халық мүдделерін қорғайтын өзіндік бір "ұлттық үкімет" болды. Биліктің үштігі қалыптасты:"хан-билер-халық". Батырлар бейбіт уақытта ұлыс сұлтандары, билер мен ақсақалдар билігіне бағынса, ойрат басқыншылығы мен хандықтың батыс шекараларындағы күрделі жағдайға байланысты қоғамдағы рөлі арта түсті.
«Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Иә, мен бұл тұжырыммен келісемін. Жалпы, қазақ тарихының сахнасында Ыбырай Алтынсарин – кәсіптік білімнің негізін қалаушы ретінде есептеледі. Алтынсарин мектептегі кәсіптік білім беру жұмысының әдістемелік негізіне зор көңіл бөлді. Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады. Алайда өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы Ыбырай атамыз заман тынысын дөп басып сезіп, ілім – білімге туған халқын меңіреу тыныштықтан серпілтер, жарық дүниеге қол созуға бағыт сілтер шамшырақ, пәрменді таусылмайтын байлық ретінде қарады."Кел, балалар, оқылық", - деп, оқыған адамның әрқашанда тілегені алдынан іздемей-ақ табылатындығына сеніп, барша халықты білімге шақырды. Бүгінгі таңда да еліміз білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шараларды қолға алған болатын. Мәселен, елбасымыз-Н.Назарбаев 1993 жылы алғаш рет дарынды жастардың толықтай мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алуына мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясын бекіткен болатын. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев та өз жолдауында еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұрғандығын атап өткен болатын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |