Бџгінгі Visual Basic – C++, Deiphi сияќты дамытылѓан, визуальды программалау жџйесі



жүктеу 1,77 Mb.
бет5/10
Дата29.05.2018
өлшемі1,77 Mb.
#18251
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
    Навигация по данной странице:
  • Form1 Clock
For r=1 To 360 Step 10

Circle(k, k/2), 15, RGB(255, 255, 255)

Circle(k, 200 – k/2), 5, RGB(255,0, 0)

For j = 1 To 250000 : Next j

Cls

Next k

End Sub

Мұндағы j параметрлі ішкі бос цикл формаға салынған ағымдық шеңберлерді аз уақыт ұстап тұру, Clsорындау кезінде формаға салынатын графикті не мәтінде тазалау командалары.



FOR – NEXT циклінен ерте шығу үшін EXIT DO орнына EXIT FOR операторын пайдаланса болғаны.
Сандық массивтермен жұмыс
Бір атау арқылы байланыстырылған бір типті айнымалылар (не олардың мәндерінің) жиынтығы массив деп аталады. Массивтермен жұмыс істеу негіздері QBasic' тегі сияқты.
Мысал. Сандық массив құрып, оның минимумы мен максимумын табу керек.

Пайдаланушы интерфейсін құрып, мәндерді формада көрсету әдісі:



  1. VB орталығын ашып, формаға Label1, Label2, Command1, Command2, объектілерін орнату. Label1 өрісіне минимумды, Label2-ге максимумды енгізуді жоспарлау.

  2. Command1, Command2 басқару элементтерінің Caption қасиеттеріне Қосу, END мәндерін меншіктеу.

  3. Қосу, END объектілерін екі реттен шертіп, процедуралар құру:

Private Sub Command1 _Click ()

Static a(15) : Dim k, min, max

n = InputBox (n, “Элементтер саны=”)

For k = 1 To n

a(k) = InputBox (a(k), “Кезекті элемент =”)

Next

Min = a(1) : max = a(1)

For k = 1 To n

If a(k) <= min Then min = a(k)

If a(k) >= max Then max = a(k)

Next

Label1.Caption = min : Label2.Caption = max

End Sub

………………………………………………………



Private Sub Command2_Click ()

End

End Sub

  1. Процедураны сақтап, іске қосу.


2.3. EXE – Файл құру
VB’те құрылып, сақталынған файлды Windows жетекшісінде автомматты түрде іске қосуға болатындай етіп EXE-файлға айналдыруға болады. Ол үшін құрылған программаны сақтаған соң FileMake<атау>.exe командасын беру керек. (Мұндағы <атау> - сақталған проектіге берілген атау). Make Project (Проект дайындаушы) терезесі көрінеді. (2.4-сурет).

2.4-сурет. Make Project терезесі


Сұхбаттық терезені жауып, Make Project терезесінің ОК түймесін шертсе болғаны. (Терезенің Options (таңдау мүмкіндігі) түймесін шертіп, ашылған сұхбаттық терезеде версия нөмерін, қосымша тақырыбын және т.б орнатуға болады).

EXE – файл Windows жетекшісі терезесіне жазылып қойылады. Visual Basic’ті іске қоспай ақ, оны осы терезеде іске қоса беру мүмкін.
Процедура. Функция

VB-те процедура деп – Sub және End Sub операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны, функция деп – Function және End Function операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны атайды. Олардың жазылу құрылымы Qbasic-тегі сияқты. Sub процедурасының шақыру командасында нақты параметрлер жақшаларға алынбай жазылады (оларды жақшаларға алған кезде шақыру командасының алдына CALL (шақыру) кілттік сөзін жазу керек).



Мысал. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері белгілі: a=3.5, b=4.2. Процедура және функция енгізілген программалар арқылы оның параметрін табу керек.

Pifagsub процедурасы енгізілген есепті шешу программасы:

Private Sub Form _Load ()

Dim a, b, c, p

a = 3.5 : b = 4.2

Pifagsub a, b, c : p = a+ b +c

MsgBox(p), , “Периметр=”

End Sub

Sub Pifagsub (a1, b1, c1)

c1 = sqr (a1^2 + b1^2)

End Sub
Ескерту. a1, b1, c1 формальды параметрлерін a, b, c (нақты параметрлер) түрінде жазу да мүмкін.

Pifagfunc функциясы енгізілген есепті шешу программасы:
Private Sub Form _Load ()

Dim a, b, p

a = 3.5 : b = 4.2

p = a+ b +c + Pifagfunc (a, b)

MsgBox(p), , “Периметр=”

End Sub

Function Pifagfunc (a1, b1)

Pifagfunc = sqr (a1^2 + b1^2)

End Function
VB бірінші программадағы Pifagsub a, b, c шақыру командасын оқып шығып, a, b, c және формальды a1, b1, c1 параметрлерінің типтері мен сандарының сәйкестігін тексереді де, a1 := а, b1 := b меншіктеу командаларын орындайды. Одан әрі процедура денесін орындап, есептелген с1 мәнін с айнымалысына меншіктейді.

Екінші программаға қосалқы программа – функция енгізілген. Мұнда өрнек құрамындағы шақыру командасы бойынша функция денесі орындалады да, есептелген мән шақыру командасының орнына қосылады.

Әр программаға осы сияқты процедуралар мен функцияларды қайта – қайта енгізіп жатпау үшін VB-ке оларды арнайы атау берілген модуль түрінде дайындап, модуль бөлігінде сақтап қою мүмкіндігі енгізілген. Программаларға оларды модульдік процедура не модульдік функция атауы бойынша шақыру командасын енгізу жеткілікті (IV тарауды қараңыз).
Программаны дұрыстау
Код терезесінде құрылған программада синтаксистік не семантикалық қателер жіберілуі мүмкін. Программа іске қосылған кезде VB синтаксистік қате типін көрсететін сұхбаттық терезе шығарып, көбінесе қате жазылған жолды басқа түске бояп қояды. Егер оператор қате жазылса, мұндай терезе программаның келесі жолына өту кезінде шығады да, курсор қате жазылған оператор үстіне орнатылады, т.с.с. Қателерді жөндеп, іске қосу командасын қайта беру керек.

100 орнына 1000 жазылған сияқты семантикалық қателерді жүйе таба алмайтындықтан, мұндай типті қатені іздеп табу әдетте программаны тестілеу арқылы жүргізіледі.



Immediate терезесіне (1.16-сурет) синтаксистік қатені көрсету мәліметін шығаруға болады. Мысалы, Form _Load процедурасы мынадай түрде жазылсын:
Private Sub Form _Load ()

Dim x As Integer

On Error GoTo 5

х=50000 : y=2*x+5 : Print y

5: Debug.Print “Қaтe. x=” & x

End Sub
Мұндағы On Error программада қате барлығын анықтау кілттік сөзі. Қате бар болса, ол Immediate (Debug, дұрыстау) терезесінде көрсетіледі. Программаны орындалу нәтіжесінде бұл терезеде «Қате.х=0» жазлуы көрінеді (2.5-сурет). Процедурадағы қате – х типін Integer деп сипаттау (сипатталатын тип: Long. ІІ тарауды қараңыз).

VB’те қате кеткен жолға үзіліс нүктесін орнататын, іске қосу, тоқтату және т.б. әрекеттерді орындайтын 12 түймелі Debug (Дұрыстау, Түзету) панелі де бар. Оны ашу командасы: DebugToolbarsDebug. Панель арқылы дұрыстау жүргізілсе, Debug мәзірінің Clear All Breakpoints командасы арқылы барлық үзіліс нүктелерін алып тастау қажет. (Debug терезесіне енгізілген түймелердің іс-әрекеттерінің көпшілігі Debug мәзірінің командалары ретінде енгізілген).


2.5-сурет. Immediate терезесінде қатенің көрсетілуі.


ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
Форманы Windows қосымшаларының терезесі сияқты пайдалану Visual Basicтің тағы бір ерекшелігі. Формада түрлі мәзірлер орнатып, әр мәзірге енгізілген командалық пункттер объектілерімен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. Мәзір құру үшін VB құрамына Menu Editor (Мәзір редакторы) программасы енгізілген. Оны пайдалану әдісі:

Форманы таңдап, ToolsMenu Editor (Құрал – Мәзір редакторы) командасын беру (аспаптар панелінің «Мәзір редакторы» түймесін шертуге де болады). Редактор іске қосылып, оның екі бөлімді терезесі көрінеді (3.1-сүрет). Оның жоғарғы бөлімі мәзір және мәзір командаларының атауларын енгізуге арналған. Енгізілген атаулар терезесінің төменгі бөліміне жазылып қойылады.



3.1-сурет. Мәзір редакторы терезесі.


Терезеде көрінген Caption, Name, Checked, Enabled, Visible, WindowList-мәзір компоненттері (қасиеттер):

Caption мәзір не оның командасы атауын анықтау.

Nameпрограммада ажырату үшін Caption өрісіне енгізілген атауды арнайы түрде жазу (VB атауды Name өрісіне енгізілген түрде қабылдайды).

Visible (көрсету) – мәзір командасын жасыру не көрсету.

Enabled (қосылулы) – командаға True не False мәнін меншіктеу. Алғашқы кезде Enabled, Visible қасиеттері үшін логикалық True мәні орнатулы тұрады. Оны ерекше жағдайлардан басқа кезде өзгертпеу керек.

Indexмәзірді элементтер массивіне айналдыру. Ол Windows-та пайдаланылатын тәсіл сияқты мәзір пункттерінің төменгі жағында ашылған файлдар тізімін көрсетіп қою үшін пайдаланылады.

Мысал. Формада Clock (Time, Date) мәзірін құру керек. Time (уақыт), Date (дата) – Clock (сағат) мәзірінің пункттері (жүйелік сағаттың ағымдық уақыты мен датаны көрсететін стандартты функциялар).

Мәзір құру тәсілі:



  1. Орталықты іске қосып, көрінген форманы ерекшелеу. Menu Editor терезесін экранға шығарып, Caption өрісіне мәзір атауын (Clock) енгізу, одан соң TAB клавишін басу (ол курсорды бір мәтіндік өрістен келесісіне орналастырып қояды). Атау төменгі бөлімге жазылады.

  2. Name өрісінің алдына mnu қосымшасы (префиксі) жазылған мәзір атауын енгізу: mnuClock. Ол программалық код терезесінің объектілер тізіміне кірістіріліп қойылады (mnuтізімге жазылған атаудың мәзір екенін ажырату үшін пайдаланылатын префикс. Mnu орнына басқа префиксті жазу да мүмкін).

  3. Next (келесі) түймесін шерту. Caption, Name өрістері тазаланады да, редактор келесі мәзір атауын не мәзір пунктін енгізуді күтеді. Курсор Caption өрісіне орналастырылып қойылады.

  4. Caption өрісіне Time, Name өрісіне TimeItem пункт атауын енгізу (item (пункт) – программада атаудың мәзір пункті екенін ажырату үшін пайдаланылған жалғау). Time терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.

  5. Терезенің «Солдан оңға» () түймесін шерту. Ол төменде жазылған Time атауының алдына көп нүкте (....) қойып кетеді. Көп нүкте – редакторың Time-ді мәзір пункті етіп белгілеуі.

  6. Next түймесін шертіп, Caption өрісіне Date, Name өрісіне DateItem пункт атауларын енгізу. Бұл жолы «Солдан оңға» түймесін шертудің қажеті жоқ, оны тек алғашқы пунктті енгізу кезінде шерту керек. Редактор Date сөзін мәзір пункті деп автоматты түрде қабылдайды да, алдына көп нүкте қойып кетеді (3.2-сурет).


3.2-сурет. Clock мәзірі құрылған Мәзір редакторы терезесі


Ескерту. Қажет болса, келесі мәзірлер мен олардың пункттерін де осылайша енгізуге болады. Редактор терезесінде Солға, Жоғары, Төмен, Кірістіру (Insert), Жою (Delete) түймелері де бар. Оларды пайдаланып, құрылған мәзірді редакциялау қиын емес.

  1. ОК түймесін шерту. Редактор терезесі жабылап, Clock мәзірі енгізілген форма

көрінеді. Мәзірді ашу үшін атауын әдеттегідей бір шертсе болғаны.
Form1
Clock

Time

Date

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау