Код терезесінде процедуралар құру:
Private Sub Picture1_Click()
Picture1.Visible = True
Timer1.Enabled = True
End Sub
Private Sub Timer1_Timer()
If Picture1.Top > 0 Then
Picture1.Move Picture1.Left - 50, Picture1.Top - 50
Else
Timer1.Enabled = False
Picture1.Visible = False
End If
End Sub
Проектіні сақтап, іске қосу.
Объектілер топтамасы. For Each циклі
VB-те формада орнатылған объектілер байланысты бір топ ретінде қарастырылады да, олар объектілер топтамасы (жиъштығы) не Controls топтамасы (басқару құралдары) делінеді.
Формада топ объектілерімен өлшемін өзгерту, жылжыту, басқа атау меншіктеу сияқты жұмыс істеуге болатыны белгілі. Мұндай өңдеу жұмыстарын топтама үшін тұтас орындауға болады. VB-те ол үшін For Each..Next циклі пайдаланылған. Жазылу түрі :
For Each Control in <Форма атауы>.Controls
<0бъектімен іс - әрекеттер >
Next Control
Мұндағы Control - топтың ағымдық объектісін көрсететін айнымалы; цикл денесі (<0бъектімен іс әрекеттер>)- объектінін қасиеттерін өзгерту командалары, мысалы; Enabled (Қосылулы), Left (Сол жақтан), Top (Жоғарыдан), Caption (Үстіне жазу), Visible (Көрсету).
Мысал. Форманың сол жағына сурет енгізетін екі Picture1, Picture2 объектілері мен Command1 басқару элементін орнатып, сурет орнатылған соң оларды тобымен оңға бірте-бірте 250 бірлікке жылжыту керек.
Орталықты іске қосу. Жаңа форма көрінеді (Form1).
Форманың сол жағына Picture1, Picture2, Command1 объектілерін орнату.
Picture1, Picture2 объектілерінің Picture қасиетінің мәндері үшін бір графикалық файлды, мысалы, "Облака.bmр" файлын таңдап, сәйкес объектілерге кірістіру (3.8 — сурет).
Command1 түймесін екі рет шертіп, код терезесінде ашылған процедура моделін толтыру:
3.8-сурет. Топтаманың дайындалған кезде көрінісі
3.9-сурет. Топтаманың біртұтас жылжытылған көрінісі
Private Sub Command1_Click()
For Each Ctrl In Controls
Ctrl.Left = Ctrl.Left + 250
Next Ctrl
End Sub
Мұндағы ctrl — жиынтықтьң ағымдық объектісін анықтайтын айнымалы.
4. Проектіні сақтап, іске қосу командасын беру.
Көрінген форманың Command1 түймесін бірнеше рет шерту. Түйме басылған сайын объектілер біртұтас түрде оңға жылжиды (соңғы түрі 3.9 — суретте көрсетілген).
Файлдық жүйе объектілері. Оларды пайдаланып формада сурет орнату
Элементтер панелінің DriveListBox, DirListBox, FileListBox (дискіжетек, каталогтар мен файлдар тізімдері) элементтері арқылы формада файлдық жүйе объектілерін орнатып, олармен жұмыс істеуге болады. Мысалы, файлдар арасында графикалық файлдар бар болса, олардың бірінің кескінін формаға кірістіріп қою мүмкін. Бірақ бұл біраз еңбекті қажет ететін жұмыс.
Файлдық жүйе объектілерін орнату әдісі:
1. Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.
2. Tools - Options (Аспаптар-Таңдау мүмкіндігі) командасын беру. "Options" терезесі ашылады.
3. Терезенің Editor қондырмасын ашып, Require Variable Declaration (Қажетті айнымалыларды жариялау) қатарындағы жалауша орнатулы болса, оны алып тастау және ОК түймесін шерту.
4. Элементтер панелінің DriveListBox (Дискіжетектер тізімі) түймесі арқылы форманың сол жақ жоғарғы бұрышына объект орнату (Drive1). Оның ішіне ағымдық диск (С:) орнатылып қойылған.
5. Элементтер панелінің DirListBox (Каталогтар тізімі) түймесін пайдаланып, формаға енгізілген бірінші объектінің төменгі жағына келесі объект орнату (Dir1). Онда VB бумасы таңдалып қойылған. Ішінде біршама бумалар көрінгенше объектіні төмен созу.
Орнатылған объектілер арқылы дискіжетек пен бумаларды іске қосу мүмкін емес. Ол үшін мынадай іс-әрекеттердің орындалуы тиіс:
6. Элементтер панелінің FileListBox (файлдар тізімі) түймесі арқылы формаға енгізілген екінші, Dir1 объектісінің төменгі жағына үшінші объект орнатып (File1), бірнеше файл атаулары көрінгенше оны да төмен қарай созу.
Соңғы объект файлдық жүйенің қажетті файлын таңдауға мүмкіндік береді. Оны пайдаланып, формада .bmp не басқа типті кескін орнату әдісі:
Элементтер панелінің Image түймесін шертіп, форманың оң жағына үлкен өріс орнату (Image1).
File1 және Image1 объектілерінің қасиеттерінін орнату:
Объект |
Қасиет
|
Меншіктелетін мән
|
File1
|
Pattern (үлгі)
|
*.bmp; *.wmf; *.ico
|
Image1
|
Stretch (созу)
|
True
|
|
BorderStyle (жиектеу)
|
1-Fixed Single (даралық түрде орнату)
|
Мұндағы Pattern қасиетінің мәні үшін графикалық файл атауларының типтері (кеңейтулері) енгізілді: .bmp- шашырама (растралық), .wmf- Windows метафайлдары, .ico- пиктограмма (белгіше) типтері. Олар Visual Basic қосылған бумалардың ішінде бар болса, File1 объектісінің ішінде жазылып қойылады. Ал, жоқ болса, File1 ішіне жазылған файлдар алынып тасталады, яғни объектінің іші бос болып көрінеді. (Ескеретін жәйт: егер мән үшін *.VBP типі меншіктелсе, объектіге тек проект атаулары шығады, т.с.с.).
Drive1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Drive1_Change процедурасының ішіне
Dir1.Path = Drive1.Drive
операторын енгізу. Ол ағымдық етілген дискінің Path (жол) қасиетін жаңартады (change-өзгерту) және формада орнатылған Dir1, Drive1 объектілерін бір-біріне жалғап қосады (конкатенациялайды).
Dir1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Dir1_Change процедурасына
File1.Path = Dir1.Path
командасын енгізу. Команда файлдар тізімін каталогтар тізімімен байланыстырады (таңдалған бума ішіндегі файлдар File1 ішінде көрінеді).
File1 объектісін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген File1_Change процедурасы ішіне екі команда енгізу:
pf = File1.Path & "\" & File1.filename
Image1.Picture = LoadPicture(pf)
Мұның біріншісі - пайдаланушы таңдаған файлдың толық атын рf айнымалысына меншіктеу (Path, filename-File1 объектісінің қасиеттері; &-жалғап қосу белгісі). Келесісі – файлды форманың Image1 өрісіне тиеу командасы. Мұндағы LoadPicture-VB функциясы, Picture- Image объектісінің қасиеті. (Формаға Image орнына Picture объектісін орнатқан да дұрыс).
Программаны сақтап, іске қосу (F5). Пайдаланушы интерфейсі орнатылған форма көрінеді. Онда көрінген объектілердің тік белдеуше белгілерін жоғары-төмен қозғалта беруге болады.
File1 объектісінен қалаған кескіндік файлды таңдау, мысалы, “Lion.wmf”. файлға жазылған кескін Image1 өрісіне кірістіріліп қойылады. (3.10-сурет).
3.10-сурет. Файлдық жүйе объектілері,
олар арқылы орнатылған сурет
Мәтіндік өрістер. Мәтіндік өрістермен жұмыс
Қысқа мәтіндік мәліметтерді енгізудің қарапайым түрі: InputBox, MsgBox терезелерін пайдалану. Мәтінді формаға енгізу де мүмкін. ол үшін алдымен формаға мәтіндік өріс орнатып, курсорды мәтін өрісіне орналастырып алу керек.
Мысал. Форманың мәтіндік өрісіне үш қызметкердің фамилиясы (аты-жөні) мен туған жылы енгізілген жолдарды енгізу керек.
Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.
Элементтер панелінің TextBox түймесі арқылы формаға үлкен төртбұрышты өріс орнату (Text1).
Text1 объектісінің қасиеттеріне мәндер меншіктеу (оның Caption қасиеті жоқ):
Қасиет
|
Мән
|
Name
|
txtMatin
|
Multilane (көп жол)
|
True
|
Scrollbars (айналдыру белдеушесі)
|
2-Vertical (тік)
|
Tabstop (табуляциялау)
|
False
|
Font
|
TimesKaz, 10 не 12
|
Locked (құлып)
|
False
|
TabIndex
|
0
|
Text
|
Бос ету
|
Мұндағы:
Multiline — бірнеше жолдардан тұратын мәтінді енгізуге мүмкіндік беру;
ScrollBars - мәтіндік объектіге тік белдеуше орнату;
Name - мәтін атауы. Үндемеген кезде атауға txt префиксі қосылып қойылады.
TabIndex - мәтіндік өрісті іріктеу. (Алғашкы рет 1- өрістің. бұл қасиетіне автоматты түрде 0 саны меншіктеледі. Егер келесі мәтіндік өріс орнатылса, оған меншіктелетін мән -1, т.с.с.).
Іске қосу командасын беру. Курсор орналасқан форма көрінеді. Тізімді әдеттегідей мәтін сияқты тере беру (3.11 -сурет).
Проектіні сақтап, іске қосу.
3.11-сурет. Мәтіндік өріске енгізілген жазулар үзіндісі
Мәтіндік өріске берілгендерді енгізу үшін өрісті клавиатурамен байланыстыру керек. Ол үшін программаға енгізілетін әдіс: SetFocus. Оның жазылу синтаксисі: <Мәтіндік өріс атауы>. SetFocus. Мысалы, орнатылған TxtMatin өрісін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне мынадай процедураны енгізу:
Private Sub txtText1_Change()
txtMatin.SetFocus
..................
End Sub
Мәтіндік өріске кез келген мәтінді программа арқылы енгізуге болады. Мысалы, оны Text1 өрісіне енгізу жолы:
жаңа форманы ашу.
формада Text1 және Command1 объектілерін орнатып, сәйкес қасиеттеріне мәндер меншіктеу.
Command1 түймесін екі рет шертіп, код терезесінде көрінген Command1_Click процедурасына мынадай команда енгізу:
Private Sub Command1_Click ()
Text1.Text = Text1.Text + “<мәтін>”
End Sub
- Іске қосу командасын беру. Форма көрінеді. Оның Command1 түймесін шерту. Программаға енгізілген мәтін сәйкес өрісте көрінеді (команданы Text1.Text= "<мәтін>" тұрінде беруге болады. Ол Text1.Text= Text1.Text + "<мәтін>" түрінде берілсе, міндетті түрде алдымен өрістің Text қасиетін бос ету керек).
Мысал. Caption қасиеттерінің мәні үшін сәйкес 1, 2, 3, 4 сандары енгізілген CommandK түймелерін пайдаланып, мәтіндік өріске осы сандардың кез келген екеуінің қосындысын не айырымын шығару керек (k=l, 2, 3, 4).
1. Экранға жаңа форма шығарып, оны барынша кеңейту. Форманың жоғарғы қатарына Text1, одан соңғы қатарларға CommandK (k=l, 2, ..., 9) объектілерін орнату.
Объект қасиеттеріне мән меншіктеу:
Объект
|
Қасиет
|
Мән
|
Text1
|
Text
|
Бос өріс
|
TabIndex
|
0
|
Command1
|
Caption
|
1
|
Command2
|
Caption
|
2
|
Command3
|
Caption
|
3
|
Command4
|
Caption
|
4
|
Command5
|
Caption
|
+
|
Command6
|
Caption
|
-
|
Command7
|
Caption
|
Cls
|
Command8
|
Caption
|
=
|
Command9
|
Caption
|
End
|
Код терезесінде программа құру:
Dim c, s1, simv
Private Sub Command1_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "1"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command2_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "2"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command3_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "3"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command4_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "4"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command5_Click()
s1 = Val(c): Text1.Text = ""
simv = "+"
End Sub
Private Sub Command6_Click()
s1 = Val(c): Text1.Text = ""
simv = "-"
End Sub
Private Sub Command7_Click()
Text1.Text = ""
End Sub
Private Sub Command8_Click()
Select Case simv
Case "+"
Text1.Text = s1 + Val(c)
Case "-"
Text1.Text = s1 - Val(c)
End Select
End Sub
4. Проектіні сақтап, іске қосу. Форма көрінеді (3.12-сурет). Объект түймелерін калькулятор түймелері сияқты пайдалана берсе болғаны. Мысалы, 3 және 4 сандарының қосындысын табу үшін ретімен 3 + 4 = түймелерін шерту жеткілікті.
3.12-суретте көрсетілген форманы қарапайым калькулятор ретінде пайдалануға болатын пайдаланушының сұхбаттық терезесін құру мысалы ретінде қарастыруға болады.
Калькулятор
3.12-суретте форма әдеттегідей калькулятор ретінде дайындалды. Форманы калькулятор сұхбаттық терезесі ретінде дайындаудың басқа әдістері де бар. Олардың бірі – элементтер панелінің Рамка (Frame), Ауыстырып қосқыш (OptionButton) түймелері арқылы формада жаңа объект орнатып, калькулятор құруға арналған басқа процедура құру. Мысалы, кез келген нақты екі санмен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын орындайтын калькуляторды (3.13-сурет) мынадай тәсіл бойынша дайындау да мүмкін:
1. Жаңа форма ашу.
2. Формада Text1, Text2, Text3, Label1, Label2, Label3, Frame1, Option1, Option2, ОрtiоnЗ, Option4, Label4, Label5, Label6, Label7, Command1, Command2 объектілерін орнату.
3.Объектілер қасиеттерін орнату:
Объект
|
Қасиет
|
Орнатылатын мән
|
Text1
|
Text
|
Бос ету
|
Text2
|
Text
|
Бос ету
|
Text3
|
Text
|
Бос ету
|
Label1
|
Caption
|
1 -айнымалы
|
Label2
|
Caption
|
2 -айнымалы
|
Label3
|
Caption
|
Нәтиже
|
Label4
|
Caption
|
Қосу (+)
|
Label5
|
Caption
|
Азайту (- )
|
Label6
|
Caption
|
Көбейту ( * )
|
Label7
|
Caption
|
Бөлу ( / )
|
Command1
|
Caption
|
Іске қосу
|
Command2
|
Caption
|
End
|
4. Код терезесін ашып, процедуралар енгізу:
Private Sub Command1_Click()
Dim bir, eki
bir = Val(Text1.Text)
eki = Val(Text2.Text)
If Option1.Value = True Then
Text3.Text = bir + eki
End If
If Option2.Value = True Then
Text3.Text = bir - eki
End If
If Option3.Value = True Then
Text3.Text = bir * eki
End If
If Option4.Value = True Then
Text3.Text = bir / eki
End If
End Sub
Private Sub Command2_Click()
End
End Sub
5. Іске қосу командасын беру (F5). Калькулятор іске қосылады. Онда 1- және 2-айнымалы өрістеріне сәйкес нақты сандар мәндерін енгізіп, амал орындау тұсындағы ауыстырып қосқышты орнату керек. Одан әрі Іске қосу түймесін шертсе болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: |