Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады



жүктеу 36,93 Kb.
бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#36680
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
00023952-0070c69c

Негізгі бөлім

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қауымдастыққа енуі, нарықтық қатынастардың дамуы біздің еліміздің барлық сфераларында түбегейлі өзгерістерге әкелді. Қызметтің жаңа салалары пайда болады, жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істеуге қабілетті басқару қызметкерлерін дайындау қажеттілігі туып отыр. Мұнда кәсіби басқарушы ретінде негізгі тұтқа менеджер және менеджмент болып табылады.

Қазақстанның инновациялық экономикасының қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқару  және нарықтық құрылымдар жүйесіндегі сияқты  білім беру мекемелерінде де ұйымдастырушылық, басқарушылық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың мазмұны толығымен өзгереді. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы  1 ақпанындағы №922 «2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспар жөніндегі» Нұсқауы және  Қазақстан Республикасының 2010 жылғы  19 наурызындағы №957 «Мемлекеттік бағдарламалардың тізімін бекіту жөніндегі» Нұсқауы негізінде 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды және 2010 жылы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің №1118 Нұсқауымен бекітілді. Мұнда білім беру жағдайына талдау жасай отырып, білім берудегі менеджменттің әлсіз жақтары көрсетілген. Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламада негізгі бағыттар көрсетілген, бағдарламаның қойылған мақсаттарына жетудің жолдары және сәйкес шараларының бірі жұмыстың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі білім беру менеджменті болып табылады.

Әсіресе, «білім берудің мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыру», «корпоративті басқару принциптерін игеру» қаралды. Білім беруді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне қоғамдастықтың қатысу попечителдік кеңестердің құрылуы негізінде іске асады. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің мамандарды дайындау бойынша салалық және аймақтық кеңестері құрылады. Әр түрлі елдерде негізінен менеджерлерді дайындау, оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша соңғы онжылдықта ұқсастықтар көп. Менеджмент мамандық ретінде,  білімнің саласы ретінде интернационалды деуге болады.

Білім беру үрдісінің менеджері – бұл адамға біліммен қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Білім – бұл үлкен әлем, әсер етуші күш. Бұл менеджер үшін тағы бір жағынан бизнес: жеке меншік мектептер және коммерциялық жоғары оқу орындары, министрлік қызмет және халықаралық әріптестермен ықпалдастық, біліктілікті көтеру.

Нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген білім беру мекемесінің қызметінің тиімділігі көбінесе менеджменттің қазіргі әдіс-тәсілдері және принциптері пайдаланумен байланысты.

Басқару қызметі өзінің мазмұны және сипаты бойынша  қоғам өмірінде интеллектуалды реттеуші рөл атқарады.

Адамзаттың ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің мүмкіндігінше меңгеруі басқару қызметінің мәнінің және күрделілігінің  үздіксіз өсуімен байланысты. Басқарудың мәні алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін обьективті және субьективті жағдайларды қамтамасыз ету. Сондықтан жақсы басқарушы адамдардың үстінен бұйырмайды, керісінше олардың еңбек қызметі үшін қолайлы, тиімді жағдай жасайды.

Басқару – бұл кез-келген мекеменің тиімді қызмет етуіне байланысты дұрыс бөлінген билік. Қызметтік өкілеттіліктерге қарамастан (билікті бөлу) басқару тәртібінің жалпы принциптері бар: құзырлылық;  адамгершілік; инновациялық; прагматизм және басқару стилі де енеді, ол автократиялық, бюрократиялық, демократиялық болуы мүмкін.

*      Менеджердің адами құзіреттілігі - оның басқару қызметіндегі антропологиялық білімді пайдалануға  теориялық – қолданбалылық дайындығымен анықталады.

*      Қазіргі білім беру доктриналарының, стратегиялардың, жүйелердің және технологиялардың әр түрлілігіне қарамастан, білім беру менеджерлерді дайындайтын әмбебап идеяларды кездестіру қиын.

Білім берудің  басты құндылығы өмір бойы әрбір адамның  білім алуға, өзін дамытуға бағытталған, шығармашылық қуаттылығын іске асыру қабілетін сыртқа шығару мүмкіндігін және қажеттілігін адамда дамыту болып табылады.

Білім беру менеджері біздің түсінігімізде – бұл жеке тұлға ретінде өзін –өзі үздіксіз дамытушы, кәсіби басқарушылық-педагогикалық қызметті шығармашылық жағынан іске асыруға қабілетті маман.

Қазір  білім беру қызметін ұйымдастыруға қабілетті, «өнімді дайындайтын»  және «өнімді» нарыққа шығара алатын қабілетті адамдар қажет. Мұндай адамдар менеджерлер екені белгілі. Нарықтық қатынастарда оның қызметіне іс жүзінде бәрі қатысты.

Менеджер таңдау мәселесі үлкен маңызға ие. Білім беру саласында менеджерлерді кәсіби дайындау үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі басқарудың жағдайына менеджмент теориясы көзқарасынан талдау жасау.

Білім жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін менеджменттің қажеттілігін негіздеу.

Білім саласындағы өз ісінің маманы ретінде менеджердің моделін құру.

Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің мазмұнын ұсыну.

Менеджерді кәсіби дайындау үрдісінің технологиясын сипаттап жазу.

Егер білім саласындағы менеджердің кәсіби дайындығы білім беру жүйесінің мамандарды кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады десек, білім беру жүйесінің болашақ кәсіби басқару деңгейі неғұрлым көтеріледі және сонымен қатар қосымша кәсіби білім жүзеге асады. Осыған байланысты біздің қазіргі қоғамда ұлттық іскер мәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып, менеджер-өз ісінің маманы моделін және менеджерлерді кәсіби дайындау жүйесінің принципиалды негіздерін жасау қажет. Бұл әр түрлі деңгейдегі менеджерлерді және басқа да қызметтегі –әлеуметтік салада, денсаулық сақтау, өндірістік қызметтегі менеджерлерді дайындау үшін тәжірибелік құндылыққа ие болады.

Оған қажетті құралдар:

- ХХІ  ғасырдың ғаламдық әлеуметтік және білім беру мәселелерін шешу қажеттілігін есепке ала отырып, білім беру  менеджерінің моделін дайындау;

- білім беру менеджерін кәсіби дайындауда қолданылатын білім беру технологиясын және оның дайындығының мазмұны;

-   білім беру  менеджерлерін дайындау үшін ғылыми –әдістемелік құрал.

Менеджер жоғары шеберлік деңгейіндегі адамдарды ұйымдастырушы– бұл мамандық, базалық кәсіби білімді, ерекше дайындықты қажет етеді. Бүгін, педагогика, психология, әр түрлі әдістер саласында білім беру саласындағы менеджер толығымен басқару қызметін меңгере алу керек, нақты айтқанда басқару қызметіне кәсіби дайын болуы керек.

Білім берудің инновациялық дамуы жағдайында,басқарушылық – педагогикалық дайындық  дайындық мәселесі білім беру тәжірибесіне басқару механизмдерін енгізу қажеттілігі ерекше өзекті болып отыр. Бүгін әлемдегі кез-келген елде МВА (Master of Business Administration) дәрежесін алу мүмкіндігі бар.

Мектеп қызметін басқару мектеп басшының мәдениетіне, оның технологиялары мен құндылықтарды құру, меңгеру және алға жылжыту қабілеттеріне тікелей қатысты.

Басқару мәдениетінің компоненттері – технологиялық және тұлғалық – шығармашылық.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқару әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепшілік басқару технологисы басшы – менеджердің шеберлігіне байланысты.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешу әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне байланысты және олар мынадай үдерістер барысында байқалады:

-  Оқу үдерісінің, оқу жылының жүйелі бөлігі ретінде тәрбиелеу шараларының;

-  Оның тиімділігін анықтайтын жинақталған факторларды табу;

- Оқу жылында жоспарланған негізгі бағыттардың мазмұны мен түрлерін нақтылау, әдебиеттердің мақсаттылығы және негізділігі;

-  Оқу жылының ішінде жүргізілген жұмыстардың, сабақтардың, тәрбиелік іс – шаралардың нәтижелерін талдау;

-  Ұйымдастыру барысындағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін нақтылау;

-  Жаңа оқу жылында атқарылған кешенді жұмыстарды жетілдіру және қорытындылау.

Мектептің педагогикалық кеңесі, мектеп директорының, директордың орынбасары жанындағы жиналыс, әдістемелік семинар, клубтар, оқушылар комитетінің мәжілісі мектеп қызметін ұйымдастырудың басты формалары болып табылады.

Педагогикалық кеңес – бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлар кеңесі, оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешеді, оны жетілдіру жолдарын анықтайды.

Міндеттері:

ü    Мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келетін оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және іріктеу және формалары мен әдістерін енгізу, оларды жүзеге асыру тәсілдерін анықтау;

ü    Болашақ жылдық, ағымдық жоспарларды, білім сапасын жүзеге асыру жұмыстары;

ü    Мұғалімдердің, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

ü    Педагог қызметкерлерді аттестаттау, аттестаттау технологиясын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, санат тағайындау, атақ, разряд беру бойынша білім басқармасы органдарына өтініш жіберу;

ü   Тағлымдамаға, біліктілік арттыру курстарына жіберілетін мұғалімдердің кандидатурасын қарастыру және бекіту;

ü   Мектептің ғылыми – зерттеу, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен және оқу орындарымен, шығармашылық бірлестіктермен әрекеттестігінің негізгі бағыттарын анықтау, тәжірибелі – сараптамалық жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрлымында әдістемелік қызметтер, орталықтар құру.

Педагогикалық кеңестің жүктемесін қандай да бір деңгейде азайту үшін мектептерде директор жанындағы жиналыс секілді ұйымдастырушылық форма қолданылады, ол оқытушылар, басшылық үшін міндетті болып табылады, бірақ оған басқада педагог қызметкерлер шақыртылуы мүмкін.

Талқыланатын мәселелер ерекшелігі тікелей ұйымдастыруға байланысты. Бұл оқу үлгеріміне, жүріс – тұрыс қағидаларын сақтау, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелері. Директор жанындағы жиналыста және мұғалімдердің жұмыстары, олардың білім беру стандарттарын орындауы, оқыушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту жөніндегі мұғалімдердің жұмыс жүйесі және т.б. қарастырылады. Осындай жиналыстар өткізу мерзімділігін мектеп директоры белгілейді.

Мектеп директоры жанындағы жиналыста олардың басшылық құзыреттілігіне қатысты ағымдағы мәселелер қарастырылады. Осындай жиналыстар өткізу уақыты мектеп жұмысының тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді.

Балалардың мектепті басқару жұмысына қатысуының тиімді формасы олардың сайлау органының – оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеу болып табылады, ол мектеп өмірінің демократиялық бастамаларын дамытудың алғы шарттардың, балалардың бастамашылдығы мен жауапкершілігін қалыптастырады, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жылдамдылығын арттыру.

Басқару қызметін ұйымдастыру формалары өзара қызығушылық тудыру барысында өз мақсатына жетті, бұл ретте атқарылатын жұмыстың қажеттілігі мен педагогикалық үдерістің барлық қатысушылары үшін оның мәні түсіндірілді.

Заманауи білім беру менеджменті - Қазақстан Республикасының 2011-2012 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдығы білім беру саласын дамытуды басқару, мониторинг жүргізуді жетілдіру болып табылады.

Білім берудегі сапа менеджменті жүйесінің принципі – мониторинг нәтижелерін ескере отырып, білім беру үдерісін үнемі жетілдіру.

Білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған жоспарлар жүйесі енгізілді, ол басшылар мен педагогтерден басқару мен біліктілікті арттырудың жаңа машықтарын талап етеді.

Нәтижеге бағытталған жаңа үлгіге көшу стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дұрыс таңдау үшін әрбір басшы стратегиялық менеджмент құралын қолдануы тиіс: талдау, баламаларын талдау, персоналды басқару.


жүктеу 36,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау