52
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
2) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес дауларды қарау кезінде, Ұлы Отан соғысына қатысушылар
және оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, І және ІІ топтағы
мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылмайтын талапкерлер мен жауапкерлер
үшін (ҚР ҚІЖК 114-бабы 1-тармақшасы, ҚР АҚтЗ 6-бабының 1-тармағының 1-2-тармақшалары).
Бұл тізім айтарлықтай толық емес деген пікірдеміз, өйткені Қазақ КСР-інің кеңестік АІЖК-нен «мұра» болып
қалған аталған АІЖК нормаларында Қазақстанның өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап
нарықтық экономикаға өтуімен байланысты өмір шындығы және қазіргі уақытқа дейін экономика, меншік
қатынастары, өндіріс, сауда айналымы, банк және сақтандыру қызметі саласында, сондай-ақ кәсіпкерлік
және шаруашылық қызметтің басқа салаларында болып жатқан елеулі өзгерістер ескерілмейді, ал бұл
кең ауқымды заңгерлік ой өрісі, заңнама мен құқық қолдану практикасы бойынша терең білім болуын
қажет етеді. Осы себептен азаматтық сот ісін жүргізуде білікті өкіліңіз болмаса, жағдай өте қиын. Ерекше
қиындық даудың екінші тарапы мемлекет немесе заңды тұлға болатын істер бойынша (мысалы, есептел-
ген зейнетақының мөлшеріне шағымдану, әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы беруден бас тарты-
луы туралы істер бойынша, мемлекеттік тұрғын үй-жай беру мәселелері, сондай-ақ басқа істер бойынша)
туындайды, өйткені мұндай жағдайда кез келген азамат заң тұрғысынан өзінің процестегі қарсыласынан
көпе-көрінеу әлсіз болады. Дегенмен өкілге қаламақы төлеу үшін қажеті қаражаты болмағандықтан,
заңгердің көмегіне жүгінуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, менің пікірімше, ҚР АІЖК
114-бабында көрсетілген тізім істің бір тарапы өзінің органдары мен лауазым иелері немесе өзге заңды
тұлғалары арқылы қатысатын мемлекет болып табылатын дауларды кіргізу жолымен кеңейтілуге тиіс.
Азаматтық сот ісін жүргізуде өкілдік етудің тағы бір ерекшелігі, өкілдік етуді адвокаттармен қатар өзге
тұлғалар да жүзеге асыра алады (ҚР АІЖК 59-бабының 2–7-тармақтары). Осыған байланысты атап өтетіні,
заң шығарушылар осындай тұлғаларға өкілдік етумен байланысты шығындарын төлеудің және орнын
толтырудың тәртібін көздемейді, ал адвокаттарға қатысты бұл мәселе реттемеленбеген (ҚР АІЖК 111-
бабы).
Азаматтық сот ісін жүргізудің қылмыстық сот ісін жүргізуден тағы бір ерекшелігі, тегін көмек алғысы келетін
тұлға өзінің өтінішін негіздеуге тиіс: өзін заңгерлік ақы көмекке төлеуден және өкілдік етумен байланысты
шығындардың орнын толтырудан босату туралы азаматтың өтініміне оның осындай жәрдемді тегін алуы-
на құқығын растайтын құжаттар және басқа да дәлелдемелер қоса берілуге тиіс. Өтінімді қарау нәтижесі
бойынша судья немесе сот азаматты заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік етумен байланысты
шығындардың орнын толтырудан толық немесе ішінара босату туралы, немесе өтінімді қанағаттандырудан
бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Азаматты заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден және өкілдік
етумен байланысты шығындардың орнын толтырудан толық немесе ішінара босату туралы соттың
ұйғарымы дереу адвокаттар алқасына жіберілуге тиіс, ал ол сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа
қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Осындай жағдайларда адвокаттар көрсеткен заңгерлік көмекке ақы
төлеу тиісті сот шешімінің негізінде бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тегін көмек сондай-ақ алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, ақтау, босқын немесе
оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасау
қажет болған жағдайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға берілуі мүмкін.
III Тарау
53
Жәрдемнің бұл түрін көрсету де адвокаттарға жүктеледі (ҚР АҚтЗ 6-бабының 1-тармағының 3-тармақшасы).
Бұл жағдайда заңгерлік көмек тікелей адвокатқа жүгінгеннен кейін беріледі. Арызданушының тікелей
жүгінуінен кейін заңгерлік көмек беру мүмкін болмаған жағдайда, оған қабылдаудың уақыты туралы
хабарлануға тиіс, ол жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мұндай жағдайларда заңгерлік
көмек берудің ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді тиісті
адвокаттық ұйымның басшылығы ұзартуы мүмкін. Бір мәселе бойынша адам тек қана бір рет құқықтық
жәрдем ала алады. Бұл жағдайда заңгерлік көмекке ақы төлеу адвокаттың атқарған жұмысы туралы
актінің және ол мүшесі болып табылатын тиісті адвокаттар алқасының тапсырысы негізінде бюджеттік
қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Дегенмен басқа мемлекеттік және өзге органдарға жүгіну кезінде азаматтарда туындауы мүмкін барлық
басқа құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік көмек беру (мысалы, құқықтары және оларды іске
асыру тәсілдері туралы хабардар ету, кеңестеме беру, сотқа жүгінумен байланысты емес мәселелер
бойынша кеңестер түрінде және т.б.) заңнама жүзінде қарастырылмаған.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 Қаулысымен бекітілген Адвокаттар көрсететін заңгерлік
көмекке ақы төлеу және қорғаумен және өкілдік етумен байланысты шығындарды республикалық
бюджеттік қаражат есебінен өтеудің ережелерімен реттемеленген, тағайындалатын адвокаттардың
еңбегіне ақы төлеудің мөлшері мен тәртібі туралы мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді
27
.
Заңгерлік көмекке ақы төлеу бойынша шығынды республикалық бюджеттің қаражаты есебіне жатқызудың
негізі қылмыстық процесті жүргізіп отырған органның, судьяның, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулысы және іс жүргізіп отырған азаматтық
істер бойынша соттың (бұдан әрі – тиісті орган) ұйғарымы болып табылады (заңгерлік көмекке ақы
төлеудің тарифтері туралы 1 тіркемені қараңыз).
Осылайша, тағайындау бойынша қорғауға және заңгерлік көмек көрсету бойынша өкілдік етуге кеткен
шығындарды мемлекеттік бюджеттен өтеу
post factum – адвокат тапсырманы орындағаннан кейін іс
бойынша өндіріс жүргізуші орган заңгерлік көмекке ақы төлеу, сондай-ақ қорғаумен және өкілдік етумен
байланысты шығындарды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеу туралы қаулы (ұйғарым)
шығарғаннан кейін жүзеге асырылады
28
. Заңгерлік көмек көрсету жөніндегі шығындарды төлеудің
және өтеудің сомасы, адвокаттар келісім бойынша қатысатын істер бойынша төленетін қаламақының
мөлшерімен салыстырғанда мардымсыз, осының салдарынан мұндай істер бойынша адвокаттардың
беретін заңгерлік көмегінің сапасы көбінесе пәрменсіз болғандықтан, арызданушының көңілінен
шықпайды.
Осы айтылғандардан шығатыны, адвокаттарды тағайындаудың тәртібі, олар көрсететін қаржылан-
дырылатын заңгерлік көмектің сапасын қамтамасыз ету және бақылау, олардың еңбегіне ақы төлеу, тегін
заңгерлік жәрдем берудің өзге де құрамдастары заңнамада көзделмеген.
27
ҚРПжҮАЖ. 1999. № 42. 384-бап; 2001. № 48. 571-572-баптар. 2005. № 36. 503-бап.
28
Алдын ала тергеу кезеңінде – тапсырманы орындағаннан кейін, ал тапсырманы орындау бір айдан астам уақытқа созылатын жағдайда – ай сай-
ын; сотта – қылмыстық істер бойынша және сонымен бір уақытта үкім шығарылады немесе істі қосымша тергеуге жіберу немесе істі қысқарту
туралы іс жүргізушілік шешім қабылданады. Сот талқылауы бір айдан көп уақытқа жалғасқан жағдайда соттың қаулысы ай сайын шығарылады;
азаматтық және әкімшілік істер бойынша – бір уақытта шешім (қаулы) шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |